1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы



бет1/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)


1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ХХІ ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы.

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.

Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.

Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді.

21 қаңтар күні елордада Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" мақаласы жарық көрді. Оқырман назарына мақаладағы ең өзекті 10 ойды ұсынып отырмыз.

1. "ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Ол үшін, ең алдымен, білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек. Сол мақсатта ауқымды жұмыстар атқарылғанымен, отандық білім беру ісінде әлі де олқы тұстар бар. Оны жетілдіру жолдарын сайлау алдындағы бағдарламамда және өткен жылғы тамыз конференциясында нақты атап көрсеттім. "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бастамалардың бірі". Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ, Абайдың тіл үйрену туралы тұжырымдарына да ерекше тоқталған:

Қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге де басымдық беру қажет. Жастарымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз".



2. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады

"Қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді. Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы".



3. "Егемен ел ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін мемлекеттілігімізді нығайтуымыз керек"

Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" атты тұжырымдамасы дәл әділетті қоғам идеясын дамыту мақсатымен ұсынылған: "Билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог мемлекетке деген сенімді нығайта түседі. Үкімет мүшелері, соның ішінде министрлер мен әкімдер мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты шешім қабылдаған кезде азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін ескеруі керек". Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазуынша, бұл – Абай меңзеген әділетті қоғам қалыптастырудың бірден-бір шарты.



4. Абайдың "толық адам" тұжырымын қайта зерделеу керек

Мемлекет басшысы өз мақаласында Абайдың "Толық адам" формуласына кеңінен тоқталды. Бұл ұғымағылшын тіліндегі "A man of integrity" түсінігіне сай келеді, яғни, тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама.

"Біз Абайдың "толық адам" тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. "Толық адам" концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін".

5. Абай – еңбекқорлықтың мотиваторы

"Абай шығармашылығына арқау болған тақырыптың бірі – масылдықпен күрес. Ақын үнемі уайымсыз салғырттыққа, ойын-күлкіге салынбай, сергек болуға үндейді. Оны ұдайы еңбек арқылы шыңдап отыруды құп көреді. Қазір біз көп айтып жүрген эмоционалды интеллектіге де сол тұста назар аударды. Мақтан мен масылдық психологиядан арылып, қайраттанып еңбек етуді, талаптанып білім іздеуді насихаттаған" деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақалада мемлекет басшысы Абайды "өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мотиваторы" деп сипаттайды: "Ұлы ойшыл шығармаларында кәсіптен нәсіп тапқандарды, шаруақорлыққа үйрену дағдыларын үлгі етеді. Ол тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек етудің жаңа тәсілдерін меңгеруге шақырады".

6. "Әлем біздің рухани және мәдени құндылықтарымызбен жете таныс емес"

Президент мақаласында қазақтың рухани және мәдени әлемін әлемге Абай арқылы таныту туралы өзекті мәселе көтерілген. "Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады". Тиісінше, ол арқылы қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін танытуға болады.

"Мен көп жылғы дипломатиялық қызметімде басқа елдердің саясаткерлерімен, түрлі сала мамандарымен жиі кездестім. Шетелдіктермен адамзатқа ортақ көптеген түйткілді мәселелер туралы пікір алмасып, ой бөлістім. Жалпы, олар Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктері жөнінде жақсы біледі. Ал, рухани және мәдени құндылықтарымызбен жете таныс емес. Осы орайда "Неге қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін Абай арқылы танытпаймыз?", – деген сұрақ туындайды".

7."Әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы тұруы керек"

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық сананы жаңғырту және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін Абайдың шығармаларын мұқият оқу керектігіне тоқталды. Өйткені, Абайдың қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Сондықтан да Қазақстан халқы Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіс. Мемлекет басшысы "әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғым қалыптасқаны сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы тұруы керек деп санайды:

"Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет".

500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылатынын жазды. Өз мақаласында ол шаралардың ең негізгілеріне тоқталды:

  1. Тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлескен "Абай мұрасы және әлемдік руханият" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы;

  2. Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында "Абай және рухани жаңғыру мәселелері" деген тақырыпта халықаралық конференциясы;

  3. Абай шығармалары он тілге – ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне тәржімаланады;

  4. Ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы бірнеше деректі фильм және "Абай" телесериалы түсіріледі;

  5. Республикалық және халықаралық деңгейде театр және музыка фестивальдері өтеді;

  6. 2020 жылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады;

  7. Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталады;

  8. Ресейдегі, Франциядағы, Ұлыбританиядағы және басқа да мемлекеттердегі Қазақстанның елшіліктері жанынан "Абай орталықтары" құрылады;

  9. Шығыс Қазақстан облысының Ақшоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскенбайұлы әулетінің қорымы абаттандырылады;

  10. Семей қаласы тарихи орталық ретінде белгіленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытылады және ондағы тарихи-мәдени нысандар жаңа талапқа сай жаңғыртылады;

  11. Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебай абаттандырып, ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасалады;

  12. Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналады;

  13. Жидебайда "Абай мұрасы" атты жаңа ғимарат салынады;

  14. "Абай" журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

  15. Абай арманы – халық арманы

"Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді".


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет