1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


«Киелі Қазақстан»-өткен уақыт құндылығы. Қазақстанның киелі жерлерінің ролі мен маңыздылығы



бет5/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

4.«Киелі Қазақстан»-өткен уақыт құндылығы. Қазақстанның киелі жерлерінің ролі мен маңыздылығы.

Қазақтанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын құруға бастама жасады. Осы орайда ҚР Ұлттық музейінің «Киелі Қазақстан» орталығы Қазақстанның 100 жалпыұлттық киелі нысандарының тізімін анықтады.

Бұл қазақ халқының жадында өшпес құндылық болатын және ұлттық бірлік пен өркендеу нышаны ретінде танылатын ерекше қастерлі табиғи және мәдени мұра ескерткіштері.

Киелі ескерткіштер ретінде «қасиетті» таулар, үңгірлер, өзендер, шатқалдар, ежелгі қалашықтар, ерекше табиғи құбылыс орындары, рулық ғибадатханалар, қорғандар мен жерлеу орындары, діни ғибадат нысандары, тарихи шайқас және ерлік ордалары, ұлы адамдар мен әулиелердің өмір сүрген жерлері, кесенелер, ғибадатханалар және өзге де табиғи мәдени, тарихи мұра ескерткіштері бар табиғи-ландшафтық нысандар жатады.

Қазақ халқының ерекше бір қасиетті кез келген дүниенің өзінің ұлттық таным-түсінігіне сәйкестендіріп, сіңіріп отырған. Сондықтан да болар, ұлттық таныммен астасқан киелі орындар ғасырлық ескеркіштер болып әлі жасап келеді. Халық танымындағы тарихтың қайта түлетіп, ұлттың қорғанын қатайтуда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының мәні тереңде. Қазір де осы жоба аясында 400-ден аса киелі жерлер анықталған екен. Ендігі кезекті осы киелі орындарға арнайы ғылыми сараптама жасалып, халық танымындағы оның орны мен маңызы, мәні көрсетілмек. Және де әр киелі жер турасында деректі фильмдер түсіріліп, ел ішіне насиахты көбеймек. Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде жалпыұлттық және аймақтық киелі жерлердің тізімі басылған екі кітап мың дана таралыммен шықты. Және де киелі орындарды онлайн көруге мүмкіндік беретін 3D туры бар карта жасалу үстінде. Оның үстіне киелі орындарға туристерді қызықтыру да басты мақсаттың бірі. Сондықтан да бес жылға жоспарланға «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында атқарылар шаруа әлі көп. Есесіне, бұл жоба мемлекет пен ұлт тарихындағы үлкен тарихи-рухани серпіліске жол ашады.

2017 жылы ҚР Ұлттық мұражайында «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми-сараптама кеңесі отырысы өтті. Кездесудің басты мақсаты Қазақстанның 100 киелі нысандарын анықтап, олардың тізімін құру болды. Отырысқа Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркітбай Аяған, профессор Зейнолла Самашев, профессор Өмірзақ Озғанбаев, профессор Жамбыл Артықбаев және басқалары қатысты.

Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев жасалған жұмыстар туралы мәлімдеді.

- Егер «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының шеңберінде жасалған жұмыстар туралы айтатын болсақ, қалаларда жұмыс топтары құрылған. Олардың құрамына өлкетанушы ғалымдар кірді. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығымен киелі жерлерді анықтау үшін арнайы әдістемелік құралдар құрастырылған, соның негізінде аймақтық жұмыс топтарға ұсыныстар жіберілді. Осыған орай іріктелетін киелі жерлер екі топқа бөлінген – макро киелі және микрокиелі. Қасиетті орындар келесі критерийлер бойынша бөлінген: табиғи-ландшафтілі, археологиялық және сәулет ескерткіштері, қасиетті діни қажылық орындар, сондай-ақ тарихи тұлғалармен, саяси оқиғалармен байланысты жерлер, - деп мәлімдеді ол. Орталық жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы атап өткендей, жоба бес жылға шақталған.

- Биылғы жылы халық арасында кең танымал 100 нысанды анықтау бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл тізім екі-үш ай аралығында Ұлттық комиссияның сараптамасынан соң бекітілетін болады, - деп түсіндірді Берік Әбдіғалиұлы.

Шара барысында ұлттық дәрежеде анықталған 100 нысанның тізімі нұсқасының тұсаукесері болды. Бұл тізімге Қарағанды облысында орналасқан киелі жерлер де енгізілді. Ол Ақмешіт тауы (Ұлытау), Баектау ата тауы мен үңғірі, Теректі әулие, Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі, Домбауыл кесенесі, Бұқар Жару кесенесі, Құнанбай қажы мешіті, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент Тарихи-мәдени орталығы, Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы.

Қазақстанның жалпыұлттық киелі нысандарының толық тізімі:

Ерекше тағзым етілетін табиғи мұра ескерткіштері:



  1. Ұлытаудағы Ақмешіт Әулие биігі.

  2. «Хан Тәңірі» шыңы.

  3. Алтайдағы Мұзтау шыңы.

  4. Шарын каньоны.

  5. Қазығұрт тауы.

  6. Жамбақы тауындағы және Абай ауданындағы «Қоңыр әулие» үңгірлері.

  7. «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені,

  8. Бектау ата» тауы және үңгірі.

  9. Жылаған-ата үңгірі

  10. Археологиялық және архитектуралық ескерткіштер

  11. «Бозоқ» ортағасырлық қалашығы.

  12. «Боралдай сақ қорғандары».

  13. «Есік-сақ» қорғаны.

  14. Таңбалы (Тамғалы) археологиялық кешені.

  15. Теректі әулие.

  16. «Беғазы» археологиялық кешені.

  17. Ботай қонысы.

  18. Берел қорымы.

  19. Шілікті қорымы.

  20. Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені.

  21. Қосбатыр - Қумай ескерткіші (шамамен VI-VIII ғғ.)

  22. Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.).

  23. Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары

  24. Қойлық қалашығы.

  25. Жанкент қалашығы (V-ХV ғғ.),

  26. Сығанақ қалашығы (VІ-ХІХ ғғ.),

  27. «Шірік-Рабат» қалашығы,

  28. «Жент» қалашығы,

  29. «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.),

  30. Сарайшық қалашығы (ХІІІ-ХVI ғғ.),

  31. Сауран қалашығы (ХІІІ-ХVІІІ ғғ.),

  32. Отырар қалашығы (І-ХVІІІ ғғ.),

  33. Созақ қалашығы (Х-ХVІІІ ғғ.),

  34. Сайрам (Исфиджаб) қалашығы (XIII-XVII ғғ.),

  35. Ақкөл-Жайылма қалашығы

  36. «Жайық» (Теке) қалашығы

  37. Діни және ғибадат орындары

  38. Қ.А.Яссауи кесене-кешені (Рабия Сұлтан Бегім кесенесі XV ғ.),

  39. Үлкен Қылует ХІІ ғ.,

  40. Күлтөбе (Ясы) қалашығы,

  41. Гауһар ана кесенесі),

  42. Арыстан баб кесенесі (ХII ғ.),

  43. Ибраһим ата кесенесі (XI-XII ғғ.),

  44. Қарашаш ана кесенелері (XI-XII ғғ.),

  45. Қарабура кесенесі,

  46. Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі,

  47. Бәйдібек би кесенесі,

  48. Домалақ ана кесенесі,

  49. Үкаш ата мазары (ІХ-Х ғғ.),

  50. Исмайл-ата сәулет кешені (ХІ-ХІХ ғғ.),

  51. Маңғыстау жеріндегі қорымдар мен жерасты мешіттері (Оғыланды жеріндегі Бекет ата ХVIII ғғ., Шопан ата Х-ХIХ ғғ., Көне Бейнеу және Бекет-ата ХI-ХIХ ғғ., Қараман ата, ХIII-ХIХ ғғ., Масат ата, Х-ХIХ ғғ., Шақпақ ата IХ-Х ғғ., Сұлтан-епе б.д. Х- ХIХ ғғ.).

  52. Сисем ата қорымы (ХIII-ХIХ ғғ.),

  53. Абат-Байтақ кесенесі (ХІV-ХV ғғ.),

  54. Алаша хан кесенесі,

  55. Жошы хан кесенесі,

  56. Домбауыл кесенесі,

  57. «Екідің» (Сарыторғайдағы ерте кезең ескерткіштері),

  58. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары,

  59. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесі,

  60. «Оқшы ата» кесенесі,

  61. «Қорасан Ата» кесенесі мен «Төлегетай-Қылышты ата» кешенді-мазары (ХІ-ХІІ ғғ.),

  62. Тектұрмас кешені (ХІV ғ.),

  63. Қарахан кесенесі (ХІІ ғ.),

  64. Айша бибі кесенесі мен Бабажы Хатун мазары (ХІ-ХІІ ғғ.),

  65. Бегім ана мұнарасы (Х-ХІ ғғ.),

  66. «Қорқыт ата» мемориалды кешені,

  67. Ұшқан ата қорымы,

  68. Ақмешіт қорымы,

  69. «Бұқар жырау» кесенесі,

  70. Ырғызбай Ата кесенесі,

  71. Вознесенск кафедралы шіркеуі,

  72. «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер кешені,

  73. Құнанбай қажы мешіті,

  74. Христос Спаситель шіркеуі (XIXғ.).

  75. Тарихи тұлғаларға қатысты киелі 20 орын

  76. Жиренқопадағы «Қобыланды батыр» мемориалдық кешені,

  77. Есім хан кесенесі (ХVІІ ғ.),

  78. «Абылай хан» алаңы,

  79. «Хан моласы» мемориалдық кешені (XVIII ғ. Әбілқайыр хан),

  80. «Абылай хан резиденциясы» кешені,

  81. «Қабанбай батыр» кесене-қорымы,

  82. «Райымбек батыр» кесенесі,

  83. Тама Есет Көкіұлы кесенесі (ХVІІІ ғ.),

  84. Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені,

  85. Махамбет Өтемісұлының кесенесі, 1916 жылғы көтеріліс басшылары кесенесі (Амангелді Имановтың бейіті; Әбдіғаппар және Кейкі батыр кешені),

  86. А. Байтұрсыновтың Алматыдағы үйі,

  87. Ш.Уәлихановтың Алтынемелдегі мемориалдық кешені,

  88. «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені,

  89. Ы.Алтынсарин кесенесі,

  90. Ж.Жабаев кесенесі,

  91. Ф.М.Достоевскийдің Семейдегі әдеби-мемориалды үйі,

  92. Міржақып Дулатовтың кесенесі,

  93. Тарас Шевченконың мемориалды кешені

  94. Теміртаудағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы

  95. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты орындар

  96. «Таңбалы тас» ескерткіші,

  97. Орбұлақ шайқасы болған жер,

  98. Бұланты шайқасы болған жер,

  99. Аңырақай шайқасы болған жер,

  100. Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументі,

  101. «Бөкей Ордасы» тарихи кешені,

  102. Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументі,

  103. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды кешені,

  104. Республика алаңы (Тәуелсіздік монументі, «Тәуелсіздік таңы»),

  105. Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі,

  106. Семейдегі «Алаш арыстары» үйі,

  107. Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі,

  108. Астанадағы «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі,

  109. «Астана-Бәйтерек» монументі,

  110. «Қазақ елі» монументі және «Мәңгілік Ел» салтанатты аркасы.

Тізім ҚР Ұлттық мұражайының «Киелі Қазақстан» орталығымен ұсынылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет