КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев өзінің 2003 жылы шыққан «Cындарлы он жыл» кітабында Орталық Азияның тарихына қазіргі кезеңдегі маңызына жіті назар аударады. Шоқан Уәлиханов Орталық Азияны зерттеуші ретінде оның геосаяси маңызын сол заманның өзінде болжап кеткен еді. Көптеген зерттеу еңбектерінде мәселенің бұл жағына аз көңіл бөлінді.
Ш.Уәлиханов XIX ғасырдың ортасында Ресей империясы Шығысқа бағытталған үш экспедициясының бірін басқарып, оны өте сәтті нәтижелермен аяқтап шыққан болатын. Сол себепті де Ш.Уәлихановтың қызметі Ресей ғылымы қауымына ғана емес, сол кездегі Британия мен Францияның саяси-ғылымы қауымының назарына түскен болатын. Оның өмір жолы, қызметі дүниеден озуы жайлы мәселелер әлі де жұмбақ, белгісіз жайттарға толы. Сондықтан да зерттеушілердің әрбір жаңа ұрпағы осы тақырыпқа қайта айналып соғатын болады.
Тақырыптың негізгі өзекті мәселесі ол қазақтың тұнғыш ғалымы, шығыстанушысы Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметінің ақтандақтық тұстары, оның ғалым-азамат болып қалыптасуындағы негізгі кезендерінің әлі де болса аз қарастырылған жақтары отандық тарихта маңызды өзектілікке ие. Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде ғалымның өмірі мен шығармашылығын зерттеудегі түрлі субьективті жағдайлардың жойылуы, бұл бағытта мол мүмкіндіктер тудыруда. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі тарихнамада Шоқан тұлғасының бірегей түрде зерттеу аса маңызды тақырып болып табылады. Бүкіл әлемге әйгілі Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері қазіргі күнде де өзінің құнын жойған жоқ, сонымен бірге оның өмірі мен творчествасын көптеген жылдар бойы зерттеліп келеді. Сондай-ақ, Ш.Ш.Уәлихановтың заманы мен қызмет еткен ортасын зерттеу өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Магистрлік зерттеудің негізгі мақсаты – Ш. Уәлихановтың қазақ тарихын зерттеудегі зор мұрасының бүгінгі күндегі маңыздылығын зерттеу.
Зерттеу жұмысысының міндеттері.
- Ағартушы-ғалымның өскен ортасы мен тұлға ретінде қалыптасу жылдары – өмір жолын қарастыру;
- Ш. Уәлиханов жазбаларындағы ұлттық тарихи таным мәселелері және тұлғаның қоғамдық саяси қызметіне сипаттама беру;
- Орыс Географиялық қоғамындағы Шоқан Уалихановтың орнына анықтама беру.
- Шоқан Уәлихановтың ғылыми ортасы, тарихи және этнографиялық еңбектеріне сараптама жүргізу;
- Зерттеуші ретінде Ыстықкөлге, Құлжаға жіне Қашғарға жасаған саяхатын талдау;
- Қазіргі Қазақстан үшін Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасына тарихи баға беру.
Зерттеу жұмысының нысаны: ХІХ ғасырдың ұлы тұлғасы, қазақтың ғалымы – Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін зерттеу жұмысының нысанасы ретінде қойылып отыр.
Зерттеу жұмысының пәні.Қазақстан тарихындағы Ш. Уәлиханов және оның ғылым-тарихи еңбектері.
Тақырыптың зерттелу деңгейі және деректемесі.Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің баспа бетіне шығуын және ғалымның ғылыми қоғамдағы еңбегін паш етуін жатқыза аламыз. Бұл тұста Шоқанның Орыс географиялық қоғамда өзінің құнды ғылыми еңбектерін жоғары мінбеден айтуы және осы қоғамның құрметті ғылыми мүшесі атануы тарихнамада айқын көрсетілген.
Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің құндылығы жайлы сол заманның ғалымдарының бағалауынан және Ш. Уәлихановтың өзінің еңбектерінен көруге болады. Олар:Валиханов Ч.[1], Алпысбес М.А., [2], [3], [5], Жақсыбайұлы Т., [4], Назарбаев Н.Ә., [6], Муканов С., [7], Уәлиханов Ш.,[8], Ядринцев Н.М., [9] және тағы басқалар. Сонымен қатар Әлкей Марғұланның зерттеген еңбектерін атап өтуге болады. Абуев К.К. «Исторический очерк» еңбектеріндегі Ш.Уәлиханов туралы, оның туған жері Сырымбетте болғандығы, оның өмірі мен қызметін жаңаша көзқараспен кейбір кезендерін анықтады.
Қазіргі уақытта ол туралы 1000-нан астам еңбектер бар деп айтуға болады. Ол жайында жазылған әдебиеттер тізіміне арнайы өлеңдер, газет-журналдық мақалалар, пьесалар, кітапшалар, ғылыми монографиялар, ғылыми еңбектер, көркем фильмдер, томнан томға ұласқан шығармалар кіреді. Шоқан еңбектері әрқашан да өзекті және заман өзгерісіне ұшырамайтын асыл ғылыми туынды.
Жұмыста Шоқан Уәлихановтың жай ғана демократ емес, халқының осы өмірін сол заманда армандап көре білген, жүрегі қазақ халқы деп соққан, елінің егемендігі мен тәуелсіздігін орнатып, бейбіт өмірін қорғай және сақтай алатын, жан-тәнімен қызмет ететін, барлық ғылымды игерген ғалымы екендігі айқын көрсетілген. Шоқан Уәлихановтың 30-жылдық қысқа, бірақ ұлағатты өмірі, яғни балалық шағы; Омск қаласында Кадет корпусын бітіріп әскери ғылым жолына түскен кезеңі; поручик Шоқанның әскери қызметі, әскери - ғылыми экспедициялары; туған туыстары мен жолдастары, қызметтестері жайында; Қытайға әскери іссапары; ғылыми еңбектері; ғалым жайлы замандастарының жазған естеліктері және ғылыми бағалары; Ресей мемлекеті мен шет мемлекеттері ғалымдарының Шоқан Уәлихановқа берген атақтары мен марапаттары толық қамтылып зерттеліп көрсетілген.
Зерттеу әдістері.Диссертациялық жұмыс бойынша зерттеу жұмысында екі негізгі әдіс қолданылды. Теориялық және эмпирикалық әдіс болды.
Теориялық әдіс бойынша: идеализация, формализация әдісі, тарихшылардың, сарапшылардың еңбектері қолданылды. Сонымен қатар мұрағаттық құжаттар, нормативтік құжаттар бойынша талдау қарастырылды.
Эмпирикалық әдістер бойынша келесі жұмыстар жасалынды: диссертациялық жұмыста қолданылатын арнайы әдістерге салыстырмалы талдау әдістері, тарихи-типологиялық, проблемалық-хронологиялық, тарихи-жүйелік әдістер жатады. Сонымен қатар сипаттау, синтездеу, тарихи-салыстырмалы, уақытнамалық, сұрыптау (анализдеу), кезеңдеу әдісітері, проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы талдау әдісі, құжаттардың контент-талдауы, сараптамалық бағалау әдісі болып табылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мынада: XIX ғасырдағы өзінің ғылыми еңбектерімен дүр сілкіндірген ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір жолдары, әскери-ғылыми зерттеулері, көзқарастары, қоғамдық және әдеби қызметі және ағартушылық істері. Жұмыстың басты ғылыми жаңалықтары: біріншіден, жарық көрген еңбектердің толық тарихи-тарихнамалық талдаудан өткізілуі. Екіншіден, Шоқан Уәлихановтың ғалым тұрғысынан жүйелі түрде зерттелуі. Үшіншіден, ғалымның қоғамдық көзқарастарының дәлелденуі. Төртіншіден, Шоқанның тұлға ғалым ретінде танылуы. Бесіншіден, зерттеу тақырыбының тарихнамалық әдістемелік желісінде жаңаша көзқарас, шынайы ғылыми пікір қалыптастыруға ұмтылыс жасалынды. Міне, осы айтылғандардың барлығын зерттеу жұмысымыздың жаңалығы деп түсінген абзал.
Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер.
Ғалымның көзқарастары мен ғылыми мұраларын зерттеу, осы күндері заман талабы. Кеңес дәуіріне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі деректерге сүйене отырып, тұлға болып қалыптасуы және оның жан-жақты шығармашылығы арқылы оның кең ауқымды ғылыми көзқарастарына талдау жасау.
Тақырыптың зерттеу өзектілігінің ғылыми-танымдық және ғылыми қолданбалы тұрғыдан қажеттілігі мыналарда:
-Біріншіден, Шоқан Уәлихановтың өскен ортасы мен тұлғалық қалыптасуы.
-Екіншіден, Ш.Уәлихановтың әр түрлі ғылым саласындағы көзқарастарын ғылыми тұрғыдан зерттеу.
-Үшіншіден, Шоқанның жасаған саяхаттары мен еңбектерінің құндылығы.
-Төртіншіден, Ш.Уәлихановтың – тарихшы, шығыстанушы ретіндегі ғылыми қызметі мен шығармашылығы.
-Бесіншіден, Ш.Уәлихановтың өмірбаянының кейбір ақтаңдақ тұстарына назар аудару, оны зерттеу.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы:бұл тақырыпты зерттеу ондағы фактілерді, сол алыс оқиғалардың айғақтарын, өткеннің құндылықтарын түсіну үшін қажет. Бұл материал Шоқан Уәлихановты зерттеу кезінде мектептерде және жоғары оқу орындарында қолданылуы мүмкін.Жаңа методологиялық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік, объективтілік, тарихи-салыстырмалылық секілді ғылыми таным принциптерін негізге алдық. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегіндегі соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен ой-пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алынып, зерттеу барысында талдау жинақтау, қорыту әдістерін қолданылды. Жұмысының негізгі нәтижелері келешекте мектепте «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мектепте сабақ жүргізу; «Қазақстан тарихы» сабағынан СӨЖ, дәріс тәжірибелік сабақтарына дайындық жасағанда қолдану; реферат, баяндама және жо жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін, жоғарғы курстарда курстық, дипломдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерін апробациялау.
1. Болатова С.М. Ш. Уәлихановтың публицистикалық шығармаларының тарихи негіздері // XXI Халықаралық ғылыми – практикалық конференция «НАУКА И МЫ». -Көкшетау: А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, 2023. -Б. 197-200.
2. Болатова С.М. Орыс географиялық қоғамындағы шоқан уалихановтың орны // XX Халықаралық ғылыми – практикалық конференция «СТУДЕНЧЕСКАЯ ВЕСНА». - Көкшетау: А. Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті, 2023.
Достарыңызбен бөлісу: |