Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Ұлы ғалым Ш. Уәлихановтың өмір жолы, шығармашылық еңбектері жайында білімдерін толықтыру, ой - өрістерін кеңейту.
2.Дамытушылық: Ғалымның ерекше қасиеттерін аша отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа жетелеу, ой- өрісін, тіл байлықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақ сахарасында жұлдыздай жарқырап көрінген Шоқанды үлгі ету, ізгілік пен еңбекқорлыққа, адал достыққа баулу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: оқу, баяндау,бейнетаспа тамашалау,мәнерлеп жатқа оқу,ой қозғау , сұрақ- жауап , жатқа оқу, мазмұндау, синтаксистік талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Шоқан Уәлиханов» презентация, Шоқан Уәлихановтың өмірі, Қашқарияға сапары туралы бейнетаспалар , «Шоқан Уәлиханов» фильмінен үзінді
Пәнаралық байланыс: тарих,география, әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
1. Ғылым туралы.Қазақ ғылымы.
3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Қазақ жерінде ежелгі уақыттардв ғылым-білім болды ма?
- Қазақ жерінен қандай ғұлама- ойшылдар шыққан?
Сабақтың мақсатын қою кезеңі:
III . Сабақтың мақсатын қою кезеңі:
- Сабағымыздың басты мақсаты – қазақтың бір туар ұлы Шоқанның әлеміне саяхат жасау, зерттеулерімен таныстыру, ғалымды әр қырынан таныту.
IV Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1. Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы бейнетаспа.
2. «Шоқан Уәлиханов» туралы презентация.
1) Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Шоқанның азан шақырып қойған есімі – Мұхамедханафия. Шоқан 12 жасында Омбыдағы кадет корпусында оқуға түседі.Зерек те зерделі Шоқан мұнда екі-үш жылдан кейін-ақ өз кластастарынан алды болады.
2)«Тектіден текті туар қайталанбас...»
Шоқан Уәлихановтың
жеті атасына көз жүгіртсек:
Шыңғыс Уәлиұлы – аға сұлтан
Уәлихан – хан
Абылай (Әбілмансұр) – жүздердің басын қосқан хан
Есім – хан
Жәнібек – қазақ хандығын құрушы
Жошы – хан
Шыңғысхан – әлемді билеуші хан.
Шоқан ұлы атасы Абылайханға құйып қойғандай ұқсас болған.
3. Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен ұлы тұлға.
Шоқан – географ, саяхатшы. 1856 жылы ғылыми экспедицияға қатысып, қырғыз елін зерттеп, Ыстық көл аймағының картасын жасасады. Қашғарияға саяхат жасайды.
Шоқан-этнограф ғалым.Саяхаттарында халықтардың тарихы, әдет-ғұрыптары, мәдениеті, фольклорын зерттейді. Бұл салада жазған «Қырғыздар туралы жырлар» атты еңбектері бар.
Шоқан-ағартушы.
Шоқан өз дәуіріндегі талантты, орыстың прогресшіл ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған және әр алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам.Сондай-ақ қазақтың әдебиеті мен мәдениетін алғаш танытушы.
Шоқан-зерттеуші ғалым.
Оның көпке мәлім еңбектерінің ішінде ең көлемді дегендерін атап өтейін: «Абылай», «Жоңғария очерктері», «Көкетай ханның өлімі», «Алты шаһардың хал-жайы».
Шоқан-тарихшы.
«Сібір тарихынан хаттар» еңбегі, сондай-ақ қазақ-қырғыз халықтар мәдениеті, әдебиеті, фольклоры туралы ғылыми пікірлер жазған.
Шоқан-дінтанушы.
«Елдегі мұсылмандық туралы», «Шаман дінінің халықтар арасындағы қалдықтары» атты еңбектерінде дінтанушылық сипаттары көрінеді.
2. Жаңа сөздермен жұмыс.
Бекініс, науқас, алғыр, парасатты, замандас, дүниетаны.
Сөздерге синоним қарастырып, сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.
3. «Шоқан Уәлиханов» мәтінін оқып, талдау.
IV.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:
1. 4- тапсырма .Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1.Уәлиханов қандай ғылым салаларымен айналысқан?
2. Шоқанның шыққан тегі туралыне айта аласыңдар?
3. Алғашқы ғылыми еңбегі қалай аталады?
4. Шоқан қандай қызмет атқарады?
2. 5-тапсырма
Мәтіннен мына сан есімдермен тіркесетін сөздерді табыңдар, сөйлемдер құрастырыңдар.12, 1852, 1853, 1856-1657, 1558-1859, 1835
VI.Бекіту кезеңі:
Шоқан туралы ұлылардың ойлары
«Өзінің бізден артық білетіндігін, не біздерден білім жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде – ақ оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын»
Григорий Потанин
«Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып, ой кешіп отырғанда Шоқанөмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырында соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?»
Шыңғыс Айтматов.
«Өзіңіздің европаша толық білімді бірінші қазақ екендігіңізді есіңізге түсіріңіз. Оған қоса тағдыр Сізге кең пейіл мен ақ жүрек беріп,Сізді тамаша адам етіп жаратты»
Ф.М.Достоевский
2. Шоқанның мұражайы.
3. Шоқан туралы кітаптар.
С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» шығармасы.
Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,
Тамғандай - ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған.
4.Shokan Ualikhanov was born in 1835 in Kostanay region in the family of Shyngys Ualihanov. Great grandfather Abylai was brave was fought for the country in 1847, 12 year old Shokan enters in the Siberian Colet Corps. In 1853 he entered the service in Omb.Shokan wrote many works throughout life:essays In 1865he died from a serious illness a great geographer and researcher.
VII.Үйге тапсырма:
1.« Шоқан Уәлиханов» мәтіні.
2.8,10- тапсырма.
VIII. Сабақты қорытындылау:
Шоқанның азан шақырып қойған аты?
Шоқанның туған өлкесі?
Шоқанның еңбектерін атаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |