Сабақтың тақырыбы : «Шоқан ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, суретші» Сабақ эпиграфы : «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз»



Дата20.06.2018
өлшемі51,5 Kb.
#43590
түріСабақ
Сынып: 10 «А»

Пән: қазақ әдебиеті



Сабақтың тақырыбы: «Шоқан – ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, суретші»

Сабақ эпиграфы: «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана

толық түсіне бастағандаймыз».

Ғ. Мүсірепов

Жалпы мақсат:

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағлұмат беру

Күтілетін нәтиже: Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағлұмат игереді.
Сабақтың түрі: портрет-сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Кубизм, «бірін-бірі оқыту» әдісі,ізденушілік, зерттеушілік іс-әрекеттері, талдау.

Дереккөздер, ресурстар: Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағы, слайдтар, баспасөз

материалдары, тарихи шығармалардан үзінді, буклеттер,

схемалар, карта, суреттер, сөзжұмбақ, үлестірме қағаздар,

эпиграф, нақыл сөздер
Пәнаралық байланыс: тарих, география, бейнелеу өнері, орыс тілі мен әдебиеті
Түйінді идея: «Намысқойлық – қазақ халқының қозғаушы ұлы күші»

Ш.Уәлиханов

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Оқушылармен амандасу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру




«Жүректен-жүрекке» ойсергітуі

Тұсау-кесер

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

- Балалар, өткен сабақта біз ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті



Балалар ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетті баяндайды.

Негізгі кезең

Электронды оқулықтан Шоқан Уәлиханов туралы бейне таспа тамашалау
«Бірін-бірі оқыту» әдісі арқылы мәтінді меңгереді

Топтық жұмыс:

Ментальді карта жасап, қорғайды.

1-топ. Шоқанның өмірбаянына, ата-тегіне, білім алған ордасына тоқталады

2-топ. Ш.Уәлихановтың қоғамдық қызметі жайлы айтады

3-топ. Шоқан – саяхатшы

Шоқан – суретші

Шоқан – жазушылығын қорғайды





Кубизм әдісі арқылы тапсырмалар орындайды.

  1. Шоқан - әдебиетші (халық ауыз әдебиетін, ертегілерді, мақал-мәтелдерді, эпостық жырлар мен ғашықтық жырларды зерттеуі)

  2. Шоқан – «Манасты» зерттеуші

  3. Шоқан Уәлихановтың мемориалдық кешені

  4. Шоқанның орыс достары мен туыстары

  5. Шоқан есімі берілген мекен-жайлар

  6. Шоқан жайлы естеліктер




Кубиктің қай жағы түссе, сол топ өздеріне түскен тапсырманы орындайды

Қоры-тынды

ІІІ. «Шоқан Уәлиханов» сөзжұмбағын шешу.

1. Шоқанның әкесінің аты (Шыңғыс)

2. Шоқанның орыс досы (Ф.М.Достоевский)

3. Шоқанның атақты саяхаты (Қашқар)

4. Шоқанның арғы атасы (Абылай)

5. Шоқан зерттеген қырғыз жыры («Манас»)

6. Шоқанға ықпалы тиген орыс ақыны (Дуров)

7. Шоқанның Қашқарға барғандағы есімі (Әлімбай)

8. Кеңес дәуірінде Шоқан жайлы жазған ғалым (Ә.Марғұлан)

9. Шоқанның шешесінің аты (Зейнеп)

10. Шоқанның азан шақырып қойған аты (Мұхаммед-Ханафия)

11. Шоқан жайлы пікір айтқан орыс ғалымы (Потанин)

12. Шоқан 1856ж. қай ақынмен кездесті? (Сүйінбай)

13. Шоқанның немере інісі, елтаңба авторы (Шот-аман)

14. Шоқан жайлы пікір айтқан тарихшы-ғалым (Веселовский)


Оқушылар сөзжұмбақты шешеді.




Үй тапсырмасы

«Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметі» тақырыбында реферат




Бағалау

Кері байланыс жасау







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет