1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


ХХғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдар» күресі



бет138/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
89.ХХғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдар» күресі.

XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдар» күресі.Тарихта «азаматтық» деген атпен белгілі болған соғысқа қазақтардың «Ақ әскер» жағында қатысуы осы мәселеге арналған ғылыми зерттеулерде тиісті сипаттамасын алған жоқ. Қазақстан аумағында 1918-1920 жылдары болған азаматтық соғыс тарихы әлі күнге шейін толық зерделенбеген және «ақтаңдақтарға» толы. Қазақ ұлттық қарулы күштерінің қалыптасуы, негізінен, «Алаш» партиясы және «Алашорда» автономиясын жариялаумен тығыз байланысты. 1918-1920 жылдары большевиктермен тікелей күреске қатысқан Алаш құрамдарына ғылыми тұрғыда тек коммунистік идеология ыдырағаннан кейін ғана назар аударыла бастады. Алаш қозғалысының тарихы К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Д. Аманжолова, Т. Жұртбай, Д. Қамзабекұлы, Д. Қыдырәлі, С. Аққұлы, Ғ. Әнес, С. Смағұлова, Е. Сайлаубай және басқа да отандық ғалымдардың еңбектерінде зерттелді1 . Сонымен бірге бұл соғысқа қазақтардың «Ақ әскердің» тұрақты бөлімдері құрамында қатысу фактісі ашылмаған күйінде қалып отыр. Кеңес тарихнамасы негізінен, мұны «қызылдар» мен «ақтардың» өзара күресі ретінде ғана қарастырып, Алашорданың әскери тарихы мен «Алаш полктерінің» Орал, Орынбор және Жетісу майдандарындағы әрекеттері туралы мүлдем мәлімет бермей келген . Осы бағыттағы барынша қызықты жұмыстардың қатарына Алаш бөлімдері іс-әрекеттерін жан-жақты жария еткен ресейлік зерттеуші Д.А. Аманжолованың еңбегін жатқызуға болады. Бұл еңбекте Алаш жасақтарының Қызыл әскерге қарсы шайқастарға қатысуының деңгейі мен ауқымы ашып көрсетілген3. Азамат соғысының және Сібір казак әскері тарихын зерттеу аясындағы Алаш әскери құрылымдары туралы мәліметтерді А.В. Ганин, В.А. Гольцов, С.М. Исхаков, Д.Г. Симонов, А.В. Сушко, Р.С. Таймасов, В.А. Шулдяков, В.И. Шишкин, М.Н. Ивлев, Д.Ю. Матвиенков секілді ресейлік және қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі. Жұмыс барысында азамат соғысына қатысушылардың өмірбаяндық анықтамалары да қолданылды5 . Алаш қозғалысының тарихы жайында түрлі мақалалар мен құжаттар жинағында қызықты ақпараттар, құнды материал бар6 . Осылайша, ғалымдар Алаш әскерінің тарихын зерделеу саласында алғашқы, маңызды қадамдар жасады. Соның негізінде елеулі материалдар ғылыми айналымға енгізілді. Соған қарамастан, көптеген басылымдарда Алаш әскери құрылымдары «Алаш» қозғалысының және Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыстың қосалқы, екінші деңгейлі элементі болып саналып отырғанын атап өту қажет. Өкінішке орай, әлі де Алаш полкі, бригадасы, еріктілер отрядының құрылу тарихы, қазақтардың ұлттық әскерге жұмылдырылуы мәселелері жеткілікті деңгейде зерттелмей отыр. Азаматтық соғыс сахнасындағы қазақ әскерінің пайда болуының алғышарттары ашылмады. Көптеген жағдайларда бұған дереккөздерінің жетіспеушілігі, ал кейде тіпті мүлдем болмауы басты себеп болып отыр. Осыған байланысты біздің тарапымыздан төрт жыл бойы Ақ әскер құрамындағы Алаш полктерінің, қазақтардан





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет