1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы



бет102/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

66.Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері.

Қоғамның жаңа саяси, рухани және әлеуметтік-экономикалық дамуы жас жеткіншектердің оқу мен тәрбие сапасын түбегейлі жақсартуды талап етеді. Осыған  орай музыкалық педагогиканың өткендегі мұраларын жан-жақты зерттеп, оқу тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстан композиторларының музыкалық шығармаларының ішінде негізгі бір саласы жас жеткіншектерге арналған әндерінің мектеп оқушыларына тигізетін тәрбиелік ықпалының ролі ерекше. Жаңадан өңделіп басылған 1-сыныпқа арналған музыка оқулығында әлемдік классик композиторлар шығармалары берілген. Әлем композиторларымен қатар Қазақстан композиторларының әсіресе қазіргі композиторлар шығармаларын оқушыларға жан-жақты дәріптеу өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік музыканың бір бөлігі ретінде, қазақ музыкасының да алатын орны ерекше. Ұлттық музыканы түсіну арқылы оқушы бойында ұлттық өнерге деген қызығушылығы, отансүйгіштігі, эстетикалық тәрбиесі артады. Қазіргі мектептегі музыка оқулықтарында балаларға арналған әндер аз.  Музыка оқулығында басым көпшілігі Кеңес үкіметі кезіндегі композиторлардың әндері. Атап айтсақ, И.Нүсіпбаев, Ә.Бейсеуов, Н.Дүкенбаев, Ө.Байділдаев, К.Дүйсекеев  т.б композиторларымыздың әндері. Әрине, алдыңғы толқын ағаларымыздың шығармашылығына құрметпен қарап, келешек ұрпағымызға жеткізу борышымыз. Алайда қазіргі заман талабына сай қазіргі жас сазгерлеріміздің балаларға арнап жазған әндері кең, ауқымды болса, сол әндер арқылы өскелең ұрпақтың санасына ұлттық тәрбиеміз, мәдениетіміз, салт-дәстүрімізді, ата-бабамыздың  мол мұрасын сіңіруіне жағдай жасағанымыз болып табылары сөзсіз.  Қазіргі кезде  республика аумағында өз шығармашылықтарын тек балаларға арнап келе жатқан, кеңінен танылып жүрген   сазгерлеріміз де жоқ емес. Айта кетсек, Бота Бейсенова мен Алтын Маханбетовалардың балаларға арналған бірнеше әндері музыка оқулықтарына енген. Бұл  жас жеткіншектер үшін де, музыка мұғалімдері үшін де қуантарлық жағдай. Осы сынды  жас жеткіншектерге арналған әндер қазіргі танымал сазгерлеріміздің туындыларынан оқулыққа енгізу қажеттігі уақыт талаптарының бірі. Қазақстан композиторларының әндерін жан-жақты насихаттап, олардың шығармаларын оқушылардың бойына сіңіруге оз үлесімді қосып келемін. Қазақстан композиторларының туындыларын тек сабақ барысында ғана емес сабақтан тыс уақыттарда, түрлі конкурстарда да жан- жақты пайдаланып келемін. Оқушыларым қалалық конкурстарда Қазақстан композиторларының әндерімен жүлделі орындарға ие болып келеді. Сонымен қатар Гүлайым Жотаеваның әндерін өз тәжірибеме көп пайдаланамын. Әндері оқушыларға, әсіресе бастауыш сынып оқушылары мен балабақша балалаларының жас ерекшеліктеріне лайық, өте жеңіл жазылған. Алдағы уақытта балаларға арнаған әндердің қатары көбейеді деген үмітім зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет