1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Қазақстан Республикасы дамуындағы «Қазақстан - 2050» (2012ж.) стратегиясының мақсаттары мен артықшылықтары



бет72/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

39.Қазақстан Республикасы дамуындағы «Қазақстан - 2050» (2012ж.) стратегиясының мақсаттары мен артықшылықтары.

Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған салтанатты жиында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Елбасы 2050 жылға дейінгі стратегияға тоқталмас бұрын «Қазақстан-2030» құжатында қамтылған басымдықтардың орындалуына, оның ішінде 7 бағыт бойынша атқарылған шараларға көз жүгіртті. Оның біріншісі Ұлттық қауіпсіздік. Елбасы тоқталған екінші басымдық ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік.Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.  Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:  

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік

4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет