1.Қандай жабық бас- ми шайқалуын білесіз?



Дата08.02.2022
өлшемі15,9 Kb.
#117198
Байланысты:
Бас ми жарақатт тестілер


Тестілер: Хирургиялық аурулары және бастың зақымдалуы




1.Қандай жабық бас- ми шайқалуын білесіз?
а) бас-ми жарығы;
б) дермоид, атерома;
в) ми шайкалуы, жаншылуы, мидың соғылуы, мыжылуы( ушибы);
г) бастың жұмсақ тіндерінің жарақаты;
д) бас сүйегінің сынуы.
2.Ми шайқалуының клиникалық сипатын таңда:
а) жөтел, тұмау(насморк);
б) бас ауруы, басы айналу , құсу, есінен тану;
в) денесінің ыстығы көтерілуі, қалтырау(озноб);
г) терінің сарғаюы;
д) төс шеміршегінің астының ауыруы
3.Мидың соғылып, мыжылғандағы белгілерді таңда:
а) ыстығы көтерілу, қалтырау, суық тер шығу ;
б) есінен тану , сөйлей алмау, сезімінің төмендеуі, бірнеше рет құсу, жүрек жұмысының және дем алуының бұзылуы, шала не толық салдану;
в) терінің сарғаюы;
г) омыртқа аймағының ауыруы;
д) тұмау , жөтел
4.Бас сүйегінің түбі сынғандағы клиникалық сипатын таңда:
а) науқас ессіз , мұрыннан , ауыздан қан кету , құлақтан қан аралас сары су ағу, екі көздің айналасына қан үймелеп " көзілдірік"тәріздес белгі бар;
б) денесінің ыстығы жоғары, қалтырау, суық тер шығу;
в) науқастың есі дұрыс , еліріп сөйлейді, лоқсу, құсу бар;
г) науқас ессіз , демалысы, жүрек соғысы нашар;
д) бел аймағында ауыру сезімі
5.Ми шайқалғанда бірінші медициналық көмек
а) науқасты отырғызып , шай, кофе беру;
б) науқасты шалқасынан жатқызып , құсып қоймауын бақылау , жедел ауруханаға жеткізу;
в) науқас адамды жартылай отырғызу, басқа " чепец" таңбасын салу ;
г) науқасты жол- жөнекей машинамен ауруханаға жеткізу, денесінің жағдайына аса мән берілмейді;
д) науқасты етпетінен жатқызып ауруханаға жеткізу.
6.Беттің кемістік ауруын таңда:
а) омыртқа- ми жарығы , құныс( кифоз), омыртқаның бір жағына қарап қисаюы(сколиоз);
б) көп саусақтылық(полидактилия), саусақтардың біріне- бірі жабысып қалуы(синдактилия);
в) туа болған қоян ерін, таңдайдың туа болған кемістігі;
г) қыйсық мойын; д) мойынның орталық аймағындағы қуыс(киста).
7.Төменгі жақтың жарақатының клиникалық белгісін таңда:
а) естен тану;
б) лоқсу, құсу;
в) жұтына алмау, дем алуы нашар , төменгі жағын қозғай алмайды, пішінінің өзгеруі;
г) денесінің ыстығының көтерілуі;
д) басы айналу, құлағы шыңылдау.


8.Мидың қатты қабығының астына қан жиналу (субдуралды гематома):
а) қан сыртқа ағу;
б) қан мидың өзіне құйылуы;
в) мидың қатты қабығының астына жиналу;
г) жұлын қуысына құйылу;
д) мұрыннан, құлақтан қан кету.
9.Спортпен шұғылданатын адам басынан жарақат алды.Қарағанда: науқас ессіз, тамыр соғысы сирек, демалысы нашар.Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
а)ми шайқалу;
б) бас сүйектің түбінің сынуы;
в) мидың мыжылуы(ушибы);
г) мұрын сүйектің сынуы;
д)жоғарғы жақ сүйек сынуы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет