1.Қарапайым матиматикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі курсының мәні мен мінеттері
Мақсаты:
Курстың мақсаты, міндеттері жайлы біліктіліктерді қалыптастыру.
1.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәнінің ғылым ретіндегі сипаттамасы.
2.Пән мазмұны. Пәнді зерттеу әдістері.
3 Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
1.Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектеп жасына дейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етіп отыр. Болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балалардың Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесін меңгертуде аталған пәннің маңызы зор. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні мамаңдыққа байланысты негізгіпән болып табылады. Бағдарлама талаптарына сай әр түрлі жас топтарда оқытудың мазмұны мен формалары балалардың математикалық даму ережесін көрсете білу, осыған байланысты өз жұмысын жоспарлай білу, болашақ тәрбиеші үшін ең манызды мәселенін бірі болып табылады. Элементтерді математикалық түсініктерді қалыптастыртыру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды мектептегі іргелі пәндердің бірі-математиканы түсінуіне,ұғынуына, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді.
Мектепке дейінгі педагогикадан бөлініп, элементтер математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз бетінше ғылыми, оқыту саласы болып табылады. Бұл саланың зерттеу пәні- қоғамдық тәрбие жағдайында элеметтер математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі процесінің негізгі зандылықтарын зерттеуі болса. Әдістеме шұғылданатын міндеттер деңгейі өте кең, олар:
-Әр жастағы балалардыңсандық, кеңістік, уақыттың т.с.с математикалық түсініктерді даму деңгейіне қойылатын бағдарлы талаптарды ғылыми түрде негіздеу.
- Бала бақшасында, мектепте математика балаларды дайындауға арналған нақты материалдың мазмұнын анықтау.
-Бала бақша бағдарламасындағы математикалық ұғымдарды қалыптастырудың материалдарды жетілдіру. Әдістеменің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың элементар математикалық ұғымдарды қалыптастыру процесінің дидиһактикалық негіздкрін жасау және зерттеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды элементар математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі теориялық базасы болып философия,педагогика,психология,математика жалпы принципиальдық, бастапқы қағидалары ғана табылмайды. Олар мен қатар бұл сала педагогикалық жүйе ретінде өзінің меншікті теориясына ие: Бұлар: - ғылыми ізденістердің (мақалалар, монографиялар, ғылыми еңбектер жиыны т.с.с)нәтижелері баяндалған ғылыми зерттеулер,жариялымдар; - бағдарлы инструкциялық құжаттар (бала бақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы, әдістемелік нұсқаулар т.с.с ) - әдістемелік әдебиет (арнайы журналдардағы мақалалар, ата-аналарға тәрбиешілерге арналған құралдар,ойындар мен жаттығулар жинақтары, әдістемелік ұсынылымдар т.с.с )
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі үнемі дамытылып, жетілденіп және оқат педагогикалық тәжірибе ғылыми зерттеу нәтижелерімен байытылып отырады. Қазіргі уақытта ғалымдармен тәжірибешілердің еңбектері арқасында ғылымитұрғыдан негіздеоген мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық ұғымдарды ғылыми түрғыдан негізделген жүйе сәтті қызмет атқарып және жетілденіп келеді.
Бұл жүйенің негізгі элементтері – оның мақсаты, мазмұны,әдістемелері, жұмыс ұйымдастырудың құралдары мен кейіптері өзара тығыз байланысды және өз ара шартталады.
Элементар математикалық ұғынымдары қалыптастыру бағдарлы талаптармен қарастырылған білім беру және игеру, ойшылдықтын мен әдісткріне үйрету мақсаты және ұйымдасқан процесі.Оның негізгі мақсаты - мектепте математиканы үздік игеруге дайындау мен қатар балалардың жан жақтылы даму.
Пәннің –мақсаты
Мектепке дейінгі балаларға математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін меңгертіп, кәсіби дағдыландыру қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- Мектепке дейінгі балаларда математиканың қарапайым ұғымдарын үйретудін теориялық негіздері бойынша білімін қалыптастыру; -балалардың математикалық түсініктеді қабылдау ерекшеліктеріне байланысты балабақшадағы жұмыстың мазмұны мен әдістерімен таныстыру; - балабақшада,отбасында матеатиканың элементтерін оқыту процесін ұйымдастыру; - сабақты жоспарлау, балалармен жұмыстың мазмұны және әдістерін іріктей білу; - білімгерлердің мектеппен ,отбасымен байланысын ұйымдастыра білуге үйрету; - Білімгерлерге практикалық дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру; - білімгерлердің танымдық белсенділігін арттыру, жауапкершілігімен ынтасын, шығармашылығын дамыту;
Білімгерлер білуі тиіс: - Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің ұйымдастыру формаларын қолдануға үйрету; - қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің әдіс тәсілдерін дұрыс таңдай білуге үйрету;
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру курсының теорялиық негізін білу; - қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тиімді әдістерін пайдалану;
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесін оқу барысында қолданылатын көрнекіліктің түрін, мазмұнын біліп, оны тиімді ұолдана алуы;
- балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда жана технологияны қолдана білу;
-математикалық терминалогияны дұрыс қолдана алу біліктілігі;
-сабақтың жоспарын құрастыра білу;
-Мектеп жасына дейінгі балалардың математиканың элеметтерін оқыту жүйелі жүргізе білуі;
-түрлі ойындарды жаттығуларды ұйымдастыра алу тиіс;
Достарыңызбен бөлісу: |