1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Үмбетей жыраудың өмірі мен шығармашылығын хронологиялық кесте арқылы көрсетіңіз



бет20/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері

39. Үмбетей жыраудың өмірі мен шығармашылығын хронологиялық кесте арқылы көрсетіңіз.
1706 ж-Түркістан обл.Қаратау өңірінде дүниеге келген.
1778ж-Ақмола облысы Ерейментау ауданы дүниеден өтеді.
XVIII ғ.-ең атақты, ірі жыраулардың бірі.
1778 ж-Үмбетей шығармашылығы – бүгінгі жас буынды патриоттыққа баулитын, халықтың рухын көтеретін отты жырлар екендігіне дау жоқ.

40. Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» жырының негізгі идеясын ашып көрсетіңіз.

Қазтуған жырау «Алаң да алаң, алаң жұрт»
Қазтуған жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырған, ақыл-ой айтқан.«Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының тақырыбы — азаттық жайлы.

Бұл толғау ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты туған.
Толғау мәтініне лингвистикалық талдау тұрғысынан келсек, Қазтуған жыраудың бұл толғауындағы көпвекторлы қолданысқа ие сөздер мен тіркесімдер қатарына жұрт, алаң жұрт тілдік бірліктерін жатқызуға болады. Поэтикалық мәтінінде жұрт, жер тірек сөздерінің семантикалық болмысы автор идеясының тұжырымы мен қорытындысын айқындап тұр.


41.. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс.
XVIII ғасырда әдеби өмір жандана түседі. Ғасырдың алғашқы ширегінде топандай басқан жоңғар шапқыншылығы және ақтабан шұбырынды, алмағайып кезең, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының идеялық бағыт-бағдарына тақырып аясына айырықша ықпал етті. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығында ақын-жыраулар өнернамасында өзінің көркемдік шешімін табады.
Ақындар мен жыраулардың бір-бірінен айырмашылығы кейде олардың шығармашылығындағы көркемдік болса, кейде олардың туындыларындағы ой ұшқырлығы мен ой тереңдігінде жатады. Ал, көркемдік пен ойды ұштастыра білген ақын, ойшыл ақын мәртебеге қол жеткізеді. Халықтың жүрегі мен санасында ұзағырақ өмір сүру діңгегі ақын не жыраудың ой-өрісінде жататыны да адамзат тарихынан мәлім
«Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырауларына тән қасиет»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет