4. Қазтуған жырларының құрылысы қандай? Мысалмен дәлелдеңіз.
Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай Қазтуған жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған.
Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай болуы да заңды. Дауысты ''A'' дыбысын қатар қолданып, аңғарта сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жағымды.
Арғымақтың баласы,
Арығын сайын тың жортар
Арқамнан қосым қалар деп,
Ақ дария толқын күшейтер.
Құйрығын күн шалмаған балығым,
Ортамнан ойран салар деп.
Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы сөздер. Бұрын-соңды қолданылмаған, тек Қазтуғанға ғана тән тіркес «құрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп» - қандай әдемі сөз! Осы өлең шумағы үш жолдан тұрады. Ақын бес жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Бұған қарағанда Қазтуған - өлең құрлысына да мән берген шебер жырау. Әрбір сөз, әрбір жол өз орнында. Ақын бірыңғай бір дыбыстардан бастап, ұзақ шумақтар құрады. Қазтуған өзіне тəн теңеу, метафоралар қолданады.
35. Доспамбет жырындағы “ару” образы
Айна бұлақ басы-Тең
Алғаным Әли ағаның қызы еді, Қас арудың өзі еді. Маңдайы күнге тимеген, Желке шашын өрмеген, Серпіліп адам бетін көрмеген, – дей отырып, қазақтың авторлығы сақталған жыраулық поэзиясында тұңғыш рет әйел адамның, оның ішінде бауырына басқан аяулы жардың бейнесін жасайды, оның қандай кісінің перзенті екендігінен мәлімет береді. Ал, одан әрмен сол әйелден көрген Қосақай, Қосай, Ер Досай дейтін ұлдарының бар екендігінен хабардар етеді.
Қорыта айтатын болсақ,Ақтамберді,не болмаса Доспамбет,Бұқар жыраудың жылқы,ару жайлы жырларын оқып,түсіне келе олардың айтпақ болған ойы бір екенін аңғаруға болады.Себебі барлығындада шығармасында тұлпардың немесе арудың бейнесі нақты әрі сұлу суреттелген.Олар тек қана жылқының немесе арудың сұлулығын суреттеп қана қойған жоқ,олардың өзіндік ерекшеліктерін,қасиеттерін,және жоғарыда айтып кеткенімдей жақсысы мен жаманының айырмашылығын,адамға тигізер пайдасын ашып көрсетіп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |