1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Жыраулар шығармаларындағы көркемдік нақыштарды диаграмма түрінде көрсетіңіз



бет2/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері

2. Жыраулар шығармаларындағы көркемдік нақыштарды диаграмма түрінде көрсетіңіз.
Жыраулық өнердің өзіндік бір ерекшелігі – бұл дәстүрдің турашылдығы. Жыраулардың жеткізетін мәселелері сол тұстағы өмірді, өзі өмір сүрген уақыттағы болған басты оқиғалардыкөркем сөзбен және оларды сол дәл қалпында көрсету. Сол үшін жырауларымыз мәнді де сәнді ойын астарлап жеткізу үшін көптеген көркемдік құралдарды өз нақышына келтіріп қолдана білген. Ешқандай дау-дамайсыз, бәсекелес пен жанжалды өздерінің түйінді сөздерімен тоқтата білген. Оған мысал ретінде тарихымызға үңіле қарасақ көптеген оқиғалар бар. Тіпті соғыстың алдын ала-алатын құдіретті сөзге ие жырауларымыз да болды десек артық кетпесіміз анық.
Жыраулардың жыр-дастандарында жақсылық пен жамандықты, дос пен дұшпанды ажырата алу, намыс, ар мен ұят, адамдық қасиеттер және әділеттілік секілді адамның рухани құндылықтарын көркемдете түсе тыңдарманның одан бертін келе оқырманның санасына жеткізе білген. Жыраулық поэзияда синтакстің параллелизміне, дыбыстардың үндесуіне, ұйқастарға құрылатын жолдар аз емес. Арнаулартүрінде сөздер қолданыстары да баршылық. Жырау өзінің поэзиясын жазу барысында өтемағыналы философияға толы ойларды бейнелеуіөлеңнің ұйқасына, тармақтарына арнайы сол мақсатқа орай алған. Көркемдеуіш тәсілдерді қолдану арқылы жыраулар тыңдарманды жырдың ішіне енгізуімен қатар эмоциялық әсерді күшейте білген. 
3.Доспамбет толғауларындағы тұлпар бейнесінің ерекшелігін сипаттаңыз
Ежелгі дәуірлерден көшпенді өмірдің тіршілігінеүйренген қазақ халқы өздерінің сан ғасырлар бойына қалыптастыра білген жыраулық әдебиеттің көпшілік жанрында жылқы малының бой көрсетуі де ауыз ашып таң қалатын оқиға емес. Елді жау қолынан қорғайтын батырлардың өзіне тән ерлік бейнелерін ел есінде мәңгі қалдыруға тырысқан жырауларымыз олардың мінген тұлпарлардың да бейнелерін ерекше етіп жеткізген. Соның ішінде тілге тиек етіп айта алатын жырау Доспамбет. 
Доспамбет жырау тұлпардың тұл бойын ерекше сипаттай отырып, оның батырлар үшін қосымша қуат екенін жырларымен жеткізген. Тұлпары мықты болса Жауынгерді жеңу қиын болары анық. Сол үшін қазақ халқы, ақын-жыраулар тұлпар бейнесін сүйіспеншілікпен жеткізе білген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет