1.Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір


ХІХ-ХХ ғ. б. қазақ зиялыларының коғамдық-саяси өмірдегі орны мен рөлі. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс



бет2/27
Дата07.04.2023
өлшемі463 Kb.
#173970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
?àçà?ñòàííû? ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû

ХІХ-ХХ ғ. б. қазақ зиялыларының коғамдық-саяси өмірдегі орны мен рөлі. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Міржақып Дулатов бұл революцияға белсене қатысты.
Олар 1905 жылы қазанда Оралда бес облыстағы қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тиісті өздерінің партиясын құруға әрекет жасады. Олар өздерінің алдына орыс шаруаларының Қазақстанға жер беру, мектептер ашу, дін тұту ерекшелігін алу, ұлттық мәдениетті дамыту, қазақ тілін басқа тілдермен теңестіруін қойды.
1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі мен ұлттық интеллигенциясы тарихында І және ІІ мемлекеттік Думаға сайлау ерекше маңызды болып табылады. Бұл науқанға ұлтық интеллигенцияның белгілі өкілдері белсенді түрде қатысты. І мемлекеттік Думаға қазақ өлкесінен сайланғандар қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменовтер болды.
Ал ІІ мемлекеттік Думаның қатарына Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев, Әлихан Бөкейхановтар болды. Бақытжан Қаратаев Думаның 1907 жылғы мәжілісіне сөйлеген сөзінде Столыпинның Қазақстандағы аграрлық саясатын қатты сынға алды. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударуды тоқтатуға шақырды.
Бірінші дүние жүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуына байланысты, Қазақстан ол кезде Ресей империясының отары болғандықтан соғыстың бар ауыртпалығы қазақ халқының басына түсті.
Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түлік өнімдерін мемлекет есебіне деп еріксіз алды. Соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар салынды. Бір ғана Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді.
Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарыс пісіп-жетілді. Осы кездегі қазақ халқының хал-жағдайын суреттеген А.Байтұрсынов: “Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды,” – деп жазды. Осы қазақ халқының ауыр тұрмысы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себебі болды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. Бұл қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам алу жоспарланды.
1916 жылы шілде айының басында Қазақстанның барлық аймақтарында қарулы көтеріліс басталды. 1916 жылы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттыққа жету болды.
Торғай облысы 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды. Торғай даласындағы көтерілісшілердің саны 50 мыңға дейін жеткен. 1916 ж. қазан айында Амангелді бастаған көтерілісшілер Торғай қаласын қоршады. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаврентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы корпус жіберді. Патшаның жазалаушы әскерлері қазақ ауылдарын шауып өртеп, халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілісшілер Торғайды ала алмағаннан кейін партизандық күреске көшіп, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды.
Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды. Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық революцияның ірі ошағы болды. 1916 жылы 11 тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап алды. Көтерілісшілер Кравченконың жазалау отрядын талқандап, жәрмеңкені басып алды. Лепсі уезінде, Меркеде, Әулиеатада, Мойынқұмда көтерілісшілер патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы табанды шайқас жүргізді.
Жетісудағы халық көтерілісін басып-жаншу үшін патша үкіметі құрамында 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы бір тұтас жазалау экспедициясын жіберді. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңілуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің көпшілігі Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Патшаның жазалаушы отрядтары қазақ ауылдарын шауып, өртеп халықты қырғынға ұшыратты.
Көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, жеткілікті түрде ұйымдаспағаны болды. Сонымен бірге ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді.
1916 жылы көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің өсуіне үлкен әсер етті.
1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы жеңіске жетті. ІІ Николай патша тақтан құлатылды. Патша тақтан құлатылғаннан кейін елде қос үкімет орнады. Оның бірі жұмысшы – солдат депутаттарының Кеңесі болса, екіншісі уақытша үкімет еді.
Ресейде болып жатқан оқиғалар Қазақстанда да қанат жайды. Уақытша үкімет өзінің Қазақсандағы билігін сақтап қалу үшін бұрынғы облыс басындағы генерал-губернаторлардың орнына комиссарлар тағайындады. 1917 жылғы сәуір айында Түркістан өлкесін басқару үшін Түркістан комитеті құрылды. Бұл комитетінің құрамына қазақтардан Мұхамеджан Тынышбаев, Әлихан Бөкейханов кірді. Әлихан Бөкейханов сонымен бірге Торғай облысының комиссары болды. Уақытша үкімет органдарымен қатар Қазақстанда екінші үкімет – жұмысшы, солдат депутаттардың Кеңестері өмір сүрді.
Сөйтіп, Қазақстандағы губернаторлардың, уезд бастықтарының, болыстардың үкімет билігі барлық жерде жойылды.
Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі уақытша үкіметтің сенімді тірегі Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу Казак әскерлерінен құралған “Казак комитеттері” еді. Қазақ халқының көпшілігі патша құлатылғаннан кейін ұлттық езгі де құриды, уақытша үкімет Ресей халықтарының теңдігі мен туысқандығын қамтамасыз етеді деп сенді.
Қазақстандағы қос үкіметтің орталық аудандарға қарағанда әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты, аймақтық отар ретіндегі саяси жағдайына байланысты және көп ұлттылығына байланысты өзгешелігі болды.
1917 жылғы көктем және жазғы айларда қазақ еңбекшілерінің ұйымдары құрылды. “Қара жұмысшылар одағы” Верный қаласында, “Жұмысшылар одағы” Жаркентте, “Мұсылман еңбекшілерінің одағы” Түркістанда құрылды. Сонымен бірге қазақтың демократиялық интеллигенциясын біріктірген “Жас қазақ” ұйымы Ақмолада, “Талап” Қызылжарда, “Жанар” Семейде, Тұрар Рысқұлов басқарған “Қазақ жастарының революциялық Одағы” Меркеде құрылды. Елдегі революциялық қозғалыстың өсуіне байланысты бұл ұйымдардың кейбіреулері большевиктер жағына шықса, кейбіреулері “Алаш” партиясын қолдап, автономия идеясын жақтады.
Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ. Қазақстанды отар деп білген буржуазиялық уақытша үкімет қазақ халқына ешқандай право берген жоқ. Мектептерде оқыту ісі және мекемелерде кеңсе ісі бұрынғыша тек орыс тілінде ғана жүргізілді.. Уақытша үкімет бұрынғы патша үкіметінің жер жөніндегі саясатын жүргізіп отырды. Өнеркәсіпті бұрынғыша шетел капиталистері мен орыс капиталистері билеп төстеумен болды.
Қазақстанда құрылған жұмысшы солдат депутаттары кеңесінің жұмысына келетін болсақ олар жергілікті халықтың мұң-мұқтажын ескермей Қазақстанда революциялық ұрандармен ойларына келгендерін істеді. Алғашқы кезде құрылған Кеңестер тек орыстардан тұрды. Аудандардағы билікті қолына алған жұмысшылар мен солдаттар ауылдарға келіп, үйлерді тінтіп, “революция мен оның құрбандарының” пайдасына деп халықтан көптеген салық алып, жақсы ат, қымбат кілем, алтын-күміс сияқты заттарды тартып алып кетіп отырған. Алғашқы кезде құрылған қазақ партияларымен қоғамдарының жұмысшы-солдат депутаттары Кеңесіне жақындаудан тартынғандығының басты себебі осы еді.
Міне, осындай қиын-қыстау кезеңде халқымыздың көзі ашық азаматтары елді осы қиындықтан алып шығу үшін әрекет жасады. “Шорай Исламия”, “Ғұлама қоғамы”, “Алаш” партиясы, “Үш жүз” саяси партиясы осы кезеңдерде пайда болған еді. Осы ұйымдар мен партиялардың ішіндегі халқымыздың тарихында елеулі орын алатыны “Алаш” партиясы. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында бірінші бүкіл қазақ съезі болды. Съездегі ең бірінші мәселе – мемлекеттік басқару туралы мәселе болды. «Ресейде демократиялық, федерациялық, парламенттік республика болуы керек. Қазақ облыстары автономия алуы тиіс» деген шешім қабылданды.
“Алаш” партиясының бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада “Қазақ” газетінде жарияланды. Бағдарлама 10 тармаққа бөлінген. Онда мынадай басты мәселелер қаралған: Ресей демократиялық-федеративтік-парламенттік республика болуы керек; Қазақ автономиясы басқа халықтармен қатар Ресей федерациясына кіреді; Ресей федерациясында теңдік және адамның мүддесіне қол сұғылмауы, сөз бостандығы қамтамасыз етіледі; Жұмысшы заңдары жұмысшының мүддесіне сай болуы тиіс; Сайлау правосы тегіне, дініне, жынысына қарамай баршаға бірдей берілуі керек; Дін мемлекеттен бөлінуі тиіс; Сот алдымен айыптау, тергеу жұмыстарын жүргізбей тұрып ешкімді тұтқындай алмайды; Халыққа білім тегін беріледі; Бастауыш мектепте сабақ ана тілінде жүргізілүі тиіс.
“Алаш” партиясымен бірге құрылып, халықты азаттық үшін күреске шақырған қоғамдық ұйымдардың бірі “Үш жүз” социалистік партиясы еді. “Үш жүз” партиясы алғашқы құрылған кезден бастап-ақ большевиктер жағына шығып, алаштықтарға қарсы болды. Бұл партияның қатарында жұмысшылар мен жатақтар көп еді. “Үш жүз” партиясы большевиктер жағында болғанымен олардың бағдарламаларының кейбір тұстары большевиктерден бөлек болды. Олар пролетариат диктатурасын мойындамады. Коммунистер партиясының қоғамдағы басшылық ролін мойындамады. Мемлекет басқару ісіне дінді араластыру керек деді. Сондықтан да 1920 жылы большевиктер бұл партияны таратып жіберді.
Қазақстанда ХҮІІІ ғ. 30-жылдарынан ХІХ ғасырдың 80-жылдарына дейінгі Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер енгізді. 1789 ж. Азиялық училище ашылды. 1813 ж. Орынбор училищесі, 1931 ж. Омбы, Семейде орысша білім беретін училищелер, 1836 ж. Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат-училище, 1837 ж. Бөкей ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына арналған орысша және татарша білім беретін мектеп ашылды. 1844 ж. Орынбор училищесі негізінде Орынбор Неплюев кадет корпусы ашылды.
Қазақстан халқының тарихын зерттеуде И. Завалишин, Э.Мейер, А.Левшин сияқты орыс ғалымдар көп еңбек етті. Белгілі орыс ғалымы В.И.Даль Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісін қолдаған. “Бөкей мен Мәулен” повесін жазды. А.С.Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасын қағазға түсірген.
ХІХ ғ. төмендегі қазақ ақындары өмір сүрді:
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.),
Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867 жж.).
Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 жж.).
Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 жж.).
Шаруалар мүдделерін қорғап, өз жырларына қосты. Музыка өнерін дамытуға Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889 жж.) артына 60 күй қалдырған. Мысалы, “Көшкентай”, “Сарыарқа”, “Қызылқайың”, “Балбырауын”, “Адай”, “Көбік шашқан”, “Ақсақ киік”, “Ақтай” т.б.
Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887 жж.). Дәулеткерейдің 40-қа жуық күйібізге жеткен: “Желдірме”, “Құдаша”, “Ысқырма”, “Қосалқы”, “Тартыс” т.б., Тәттімбет Қазанғапұлы (1915-1962 жж.): “Балбырауын”, “Сал қоңыр”, “Былқылдақ күйі” т.б. Ықылас Дүкенұлы (1843-1916 жж.): “Қорқыт”, “Қоңыр күйі”, “Ықыластың күйі” т.б.
Әнші, ақын, сазгерлерден Жаяу Мұсаны (1835-1916 жж.), Біржан Салды (1834-1897 жж.), Ақан Серіні (1843-1913 жж.) айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет