1.Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір


Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы



бет8/27
Дата07.04.2023
өлшемі463 Kb.
#173970
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
?àçà?ñòàííû? ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû

Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы.
1925 жылы партияның ХІҮ съезіне елді индустрияландыруға бағыт алуға шешім қабылданды. Индустрияландыру бағыты елімізде завод, фабрикалар салумен, өнеркәсіпті дамытумен байланысты.
Қазақстандағы индустрияландыру жылдарындағы үлкен құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір темір жолы болды. Құрылысы 1927 жылы басталған темір жол 1930 жылы аяқталды. Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары Рысқұлов, темір жол инженері Тынышпаев темір жолды салуда елеулі қосты. Индустрияландыру жылдары Риддер полиметалл, Қарсақбай мыс қорыту комбинаттары іске қосылды. Балхаш мыс қорыту заводы Шымкент қорғасын заводы жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш заводы салына бастады. Қарағанды өңірі ірі көмір аймағына айналды. Ембі мұнай кәсіпшілігі қарқынмен жұмыс істей бастады. Сондай-ақ республикадағы химия өнеркәсібінің тұңғышы Ақтөбе химия комбинаты салынды.
Сонымен қатар елімізді индустрияландыруда қателіктер де жіберілді. Қазақстандағы индустрияландыру тек шикізат өндіруге бағытталды. Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат шығарды. Шикізат Республикадан тасып әкетіліп, дайын өнім Ресей заводтарында шығарылды.
Республикадағы өнеркәсіптің бұлай қалыптасуына Смағұл Сәдуақасов сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Сәдуақасовтың айтуынша республикадағы шикізат басқа жаққа тасылмай, шикізат алынған жерде өңделіп, дайын өнім шығарылуы тиіс болды. Бірақ оны Голощекин сияқтылар ұлтшыл деп айыптап, республикадан кетуге мәжбүр етті.
Дәріс №4 Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы
1.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.
2.Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.
3. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру.
4.Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы.
5. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. 
6. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары.
7. Саяси сенімсіздік пен жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару – ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы. 
8. Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы.
Ф. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық-саяси негізін жасады. Бұған наразылық білдірген Т. Рысқұлов және басқа ұлт зиялылары БК(б)П Орталық Комитеті қарамағына шақырылып алынды, ал С.Садуақасов, С.Сейфулин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев ұлтшыл деп айыпталды. Бұрынғы ұлттық зиялылардың шағын тобы да қуғынға ұшырады.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы «Аса ірі бай шаруалары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет шығарды.
Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды жанталаса жүргізді. Ұжымдастыру қозғалысындағы бұрмалаушылықтар үшін айрықша жауапкершілік Қазақстанда «Кіші Қазанды» жүзеге асыру теориясы авторының мойнында жатыр.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының XV съезі (1927 ж 2-19 желтоқсан) шақырылды, ол ауылшаруашылығын мейлінше ұжымдастыру, жаңа техникамен жарақталған социалистік ірі ауылшаруашылық өндірісіне көшу жағдайында қарар қабылдады.
Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру “тәрбиелеу мақсатымен” тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқытуды күшейту тәсілдері – кең тараған түрге айналды. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар – кулак құйыршықтарының қатарына жатқызылды.
1929 ж. ғана республикада 56498 шаруа жауапқа тартылып, олардың 34 мыңнан астамы сотталды. Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды. Кей жерлерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз кәмпескелеу меншік құқығынан айыру, тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды.
Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. 1927 жылы Түркістан-Сібір темір жол магистралі салына бастады. Бұл темір жол құрылысы елімізідің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді.
20 жылдардың аяғы 30-жылдарда Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай бүкіл елдегі сияқты тұрақты емес еді. Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті. Алдымен азамат соғысының аяғына қарай Кеңес өкіметі жағына қарай көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ зиялылары зардап шекті. Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ә.Бөкейханов және “Алаш” партиясының көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады. 1930 жылы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ алқасы кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды. РКФСР Жоғарғы сотының көшпелі сессиясы дарынды сәулетшілер, инженерлер мен ғалымдар тобын (П.Т.Будасси, С.Б.Голдгор, С.А.Баграков, М.Тынышбаев т.б.) сотқа тартып, тергеу жұмыстарын жүргізді.
1937-1938 жылдарда террор жаппай сипат алды. Оның басты кереғарлығы – Кеңес үкіметінің өзінің қарсыластарын ғана емес, Коммунистік идея үшін күрескендерді де жазалауында еді. Бұл жылдарда Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан көрнекті қайраткерлер жаза тартты. БК(б)П Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, партияның тәжірибелі, адал қайраткерлері де бұл апаттан құтыла алмады. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, Қазармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмухамедов т.б. ұшырады. 1937-1938 жылдары жазалау шаралар өте күшті өтті. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:
- Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтиев, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешов, С. Арғыншиев, А. Асылбеков т.б.
- Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, Қ. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т.б.
- Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, М. Масанчи, С. Жақыпов т.б.
- қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Дулатов, М. Жұмабаев, С. Аспандияров, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Төлебаев т.б.
- орталықтан Қазақстанға жіберілген партия қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. Я. Рафальский, В. Н. Андроников т.б.
Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты. Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг т.б. Осылардың ішінде ең ірісі «ЧСИР»-халық жауларының отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері атанды. Жеке адамға тоталитарлық жүйе кесірінен 101 000 қазақстандық лагерь азабын көрді. Олардың 27 000-ы атылды.
Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945 жж.) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің екпінді күштері: фашистік Германия, фашистік Италия және милитаристік Жапония тұтандырды. Ол капитализмнің жалпы дағдырысының екінші кезеңінде империалистік мемлекеттер арасындағы қайшылықтың мейлінше шиеленісуінен басталды.
1923-1933 жылдары дүние жүзілік эконмикалық дағдарыс капиталистік елдерде саяси реакцияның барлық бағытта күшеюіне әкеліп соқты. Сөйтіп, монополистік буржуазия өз үстемдігінің буржуазиялық демократия түрлерін террорлық билікпен алмастыруға тырысты. 1933 жылы үкімет басына келген Герман фашизмі өз саясатымен, идеологиясымен Герман монополистік капиталының дүние жүзіне үстемдік ету ниетін іске асыруға ұмтылды. Расизмнің барып тұрған сорақы түрлерінің жиынтығы, агрессорлық «өмір кеңестігі» теориясы – фашизмнің негізіне арқау болды. Ол өзінің жауыздық мақсатына жету құралы тек күш көрсету, сондықтан соғыс әрбір неміс азаматы үшін қасиетті іс деп жариялады. 1933 жылы фашистік Германия Ұлттар Лигасынан шықты.
Халықаралық аренада Германияның, Жапонияның және Италияның агрессиялық күштері бас көтере бастады. 1936 жылы 25 қарашада Германия және Жапония «Антикоминтеріндік пактіге» қол қойды. 1937 жылы қарашада оған Италия қосылды.
Өзара қырқысқан капиталистік топтар дүние жүзін қайта бөлісу және товар өткізу рыноктарына ие болу үшін күресе отырып, сонымен бірге КСРО-ны құртуды көздеді. Сондықтан АҚШ, Англия, Франция өздерінің бірініші дүние жүзілік соғыстағы қарсыласы Германияның әскери экономикалық қуатын жедел қалпына келтіруге көмектесе отырып, болашақ агрессияны Кеңес Одағына қарап айдап салуға тырысып бақты. Ал қыркүйекте, Мюнхен келісімінің нәтиежесінде, Англия мен Францияның Судет облысын Германияның басып алуына келісті. Мұны АҚШ қолдады. Соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Кеңес үкіметі соғысты болдырмау, бейбітшілікті сақтау үшін ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрып, агрессорларды ауыздықтау саясатын жүргізді.
Англия мен Франция үкіметтері қоғамдық пікірден сескеніп және Германияның одан әрі күшеюінен қауіптеніп, КСРО-мен келіссөз жүргізді. Бірақ, Англия мен Францияның теріс бағыт ұстауы салдарынан келіссөз сәтсіз болды да, 1939 жылы 23 тамызда КСРО өз қауіпсіздігі үшін Германиямен өзара шабуыл жасаспау шартына келісті. Кеңес үкіметінің жүргізген дұрыс және дәйекті саясатының нәтижесінде, екінші дүние жүзілік соғыс Батыс державалардың үмітін ақтамай, капиталистік дүниенің өз бетіндегі державалардың үмітін ақтамай, капиталистік дүниенің өз бетіндегі қақтығысынан басталды.
Соғыстың бірінші кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек – 1941 ж. 21 маусым) - фашистік Германияның соғыста уақытша жеңіске ие болған кезі. 1939 ж. 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы еді. 3 қыркүйекте Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялады. 1939 ж. 23 тамыздағы Кеңес-Герман келісімі бойынша КСРО-ның әскері Батыс Белоруссияға, 17 қыркүйекте Қызыл Армия совет-поляк мемлекеттік шекарасынан өтіп, Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны қосып алды. 1939 ж. қыркүйек – қазан айларында КСРО Эстония, Латвия, Литваны күшпен қосып алды.
1939-1940 жж. совет-фин соғысы барысында КСРО өзінің Солтүстік батыс шекарасын қауіпсіздендіруге жағдай жасады. 1940 ж. 12 наурызда КСРО мен Финляндия өзара бейбіт шартқа қол қойды. КСРО-ның шекарасы батысқа қарай 200 км жылжытылды. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағанымен 1940 ж. мамырға дейін ешқандай ұрыс әрекетін жасамады. 1940 ж. гитлершілдер Норвегия, Дания, Бельгия, Голландия, Люксембург және Франция басып алды. 1940 ж. жазынан бастап гитлершілдер Шығыстағы агрессияны шұғыл күшейтті. 27 қыркүйекте Германия, Италия және Жапония өзара Үштік одақ пактісіне қол қойды.
1940 ж. 18 желтоқсанда Гитлер КСРО-ға қарсы соғыстың «Барбаросса жоспарын» бекітті. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде «Остландия» (Белоруссия мен Прибалтика), «Украина» (Украина, Россия, Волга өңірі, Воронеж), «Москва» (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Вятка, Казан, Уфа, Пермь), «Еділ-Орал», «Үлкен Түркістан» сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына (Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан) кіргізілді. 1941ж. 22 маусымда фашистік Германия соғыс жарияламастан, жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Елімізде 2 миллионнан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті. Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1 200 000-ға жуық (1 196 164) қазақстандық аттанды. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оқу орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16 000 әскери офицер даярлайды. 42 000 қазақстандық әскери училищеде оқыды.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабриканы, кәсіпорынды Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіп орындары негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Беларусь жерлерінен әкелінді.
Москва қаласы мен Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авиация жасау зауыты, Дзержинский атындағы электротехника зауыты, Москва рентген зауыты, С. Орджоникидзе атындағы механика т.б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан 40 зауыт орналастырылды.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника зауыты, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты т.б.
Соғыс жылдарында Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізге әскери өнеркәсіп базасы болды. 1942 ж. Қазақстан КСРО-да өндірілген көмірдің 13%, қорғасынның 85%, молибденнің 60% берді. Ауыл шаруашылығының жағдайы өте ауыр болды. Жұмысшылар саны 600 000 адамға кеміді (1942 ж.). Ерлердің жаппай майданға аттануы себебінен 1942 жылы шаруашылықта әйелдер еңбегінің үлесі 75% -ке жетті.
Қазақстан майданды малмен және мал өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі республика болды. Соғыс кезінде Қазақстан мал саны жөнінен одақта Ресейден кейінгі 2-орында болды.
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар Кеңес әскерлерінің қатарында жауға қарсы соғысты. 1 миллион 200 мың жерлесіміз Кеңес әскерлерінің қатарында болды. Соғыстың алғашқы айларында қазақстандықтардан 238, 310, 114, 316, 387 және 391 атқыштар дивизиясы құрылды. Қазақстандықтардың ерлік істері сол кездегі астанамыз Москваны қорғауда ерекше көрінді. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясы астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғау тапсырылды. Генерал-майор Панфилов басқарған дивизия өзіне берілген тапсырманы абыроймен ақтап шықты. Осы соғыста Панфиловтың өзі де қаза тапты.
Аға лейтенант панфилофшы Бауыржан Момышұлы Москва түбіндегі ұрыста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Сонымен қатар Москваны қорғауда ерекше ерлік көрсеткені үшін панфиловшылар Вихревке, Мәлік Ғабдуллинге, Төлеген Тоқтаровқа, Рамазан Амангельдиевке Кеңес одағының батыры атағы берілді.
1941 жылы желтоқсан айында Москва түбінде неміс әскерлері алғаш рет жеңіліске ұшырады. Москва түбіндегі ұрыстың үлкен тарихи маңызы болды. Бұл соғыс неміс әскерлері жеңілмейді деген дақпыртты жоққа шығарды. Кеңес әскерлерінің Москва түбіндегі жеңісі басқа халықтардың да фашизмге қарсы көтерілуіне мүмкіндік берді.
1942 жылдың шілде айынан 1943 жылдың ақпан айына дейін созылған Сталинград шайқасы Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болды. Бұл ұрыста Германия 1,5 млн. адамнан айырылды. Генерал-фельдмаршал Паулюс бастаған 22 неміс дивизиясы талқандалып, тұтқынға түсті. Сталинград шайқасында қазақстандық 38 атқыштар дивизиясы болды.
Сонымен бірге қазақстандықтар жау тылындағы партизан соғысына да белсене қатысты. Олар Украинадағы, Белоруссиядағы, Ленинград облысындағы партизан қозғалыстарына қатысты. Партизан қозғалысының қатарында Ғұсман Ахмедияров, Әди Шарипов, Жұмағали Сайн, Жангелдин, Омаров тағы басқалар болды. Қасым Қайсенов Украинадағы партизан отрядтарының бірін басқарды.
Жалпы алғанда қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының барлық майдандарына қатысып ерекше ерлік көрсетті. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олардың 100-і қазақ.
Олардың қатарында Шығыстың қос жұлдызы аталған Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, жаудың пулеметін кеудесімен жапқан Сұлтан Баймағамбетов, жанып бара жатқан самолетін жаудың үстіне түсірген Нүркен Әбдіров және тағы басқалар бар.
Ерекше ерлік көрсеткені үшін 4 қазақстандыққа 2 рет Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олар: Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Иван Павлов. 1945 жылы май айында Берлиндегі рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақстандық Рахымжан Қошқарбаев еді.
Германия әскерлері Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы Ресейдің көптеген аудандарын басып алғаннан кейін соғыстың бар ауыртпалығы Қазақстан мен Орта Азия Республикаларына түсті. Қазақстанда 1941-1945 жылдары 460 завод, фабрика, рудник, шахталар салынып іске қосылды. Олар соғыс қажетіне байланысты қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа өнімдер жасады. Қарағанды көмірі, Ембіның мұнайы, Шымкент қорғасын заводының қорғасыны, Алматы Киров заводтың оқ-дәрісі майданға өте үлкен көмек жасады. Қазақстанда соғыс жылдарында 500 мыңға жуық кісі майдан мақсатындағы жұмысқа тартылды және 200 мыңнан астам қазақстандықтар Ресей кәсіпорындарында еңбек етті. Тылдағы еңбекшілерден тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер Ыбырай Жақаев, Ким Ман Самды, астық өсірушілер Мұнира Сатыбалдина, Нүрке Алпысбаевалар ерен ерлік көрсетті.
Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылыми академиясының қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ.И.Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын және түсті металдар институттары, Киев университеті ерекше екпінді еңбек етті. Соғыс жылдарында Қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары: Алматы шет тілдер институты, Шымкент технология институты, Дене шынықтыру институты т.б.
90-ға жуық ақын, жазушы майдандағы жауынгерлер қатарында болды. Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңызды», С. Мұқанов «Өмір мектебін», М. Әуезов «Абай» роман-эпопеясының 1 кітабын жазды. А. Толстой Қазақстан жерінде болғанда, «Иван Грозный» кітабын жазды. Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді. 1941 жылы Қазақстанға «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде 23 кино-картина түсірді. Олардың ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты танымал кинокартиналар бар. Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған майдан», «8-гвардиялық» сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11 концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен мәдениет майдан қажетіне осылай аянбай қызмет етті.
ХХ ғасырдың елеулі оқиғасы болып табылатын екінші дүние жүзілік соғыс КСРО-ның жеңісімен аяқталды. Ұлы Отан соғысында КСРО 27 млн. адамнан айырылды. 600 000-ға жуық қазақстандық майданда қаза тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет