БОЛОН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ немесе Болондық процесс деген не?
1999 ж. 19 маусымда Болонья қаласында (Италия) Еуропа елдерінің білім министрлері қол қойған жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық туралы декларация.
Болон декларациясының негізгі мақсаты - Еуропада біріңғай жоғары білім кеңістігін құру.
Неге Болондық деп аталады? Өйткені, өз уақытында Еуропадағы алғашқы университет 1158 жылы Фридрих Барбаросстан сәйкес “Authentica Habita” мақтау қағазын алған Болондық құқық мектебі болды.
Қазіргі білім беру моделі қандай?
Қазақстанның ЖОО Білім берудің 3 жүйесі енгізілген. Олар:
Бакаллавр;
Магистратура;
Докторантура РһD
Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы
Елімізде 2008 жылдан бастап, Елбасының идеясымен “Интеллектуалды ұлт - 2020” ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді.
Жобаның басым бағыттары: білім беру жүйесінің инновациялық дамуы, ақпараттық революция, жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу.
Жобаның мәні туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Интеллектуалды ұлт -2020” ұлттық жобасы идеясының негізгі мақсаты - Қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру”, - деген еді.
«Интеллектуалды ұлт - 2020” бағдарламасының 5 бағыты
1. Энергетика.
2. Шикізаттар мен өнімдерді терең өңдеу.
3. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар.
4. Өмір туралы ғылымдар.
5. Елдің интеллектуалды потенциалы
5. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі
Серпін-2050” Мәгілік ел жастары-индустрияға” Мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан жұмыс істеп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |