26 Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректер. ∆ Наймандардың тарихта ірі мемлекеті және сол ғасырдың беделді тайпасы болғанын парсы тарихшысы Рашид әд-Дин жазады. Найман тайпасы көптеген хандықтар, ұлы ұлыстар мен қағанаттардың негізін көтерген соның бірі Шыңғысхан империясы. 15 ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Қазақ хандығын құрушы Керей мен Жәнібек сұлтандарды бірінші қолдаған тайпа. Наймандар Қытай деректерінде Орта Азияның көне және Алтай тауы мен Саян жотасының ең мықты тайпасы ретінде жазылады. Батысында Ертіс өзені бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңтүстігінде Ұйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғысхан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғысхан және керейлер ханы Тоғрыл (Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. Жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді.Найман мемлекетi. Найман мемлекетi Батыс Монғолия мен Шығыс Қазақстан жерiн иеленiп, ХII ғасырдың екiншi жартысында өзiнiң Гүлденген кезеңiне жеттi. Наймандарда қала мәдениетi, егiншiлiк да-Мып, көршi мемлекеттермен сауда қатынастары кеңейдi. Дәл осы кезеңде Барлық сегiз тайпа бiртұтас мемлекетке бiріктi. Мемлекеттің ордасы Ор-Хон өзені жағасындағы Балықты қаласы болды.Наймандардың батыстағы көршiсi Ертiстiң бас жағын мекендеген Қыпшақтар, солтүстiкте Енисей қырғыздары, шығыста керейiттер едi. Керейiттермен бейбіт қатынастар жаугершiлiк кезеңдермен алмасты.Наймандар Орталық Азиядағы көшпелiлерге билiк жүргiзу үшiн кеРейiттермен бақталас болды. Наймандар Керейiт мемлекетiнiң тағына өзiнiң адамдарын бiрнеше рет отырғыза алды. Алайда ХII ғасырдың соңы – ХIII ғасырдың басында Найман хандығының өзi екi бөлiкке ыдырап кеттi.Осы кезеңде монғол көсемi Темучин (Шыңғысхан) нығая бастады. 1201 жылы наймандар монғолдардың күшеюін тоқтату мақсатында Түркі тілдес тайпа өкiлдерi қатысқан құрылтай ұйымдастырды. Алайда Сол жылы наймандар мен олардың одақтастары монғолдардан жеңiліске Ұшырады. 1204 жылы монғолдар наймандарды толықтай жеңдi. Найманның соңғы билеушiсiнiң ұлы Күшлiк қалған әскерді жинап, Жетiсуға Қоныстанды ∆Керейіт — (моңғ. Кэраид — христиандар) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Керейт – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Кіші жүз құрамындағы жетіру бірлестігіне кіреді. Керейттен Ақсақал, Бозаншар рулары тарайды. Керейт тайпасының тарихы көне жазба ескерткіштерде 7 ғ-дан белгілі. Онон, Керулен, Арғұн өзендерінің аумағын жайлаған қабырғалы Керейт хандығымен сабақтастырыла қаралады. Бұл ретте сол заман оқиғаларын қағазға түсірген Рашид әд-Диннің, Қыдырғали бектің, Әбілғазы ханның еңбектерінде хандық аты да, оны құраған тайпа атауы да Керейт деп аталады. Шыңғыс ханнан ығыса отырып, Ертіс, Обь бойын теріскейге қарай жайлаған, кейін Орта жүз құрамына енген Керейттер уақыт өте келе, байырғы атау соңындағы “т” қосымшасын айтпайтын болды. Ал өзбектердің, қырғыздардың құрамына кірген Керейттер, Кіші жүздегі өз руластары сияқты бастапқы көне атауларын сақтап қалды. Соған қарағанда Кіші жүз құрамындағы Керейттер Шыңғыс хан жорығымен бірге Орта Азияға жетіп, сол елдерді Шыңғыс хан империясының құрамына қаратуға ат салыса жүріп, осы аймаққа тұрақтап қалған. Кейін олардың бір бөлігі өзбектің, екінші бөлігі қырғыздың, үшінші бір тобы Кіші жүздің құрамына енді. Ұраны – Ақсақал, таңбасы. Керейіттер туралы алғашқы деректер XII ғасырдың басына жатады. Онон, Керулен өзендерінің бойында және Бұйырнұр көлінің жағалауында, яғни Моңғолия аумағында, деп жазады Рашид адДин, керейіт тайпасы мекендеді. Алайда, бұл тайпа аталған уақыттан едәуір ертеректе өмір сүрген деп санау керек, өйткені XII ғасырға қарай ол Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған. XIII ғасырдағы керейіттер туралы мәліметтерді біз Г. Рубруктің, Плано Карпинидің, одан соң Марко Полоның жазбаларынан табамыз. Бұл арада осы тайпаның саяси тарихын қарастырып жатудың қажеті жоқ, бұл біздің міндетімізге кірмейді. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, оның империясы құрамына кіргенін ғана айтып өтпекпіз.ХII ғасырда керейiттер солтүстiгiнде Орхон өзенiнен, оңтүстiгiнде Хуанхэ өзенiне дейiнгi жердi иелендi. Бас ордасы Битөбе деген Жерде орналасты.ХII ғасырдың екiншi жартысында Керейiт мемлекетiн Тоғрұл хан Басқарған кезде мемлекеттiң аумағы өсiп, нығайды. 80-жылдардың басында Тоғрұл монғолдардың жас қолбасшысы Темучинге қолдау көрсетті. Осы әрекеті арқылы өзiнiң монғолдар арасындағы ықпалын нығайтуға Тырысты. Біраз уақыт Тоғрұл хан керейіт-найман одағының жетекшісі Болды. ХII ғасырдың соңы – ХIII ғасырдың басында Керейiт мемлекеті әлсiреп, монғолдар күшейді. 1203 жылы бұрынғы одақтастар арасында соғыс Болып, керейiттердiң жеңiлуiмен аяқталды. ∆Меркіттер– ежелгі түркі тайпасы. Орта жүз Керейдің ішіндегі бір ру. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, “Меркіттер” атауы Мэргэд (Мерген – түбір сөзі де, “д” – тунгусмоңғолша көптік жалғауы) ұғымынан шыққан. Өйткені Меркіттер “құралайды көзден атқан” хас мергендер болған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Меркіттер ерте орта ғасырда мемлекет құрған. Олар 9 – 10 ғасырларда “Цзубу” одағына қарайтын 18 тайпа құрамында қидан билігінде болған. Байкөлден (Байкал) Селенга өзенңнің орта бойы Орхонға дейін, Бүрэн жотасы, Хан тауы, Қасқа бүркіт жотасы, Ноян, Дэлгэрхан жотасын мекендеген. Үш меркіт одағы (Мэә-Ли-Зи) 11 – 12 ғасырларда ерте мемлекеттік құрылым (ұлыс) деңгейіне көтерілді. Ұлысты Тудур Билге Чигин басқарып тұрған шақта әскері үш топқа бөлінген. Тоқтыбектің (Тоқтабек) тұсында өзіндік орда гвардиясы болғаны жайлы дерек бар. Меркіттер көрші наймандармен тату-тәтті өмір сүрді. Керейттер (керейлер) Меркіттерді төрт дүркін шапқан. Шыңғыс хан бастаған боржигендер тарих сөресіне шыққан тұста оларға ең әуелі қарсылық көрсеткен Меркіттер болды. ∆Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Үйсін тайпасына кіреді. Жалайырлар Ортағасырларда жалайырлар туралы мәлімет берiлген дерек көзi : Монгол шежірелері Шынгысханнын ант берген басында адал досы , кейiн кас жауы болган ; Жамука 1201 жылы Аргун өзенiнiң бойында еткен кұрылтайда такка отырган жалайыр билеушiсi езiн жариялады : Гурхан деп Шынгысханнын жалайырлар тайпасынын iшiндегi ен жакын адамы , акын , әрi батыр : Мукылай Жалайырларда улыстын iшкi iстерiн жүргiзген лауазым иесі : Шерби Жалайырларда әскери баскаружуйесi бөлiнген кезен : ХПгасыр Жалайырларда тумен басын сайлады : хан