Наймандардың шығу тарихы(Кенже-Матай)



Дата23.12.2022
өлшемі4,43 Mb.
#164121
Байланысты:
Найманның шығу тарихы през.
410180.pptx

Наймандардың шығу тарихы(Кенже-Матай)

Қалқаман аяжан 10б

Наймандар дегеніміз кімдер?

  • Наймандар — қазақ халқын құраған ежелгі ірі түркі тайпаларының бірі. Наймандардың тарихта ірі мемлекет және сол ғасырдың беделді тайпасы болғанын парсы тарихшысы Рашид әд-Дин жазады.

Наймандардың шығу тарихы

  • Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. 

Әртүрлі Зерттеушілердің тұжырымдамалары:

  • Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғасырдан бастап “сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман” сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова.

Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, “Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ” (“сегіз тайпа”) деп 10 ғасырда қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғасырдан “найман” деп атала бастаса да, 13 ғасырға дейін бұрынғы “сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.

  • Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, “Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ” (“сегіз тайпа”) деп 10 ғасырда қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғасырдан “найман” деп атала бастаса да, 13 ғасырға дейін бұрынғы “сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.

Тарихы

  • Тарихы
  • Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа дейін созылып жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен Орхон өзендері аралығында ежелден көшіп жүрген тайпалар қатарында таниды. Ол – сонау жыл санауымызға дейінгі екінші ғасырлардан бастап дәуірлеп, Орта Азиядан Сары өзенге дейінгі байтақ аймақты жайлаған Хунну (ғұн) ұлысының, біздің жыл санауымыздың бастапқы ғасырларында қытай жазбаларында «теле» деген атпен әйгеленген байырғы киіз туырлықты қандас тайпалар қауымдастығының кесек бір сынығы.

Матай руының шығу тарихы

  • Мадайдың түбірі АД (Ат), ары қарай Ада (Ата), Дай (Тай), Адай (Атай), Мадай (Матай) болып шығады. «Д» таңбасының «Т»-ға ауысып отыратын себебі, «Т» дыбысы әрқашанда толып, толысқан бір Атаның «бір рулы елге» айналған ұрпағы енді ол өзгермейді деген мағына береді.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет