Табиғаттағы еңбек Бұл топтағы балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем береді, тәрбиешінің көмегімен бөлмедегі өсімдіктерге су құю, үлкен жапырақты сүрту, гүлдердің ірі тұқымдарын себу, пияз отырғызуға, қазылып, өңделген жердегі өсімдіктерді суару, көкіністерді жинау, қар күрейді.Үлкендермен ықыласты қарым-қатынас жасауға, олардың еңбегіне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Қол еңбегіне қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен әр-түрлі ойыншықтар, сәндік бұйымдар жасауға баулу, қағаздан, картоннан, табиғи материалдардан сюжетті-рөлді ойындарға арнап ойыншықтар: дүрбі, жалауша, сөмке, телпек, кітапша, ойыншық мүліктер, жиһаздар, орамал, салфетка, ата-аналарға, балалар бақшасының қызметкерлеріне, кіші тобындағы балаларға сыйлықтар жасауға үйрету.
Материалды қажетіне қарай үнемдеп жұмсау, еңбектеніп жасаған заттарын сақтай білу, өз қалауы бойынша кітаптарды жөнге келтіру, қуыршақ киімдері мен ойыншықтарды жөндеуге үйрету.
Оқу іс-әрекетке және өз бетімен жұмыстарына керекті құралдар қораптар, ине түйрейтін жастықшалар, санау материалдары жасауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |