11. Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасымен жұмысы
Мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен отбасы іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары, Бұл мәселеде педагог мамандар мен отбасының үйлесімі, сондай-ақ ата-аналардың тәрбие жұмыстарына қызығушылығы арқылы оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге болады
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелер: МдҰ мен отбасы сабақтастығының стартегиясын жасау; мәдени іс-әрекеттерді анықтау яғни, тек ата-аналармен жұмыс атқаруды үйреніп қоймай, әрбір тәрбиеленушінің отбасын, оның ерекшеліктері мен мәселелерін түсіну.
Мектепке дайындық ата-аналарды дайындаудан басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мекемесі олардың педагогикалық және психологиялық мәдениетінің өсуіне ықпал етуі тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мекемесі мен отбасы қарым-қатынасының принциптерін қайта қарап, оларды жаңа деңгейде жасау қажеттілігі.
Сенімдік қарым-қатынас – бұл принцип ата-аналардың педагогтің кәсіби және мәдени біліктілігіне, оның отбасы тәрбиесінің мәселелерін түсініп, шешуге атсалысу қабілетіне сенімдері.
Эмансипация – ата-аналардың қалыптасқан көзқарастан арылулары яғни, баланың өзін-өзі тану тілегін ояту.
Ата-аналардың тұлғалық қызығушылықтары –балалармен қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекетті дұрыс орындауға көмектесетін тұлғалық ынтымақтастық.
Ата-аналардың өзіндік бағаларын бекіту – тек өздерін құрметтейтін ата-аналар ғана еркін тұлғаны тәрбиелей алады (әрбір ата-анаға құрмет, оның жеке тұлғалылығын мойындау; ата-аналарды сынаудан бас тарту, оларға қолдау көрсету).
Ата-аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы – Бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Халық арасында қазақ халқы өз үй ішін «Отбасы» деп атайды, бұл тек ошақ басы мағынасын ғана емес,Отанның ошағы түсінігін білдіреді. Кезкелген адам үшін отбасы, туған жері,үйі, елі, мемлекеті, діні мен тілі – бұл оның Отаны. Халық арасында ежелден «Отбасы – өмір тұтқасы» деген ұғым бекіген.
Достарыңызбен бөлісу: |