2.Балабақшадағы серуен және оның құрылымы
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен кезінде бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру біріншіден жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс - тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты.
Серуен – мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |