5.Балалар бақшасындағы оқыту, оның өзіндік ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жаста балалар қоршаған орта жайлы көптеген мағлұмат алады.Олардың ой-өрісі кеңейе түседі.Әр түрлі ойындар, серуенге экскурсияға шығару мектеп жасына дейінгі балалар үшін өзінше сабақ болады.Бұл жұмыстар балалар бақшасында белгілі бағдарлама бойынша жүргізіледі және балаларды әрі қарай мектепке оқуға дайындайды.Бала өзінің айналасындағы заттармен, олардың маңызымен және өмірде не үшін қолданылатынымен танысады, олар өлең айтуды, ана тілін, алғашқы санау жұмыстарын, оқып үйрене бастайды.Ең ересек топта-мектепке дайындау тобында-балаларды жаза бастауға үйретеді.Ал балалар бақшасындағы оқыту, негізінде ауызша жүргізіледі.
Тәрбиешілер баларды қызықтыруға, ойлануға, еске түсіруге, салыстыруға, көргендері мен естігендерін айтып беруге баулитын әдістер қолданады.Мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізген кездекөрнекті құралдар кең қолданылады.Мұндай көрнекі құралдарға жататындар: халық шеберлері жасаған заттар, үйде қолданылатын заттар, табиғи материалдар сол сияқты балаларға арналған бейнежазбалар, үнтаспа, суреттер. Көрнекті құралдар ішінде қолдан жасалғандары көп болады. Оларды тәрбиешілер,ата-аналар, сол сияқты балалардың өздері жасайды.
Театрға, мұражайға, саябаққа, мектепке және басқада қоғамдық орындарға саяхатқа бару балалардың білімін молайта түседі және ұмытылмастай айқындалып есте қалады..
Мектеп жасына дейінгі бала үшін білімнің,ойланудың,қиялдаудың үлкен көзі ертегі болып табылады.Тәрбиеші балаға ертегінің бас кейіпкерінің мінез- құлқынан және ертегі оқиғаларынан өмірдегі нақты қаһармандарды және аса бай қиялдың өзінен асып түсетін нақты өмірді көре білуге көмектеседі.Осы жастағы баланың белгілі бір топтан екінші бір топқа ауысқан сайын алатын білімінің, дағдысының шеберлігінің көлемі кеңіп, күрделілене береді.Балалардың жасына сәйкес оқыту әдістері өзгертіліп отырады.
Оқыту үнемі тәрбиелеп те отырады. Бала жинақылыққа, тәртіптілікке дағдыланады, ол тыңдай білуге және зейінін қоя білуге үйренеді, сөйтіп, оның мінез-құлқы қалыптаса бастайды.Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.
Бүгінгі таңдағы тәрбие мен білім алып жатқан бүлдіршіндер де өздерінің қабілеті мен қабылдағыштығы жағынан болашағынан зор үміт күттіреді.Олардың жаңа қоғамдағы жаңалыққа, жаңа технологияны білуге, үйренуге, меңгеруге ынталы, яғни талпынысы өте күшті.Тәрбие мен білімнің негізі мектепке дейінгі кезеңде басталатындықтан оны қазіргі заман талабына сай етіп беру міндеті уақыт талабы.
Достарыңызбен бөлісу: |