Федоров ауданыныѕ білім бґлімініѕ



бет1/5
Дата06.04.2023
өлшемі6,91 Mb.
#173884
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бағдарлама биологиядан қолданбалы курс «Экологиялық әдеп» 11 сынып
ДНҚ

Федоров ауданы әкімдігінің
«№2 орта мектебі» КММ


Бағдарлама


биологиядан қолданбалы курс


«Экологиялық әдеп»


11 сынып


2014-2015 оқу жылы


Құрастырған
Оспанова С.Қ.
жоғары дәрежелі І санатты
биология пәні мұғалімі

«Экологиялық әдеп»
курсының бағдарламасы
( 34 сағат )


Түсініктеме.

Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғаннан өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүреді.
Жер бетінде таралған барлық ағзалар бір-бірімен тығыз байланыста болады және олар өздерінің айналасындағы орта жағдайларымен де үнеиі қарым-қатынаста тіршілік етеді. Тіршіліктің осындай өзара байланысы ұзақ кезеңдер ішінде бірте-бірте қалыптасқан және ол белгілі бір табиғи заңдылықтарға бағынады. Осының нәтижесінде ғаламшарда күрделігі әр түрлі экологиялық жүйелер пайда болған.
Соңғы жылдары адамның бүкіл биосфераға әсері күшті байқалуда. Адам санының ұдайы өсуі, табиғатқа ғылыми-техникалық прогрестің ықпалының тездеуінен адамзат әрекетінің әсері ұлғайып отыр.
Қазақстандағы экологиялық проблемалар шиеленіуі жалпы әлемдік шиеленістен кем емес.
Табиғатты қорғау – бұл табиғи жер және су ресурстарын ұғымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, экономикалық заңды шаралар жүйесі.
Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдауында «Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны» туралы айтқан.Олай болса қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғатын аялайтын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу – қазіргі өмір талабы.
Экология бұл іс жүзіңде аса зор маңызы бар биология бөлімдерінің бірі. Адамзат жаһандық эволюциялық проблемалармен ХХ ғасырда кездесті. Экологиялық апат мүмкіндігінің жалғасы арта түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет