Федоров ауданыныѕ білім бґлімініѕ



бет2/5
Дата06.04.2023
өлшемі6,91 Mb.
#173884
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бағдарлама биологиядан қолданбалы курс «Экологиялық әдеп» 11 сынып
ДНҚ
Экологиялық тәрбие – «Табиғат – адам – қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруі нәтижесінде қалыптасатын жалпы білімнің бөлшегі. Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты – жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, сапасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапкершілік қарым- қатынасын қалыптастыру.Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының адамгершілік аспектісін ашуда, ақыл-ой мен сезімін тәрбиелеуде, сананы қалыптастыруда «экологиялық мәдениет» жетекші орын алады.
Экологиялық мәдениет – барлық рухани өмір мен істе көрініс табатын, адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық іс-әрекетпен, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын тұлғангың ерекше қасиеті.
Бұл курстың негізгі мақсаты:

1. Жас ұрпақтың экология және экологиялық көзқарастың негізін білуі;


2. Экологиялық тепе-теңдікке және қоршаған ортамен қауіпсіз өмір сүруге қол жеткізу;
3. Табиғатқа деген экологиялық мәдениетің қалыптастыру;
4. Туған өлкеміздің табиғатын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.


Курстың міндеттері:

  • Тәрбиелік міндеттері:

  • оқушыларды айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға баулу, табиғатты аялауға, сүйе білуге үйрету.

  • Білімділік міндеттері:

  • экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді білуді, табиғи ортамен қатынасқа байланысты заңдылықтарды ұғындыруға бағытталған.

  • Дамытушылық міндеттері:

  • оқушыларды бақылай білуге, бақылау нәтижелерін талдап түсінуге үйретуге, экологиялық сауаттылыққа бағдарлауға негізделген.

Бағдарламаның құрылымы.

Бұл бағдарламада 9-11 сынып оқушылары үшін экологиялық әдеп бойынша лекциялармен практикалық жұмыстар берілген. Оқыту көлемі жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан. Практикалық бөлімінде табиғатқа, кәсіпорындарға экскурсия, қыста үй маңындағы және ормандардағы құстарға қамқорлық жасау, табиғаттың құқығы, заңдары жайлы және қоғамдық экологиялық қозғалыстары туралы қабырға газетін даярлап шығару, рефераттар дайындап және оларды қорғау қарастырылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет