24.Балабақшадағы күн тәртібі, оның маңызы мен міндеттері
Баланың дұрыс дамып өсуінің, тәрбиеленуінің негізі - күн тәртібі.
Күн тәртібі дегеніміз баланың күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты, белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті күн тәртібі.
Балалардың денсаулығы және денесі дұрыс дамуы үшін күн тәртібінің маңызы зор. Баланың тамақтанатын, ұйықтайтын, серуенге шығатын, ойнайтын және оқу қызметінің әрдайым біркелкі болуы - дұрыс тәрбиелеудің міндетті шарты.
Баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін күн тәртібі:
Балалардың жас ерекшелігін ескеру(жасына қарай қимылдарының өзгеруі)
Балалардың психикалық даму дәрежесі;
Балалар денсаулығы;
Күн тәртібінің тұрақтылығы;
Жыл мезгілдері ерекшеліктері;
Балалардың бақшада болу уақыты;
Ата-аналардың жұмыс уақытына
байланысты құрылады.
Күн тәртібіне сергіту, ұйықтау, тамақтандыру, серуендету, ойнату, оқыту әртүрлі еңбекті ұйымдастыру жатады.
Балабақшада тәулік бойы болатын балалар топтарының күн тәртібін құрудың өзіндік ерекшеліктері:
жалпы бағдарламалық талаптарға сүйену,
тәрбиеленушілердің балабақшада болу уақытының ұзақтығы,
жүргізілетін шынықтыру және тәрбие шаралары,
жеке-дара жұмыстар,
оқу,
мәдени-гигиеналық дағдылар қалыптастыру,
сабақ, серуен мерзімі ұзартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |