26.Ұлттық бірегейлікті сақтап қалу мен дамыту. Жаһандану бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік процесс болып табылады. Жаһандану кезеңінде Қазақстан өзінің ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігін (идентичності) сақтап қалу мəселесі туындайды. Осы арқылы мемлекетіміз əлемдік ұйымдарда өз орнын сақтап, нығайта алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл дегеніміз жаһандану кезеңінің барлық жағдайларына көне бермеу керек, яғни Қазақстан тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Сонда ғана ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтап қала аламыз.Тəуелсіздіктің қалыптасуы,ұлттық мемлекеттіліктің дамуы қоғамдағы біріктіру факторы болып табылатын салауатты ұлттық бірегейлілікті қалыптастыруымен тығыз байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едəуір ықпал ете алады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттік құрылысында екі бағыт айқын анықталды. Бірақ оларды зерттемес бұрын, біз «ұлт», «этнос» жəне тағы басқа ұғымдардың мəнін жəне мазмұнын ашып, анықтап алуымыз керек.Этнос жəне ұлт — əр түрлі əлеуметтік құбылыстар. Ю.М.Бородай олардың айырмашылығын жақсы көрсете білді. Этностық қауымның спецификасы адамның антропогенетикалық ерекшелігіне негізделеді. Сондықтан да этникалық «табиғи» қауымның дамуы ешқандай мемлекет басқаруын қажет етпейді. Керісінше, ұлт мемлекет пен азаматтық қоғамның жемісі болып табылады. Егер этноста адамдардың арақатынасы əдет-ғұрып арқылы реттелсе, ұлттық қауымда бұл қатынастарды құқық реттейді. «Ұлттың ең негізгі қасиеті оның алғашқы табиғаты полиэтникалық немесе жоғарғы этникалық болып келуінде. Егер де тайпаны «праэтнос» деп санасақ, онда ұлт этностан кейінгі болып саналады» .Ұлтты зерттейтін тұжырымдамаларға тоқталсақ, М.Вебердің пікірінше, қай жерде адамдар өздерінің бар екендігіне сенсе немесе қауымдастыққа жататындықтарын сезінсе жəне автономиялық мемлекетте өзін танытуға ұмтылса, ол жерде ұлт бар [2]. Ұлттың өмір сүруін нақты бір адамдар тобы басқа топтардың алдында өздерінің тұтастық сезімін білдіргендігімен көрінеді. М.Вебердің ойынша, бұл тұтастық сезімі толығымен субъективті емес, оның тамыры объективті факторларда жатыр, яғни, бір нəсілде, тілде, дінде, əдеттер мен саяси тəжірибелерде, бұлардың əрқайсысы ұлттық сезімді келтіреді. Веберлік тұжырымдамада қай жерде əр түрлі адамдарды байланыстыратын жəне оларды басқалардан айырып беретін бірнеше объективті факторлар болса; қай жерде осы фактор ортақ құндылықтар көзі ретінде саналып, сонымен бірге оларға қатысты тұтастық сезімін тудырса; қай жерде осы тұтастық автономды саяси институттарда өзінің көрінісін тапса, сол жерде ұлт қалыптасады. М.Вебердің пікірінше, адамдардың қауымдастығын, егер ол өзіндік автономды мемлекетінде біріксе немесе бірігуге тілек білдірсе, ұлт деп санауға болады.
Ұлттық бірегейлікті сақтауБілімнің салтанат құруы
Достарыңызбен бөлісу: |