1.Қазақстан тарих толқынында



бет1/56
Дата09.05.2020
өлшемі118,06 Kb.
#66752
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Модернизация шпор


1.Қазақстан тарих толқынында1995 жылы Президенттің тапсырысымен Президент жанындағы мемелекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданды. Мұнда тарихтың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінің ерекше маңызы көрсетілген, тарихи білімнің негізгі басымдықтары, тарих ғылымының проблемалары, тарихи білім беру мен ағарту ісі­нің келешегі белгіленген болатын.Елбасы жарлығымен үш жыл қатарынан тарихи танымға айрықша назар аударылды. Олар: 1997 жылы – Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу; 1998 жыл – «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жыл – «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» еді.Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді.2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев бұрын-соңды болып көрмеген «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдау керектігін жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған 2004-2011 жылдар аралығында – Қазақстанның тарихы мен этнографиясы бойынша 26 арнаулы зерттеу жүргізілді. Дегенмен, мұның бәрі – тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстың басы ғана еді.Н.Ә.Нұрсұлтан «Қазақстан–2050» Стратегиясында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» – деген тұжырым жасаған. Міне, осыған орай Президенттің тапсырысымен «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы жасалмақшы. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқасында сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасауды; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін нығайту, ұлттық жаңа дүниетанымын қалыптастыруды; Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдауды айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл бағдарлама Қазақстанның тарих ғылымына сапалық секіріс әкелетіні сөзсіз.Тарих ғылымына неліктен ерекше мән беруіміз керектігіне байланысты пікірді «Тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұлдыр. Планетада мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы, өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы» деп дәйектеуімізге болады.Тарих – шын мәнінде ұр­пақты отансүйгіштікке тәрби­елеудің негізгі қайнар көзі. Ел­басы тарих туралы тағы бір сөзінде «Өркениетті алға бас­тырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды», – дейді.Қазір өмір көрсетіп отыр­ғандай, патриотизмді тәрбиелеу ұрпақты еліміздің тарихи жақсы дәстүріне сүйіспеншілік сезімін дамытып, қалыптастырумен ға­на бітпейді, оған отанымыздың прогрестік жолмен дамуына кеселдік жасап отырған күш­термен күресуге шақырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет