1.Қазақстан тарих толқынында


Қазақстанның саяси жүйенің эволюциясы: негізгі кезеңдердің сипаттамасы



бет18/56
Дата09.05.2020
өлшемі118,06 Kb.
#66752
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
Модернизация шпор

19.Қазақстанның саяси жүйенің эволюциясы: негізгі кезеңдердің сипаттамасы.Қазіргі таңдағы қоғамның саяси өмірі — аса күрделі, әр қилы әрі қарама-қайшылықтарға да толы. Оған қатысушылардың (саясат субъектілерінің) саны орасан көп, олардың ішінде ең көрнекті орын саяси партияларға тиесілі.Қазақстанның саяси жүйелерінің қалыптасуы КСРО-ның әлсіреуімен, дағдарысымен және ыдыраушылығымен байланысты. 1990 жыл 25 қазанда Қазақ ССР жоғарғы кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация қабылдады. Ел ішінде және сыртқы қатынастарда мемлекеттің дербестік пен толықтыққа ие болып жатқандығы жайлы алты мақалада жарияланды. Қазақстан мемлекетті дербестікке қол жеткізді. Сонымен қатар, декларация, жаңадан одақтық келісім-шарт қарастырылды. Басқару жүйесі туралы нақтылар болсақ, мемлекет басшысы – парламентпен сайланған президент тағайындалатындығы мәлімделді.Қазақстанның саяси жүйелерінің қалыптасуы үшін екінші құжат – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі (16.12.1991.) туралы конституциялық заңның қабылдануы қажеттілік болды. Бұл жас мемлекеттің сыртқы шарттарының өзгерісімен байланысты болатын: а) 1991 ж 19-21 тамыздағы Мәскеудегі бүлік КСРО-дағы социализмді құлатты; ә) 8.12.1991 ж оқиғаның болуы КСРО-ның ыдырауына алып әкелді. Жоғарғы кеңес оқиғаларды есепке ала отырып, конституциялық заңды қабыл алды және 16.12.91 ж атын өзгертіп, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жариялады. Басқару жүйесі президенттік республикаға ауысуды құптады, үкімет президенттің алдында, жоғарғы кеңестің алдында жауапты. Президентті халық сайлайды. ҚР президенті 7.02.92 ж қаулыға сәйкес облыстардың әкімін тағайындайды. Елдің саяси жүйесін онан ары демократияландыру, 2007 жылы құрылған реформада жақсы қарастырылған. 1995 жылғы ҚР конституциясына өзгертулер және қосымшалар екі рет енгізілген болатын (1998 ж. және 2007 ж.). Дәлірек айтқанда 45 пен 98 бабы өзгертілді. "Қазақстан Республикасының конституциясына қосымшалар және өзгерістер енгізу туралы" заң демократиялық дамудың жаңа кезеңі және тәуелсіз Қазақстанның саяси жаңаруларына жол ашты. 2007-жылы мемлекет түрі президенттік республикадан президенттік-парламентікке өзгеруі басталған болатын. 2007 ж конституциялық реформаның негізгі нәтижелері төмендегідей:1 ҚР Парламенті Мәжілісінің Заң шығарушы органның қызметі қарастырылды.2 Парламенттің статусын нығайту. Бұл өзгерістер белгілі бір шарттылықтар негізінде мемлекет формасының кейінгі эволюциясы үшін өте маңызы болып табылады. Сенаттың депутаттық корпусы президенттік квота есебінен өсті (7-ден 15 депутқа дейін). Бұл квотаға Қазақстан Халықтары ассамблеясының келісімімен ұсынылған депутаттар енеді.Қазақстан парламенті мәжілісіндегі депутаттар үлесі (67 депутатқа 1998 жылы саяси партиялар тарапынан 10 орын қосылған) 107-ге өсті. 98 Мәжіліс депутаттары саяси партиялар тарапынан сайланып жатыр, ал 9 депутатты мажоритарлы негізде сайланған Қазақстан Халықтары ассамблеясы ұсынады. 2007 ж реформа бойынша ҚР парламентінде депутаттар санының жалпы артуы 38 адамға жетті, барлық депутаттар корпусы 154 адамды құрайды.3 Өкіметтің орындаушы тармағының қалыптасу тәртібі өзгеріске ұшырады. Реформадан кейін Әкімдер билігі біраз шектелді, жергілікті билік органдарының қызметіне өзгерістер енгізілді.4 Президенттің билігі мен статусы нығайды, әсіресе Республиканың Бірінші президентінің. Президент әкімшілігінің статусы күшіне енді.5 ҚР Конституциялық Кеңесінің қызметі нығайды.6 ҚР Парламентінің Сенаты Парламент қызметін атқара алады.7 Кейбір құқықтық жүйе элементтері даму сатысына көтерілді. Адам құқығы мен бостандығының қорғалуын қамтамасыз етілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет