48.Кие ұғымы: мәні мен мазмұны.Кие– қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің қасиеттілігін, жоғары тылсым күшін білдіретін ұғым. Әлем халықтары мифологиясы мен мәдениетінде аң мен құсты (сиыр, маймыл, аққу, т.б.), аспан денелерін (ай, күн, т.б.), жәндіктерді (тасбақа, айдаїар, т.б.), заттарды (пұт, ағаш, т.б.), сандарды (7, 13, т.б.), адамдарды (әулие, көріпкел, т.б.) Киелі деп санау, оларға сыйыну, табыну дәстүрі ежелден қалыптасқан. Уақыт өте келе адамдардың түрлі діндерді қабылдауына байланысты мұның кейбірі жойылып, өзгеріске ұшыраған. Ислам діні таралмастан бұрынғы дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасып, Кие деп саналған кейбір тотемдік наным-сенімдер жұрнағы қазіргі салт-дәстүрде де кездеседі (табалдырық баспау, айға қарап түзге шықпау, түтін түтету, аластау, т.б.); қ. Киелі жануарлар, Киелі күндер, Ырым.
Достарыңызбен бөлісу: |