1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері



бет101/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   156
Байланысты:
тарих сессия

51.Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері.
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді.
Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.
Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
1917 ж 30 қазанда Пировск каласында кеңес билігі ең бірінші бейбіт жолмен орнады.Себебі мұнда уақытша үкімет тұсынан бері жұмысшы және солдат депутаттарының жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі белсенді жұмыс жүргізген.Ал Семей,ОРАЛ,Торғай,Жетісу,/Атаман Дутов басқарған казак офицерлері қарсылығы/ обылысында кеңес үкіметі қарулы көтеріліспен орнатылды.Себебі:
1/казак әскерлері көп болды
2/уақытша үкімет саясатын қолдаушылар көп болды
3/бұл облыста алаш қайраткерлерінің ықпалы басым болды
Кеңес үкіметін жақтаушылар мен оган карсы күштердің билікке таласы соңында Азамат соғысына алып келді. 1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.Оның себептері: 1) Монархияның ауыр мұрасы 2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді. 3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.
Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. Сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті. Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет