1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Жылы Маңызды оқиғалар



бет20/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   156
Байланысты:
тарих сессия

Жылы

Маңызды оқиғалар

542 жыл

Қытай деректерінде «түрік» термині алғаш рет келтірілген.

551жыл

Түрік қанатының қалыптасуы

VI ғасыр

Этонгенездің ерте кезеңі көрсетілген алғашқы түркі фолклорының ескерткіштері

561-563 жылдар

Түріктер Иарндықтармен эфталиттерге қарсы одақ жасады.

568 жыл

Түрік Одағы Византиямен Иранға қарсы одақ жасады.

603 жыл

Түрік қағанатының құлауы, Батыс Түрік қанатының құрылуы.

656 жыл

Қытайлардың Жетісуға басып кіруі.

699-704 жыл

Түргеш қағанатының құрылуы.

751 жыл

Талас шайқасы (араб және қытай әскерлері, қарлұқтар арабтар жағында соғысады).

756 жыл

Қарлұқ мемлекетінің құрылуы (қарлұқ- хрестияндық митрополия)

VIII ғасыр

Қыпшақтар туралы айтылуы

870-950 жылдар

Әль-Фараби

ІХ-ХІ ғасырлар

Қимақтар мемлекеті

Х-ХІ ғасырлар

Қыпшақтар мемлекетінің гүлдену кезеңі(даму кезеңі).

940 жыл

Қарахан мемлекетінің қалыптасуы.

955-960 жылдар

Қарахан мемлекетінің ислам дінін қабылдауы

1007 жыл

Наймандар мен керейлердің хрестиян дінін қабылдауы.

ХІ ғасыр

Махмұт Қашқаридің және Жүсіп Баласағұнның шығармашылығы.

1219 жыл

Монғол шапқыншылығының басталуы.



15. Қыпшақ хандығы түркі көшпелі мемлекетінің және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде.
Қыпшақтар этнос ретінде VIII ғ. Орталық және Шығыс Қазақстанда қалыптасқан. Қолдарына билік тигеннен кейін қыпшақ хандары Сырдария, Арал және Каспий өңірнен оғыздарды ығыстырып шығарды. XI ортасына қарай қыпшақтарға, Жетісудан өзге, бүкіл Қазақстан өлкесі қарайды. Енді бұл өңір Дешті - Қыпшақ деп атала бастайды. Сонымен қыпшақтар мекендеген жер Дешті қыпшақ деп атала бастайды. Қыпшақтарды орыс деректерінде половецтер, ал европалық деректерде кумандар деп атайды.
XI ортасында қыпшақтар батысқа қарай жылжып Еділден өтіп Днепрге дейін жетіп, шығыста Алтай мен Ертістен батыста Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін, Оңтүстікте Балхаш көлінен солтүстікте Оңтүстік – Батыс Сібірдің орманды алқаптарына дейінгі жерді алып жатты. ХІ ғасырда Қыпшақ мемлекеті құрылып, осы ғасырдың орта шеніне таман күшейе бастайды. Қыпшақтардың батысқа қарай көшкен тобы орыс жерлеріне қоныстанады. Бұлар половецтер деп аталады.
XІ-ХІІ ғ. қыпшақ тайпалары Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы саны жағынан, жерінің көлемі жағынан ең үлкен тайпа болды. Қыпшақ қауымдастығы өз құрамына түркі тілдес кимек, куман, ежелгі башқұр, оғыз тайпаларымен бірге, иран тілді этникалық қауымның түріктендірілген топтарын да қабылдайды.
Шыңғыс ханның Отырарды ойрандауынан кейін, қыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалтады. Монғол шапқыншылығынан кейін, қыпшақтардың кейбір тармақтары Венгрияға, Византияға қоныстанады. Енді бір тобы Сирия мен Египетке құл ретінде сатылады. Қыпшақтар 1250 жылы Бейбарыстың басшылығымен Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті қолына алады. Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті атадан балаға мұрагерлік жолмен беріп отырған.
ХІ ғасырдың басы қимақ қағанаты құлаған соң сол өңірде билік қыпшақ хандарының қолына көшеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет