1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»



бет8/42
Дата07.02.2022
өлшемі133,42 Kb.
#94181
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
РК ТАРИХ

Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу.
Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау.
Мемлекеттік Думаның мінберінен халық мүдделерін қорғау және оларды үкіметке жеткізе алатын депутаттардың болуы.
Петербургте тұрақты өкілдік болуы.”
Айқап” нөмірден-нөмірге жер мәселесіне зор көңіл бөліп отырды. Бұл түсінікті де. Патша өкіметі орыс және украин шаруаларын қоныс аудару қозғалысының қарқынын ұлғайту мақсатына қазақтардың құнарлы жерлерін күштеп тартып алу жолымен “қоныс аудару қорын” құрды. “Айқап” жетекшілері мұндай жағдайда көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырықшылануы, “тұрғылықты ауылдық елді мекендер” салу, егіншілік негізінде қазақ шаруаларының тұрмыс-салтын өзгерту қажет деп саналды. “Қазақ” газетінің жетекшілері, ең алдымен Ә. Бөкейханов басқаша көзқараста болды. Журнал мен газет арасындағы жер мәселесі жөніндегі пікірсайыс екі жақтың да көп күшін алды.

Айқап” журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. М. Сералин “біздің ғасырымыз-ғылымның ғасыры” деп санады. Ол Ш. Марджанидің, Ы.Алтынсариннің ізбасары болды. Жәдидшілдіктің, жаңа әдіспен дауыстап оқытудың атасы И. Гаспринскийді өзінің ұстазы және тәләмгері деп білді.




Дегенмен, С.Ж. Асфендияровтың айтуынша, М. Сералин “тегінде, татар мәдениетімен және оның прогресшіл дәстүрімен мейлінше көп дәрежеде байланысты болған”.

М. Сералин бастаған “Айқаптың” ізбасарлары классикалық жәдидшілдіктің жақтаушылары болды. Олар қазақ қоғамы мешеулігінің, ескіргендігінің негізгі себебі-халықтың сауатсыздығында (надандық), молдалардың білімсіздігінде, байлардың дарақылығы мен қатыгездігінде (қайырымсыздық), отаршылардың қазақ шаруаларының талап-тонауында жатыр деп санады. Осының бәрінен шығаратын жол қоғамды оқу-ағарту, И. Гаспринскийдің жүйесі бойынша жаңа әдіспен оқыту, қазақтардың отырықшылық тұрмыс салтына көшуі (қала салу) деп білді. Өз кезінде бұлар прогресшіл идеялар еді. М. Сералин мен айқаптықтардың сіңірген еңбегі мынада: олар жәдидшілдіктен, ағартушылықтан алға кетті, өз идеяларында қазақ шаруаларының, еңбекші бұқараның бытыраңқы және стихиялы арман-тілектері мен ойларын көрсете білген революцияшыл демократтар деңгейіне дейін көтерілді. Айқаптықтарды жас түріктер деген сияқты, жас қазақтар, жас ұлттық буржуазиялық-демократиялық қозғалыстың қатысушылары деп атауға болар еді. Сонымен бірге жас ,ұхаралықтар – жәдидшілдерден айырмашылығы, М. Сералин мен оның ізбасарлары клерикализмнен азат, шынына келгенде либерал-демократтар, шаруашылық жүргізудің отырықшы фермерлік әдісін, орыстың озық мәдениетін насихаттаушылар болды. “Қазақ” газеті жарыққа шыққаннан кейін айқаптықтар арасында жік туды. Біреулер мұсылман қозғалысының жақтастарына қосылды (М. Қаратаев), басқа біреулері ағартушылықтан отаршылдық жүйені қирату, қазақ ұлттық мемлекеттігін, ұлттық білім беру жүйесін құру идеясына көшті. Түбірлі жалпыұлттық мүдделерді қорғап, дәйекті түрде ілгері басқандардың дұрыс істегенін тарихтың өзі дәлелдеді.
XX ғасырдың басындағы ағартушылық қозғалысқа біз Қазақстанда тамаша кадрлардың тұтас саңлақтар шоғырының пайда болғаны үшін міндеттіміз, олар ұлттық қайта өрлеудің басында тұрып, революциядан кейін-ақ халыққа білім беру саласындағы кең көлемді шабуылды жүзеге асыру үшін нақты негіз дайындады. Батыстағы Ағарту дәуірінің “миды тазартып” жаңа қоғамдық-саяси қатынастар үшін жол аршыған ұлы өкілдері сияқты қазақтық алғащқы ағартушылары да өз халқының санасына бостандық, теңдік және туысқандық, әділеттілік идеяларын, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес рухын сіңірді.
М.Сералин қазақ ағартушылары жас буынның жарқын өкілі болды, халық ағарту мен қазақтардың тұтас ұрпағын тәрбиелеу саласында өте көп іс тындырды. Ол өзін “балаларды жаңа әдіспен оқытуға көшу, Ақтөбеде мұғалімдер мектебінің ашылуы, жергілікті жерлерде мектептер мен медреселерде оқуы, оларда оқитындардың көбеюі қуантады” деп жазды. Ол өзінің ағартушылық идеяларын берік қорғап, былай деп жазды: “Біздің үнемі және шаршап- шалдықпай талқылағанымыздан мынадай екі қорытынды жасауға болады: қала сал, жинақы тұр, сонда ғана шағын болса да құнарлы жер үлесіне иелік ете аласың. Мектептер мен медреселерсал, мектептер аш, балаларды оқыт, қолөнерін үйрен, сонда ғана сен халықты құрайтын адам боласың. Әйтпесе сені жер бетінен жойып жібереді”.
Біздің өткендегі және қазіргі жағдайымыз” деген мақаласында М. Сералин былай деп атап көрсеткен: ғалымдар “дүниенің дамуын ұрыс шайқастарына…” ұқсатады. “Бұл соғыста адамы көп халық жеңбейді, қайта ғылымы, өнері жоғары халық жеңеді. Сондықтан біз басқа халықтармен жарыста аяқ астында қалғымыз келмесе, біз балалрды біліммен қаруландыруымыз керек”. “Қазіргі заман туралы ойлана отырып,- деп жалғастырған ойын одан әрі автор,- мынадай ойға келесің: Ресей мемлекетінде әрекет жасап, бақытты тұру үшін ғылымды, өнерді үйрену және орыс тілін білу қажет. Бұл үшін мектеп керек, ал оған төрт-бес үйдің шамасы келмейді. Елді мекендер мен кент салудан басқа шығар жол жоқ”.

Сонымен бірге М. Сералин “Айқап” беттерінде мұсылмандардың қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті нысанда баяндауға тырысқан авторлардың мақалаларын жариялап отырды.

Айқап” журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзі классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор.


Сонымен бірге журнал беттерінде кейде жаңа әдіспен оқытуға түрік-татар көзқарасын уағыздайтын жарияланымдар басылып отырды. М. Ж. Көбеевтың, Д. Қашқынбайұлының және басқалардың мақалаларында діншілдік және шариғатқа бейімдік сарыны болды. “Айқап” беттерінде түркі-татар тілінде жаңа әдіспен оқытуға артықшылық берген, А. Байтұрсыновтың қазақ жазуы саласындағы реформаторлық ізденістеріне қарсы шыққан авторлар ұйымдастырылған түрде жарияланып отырды.
Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы жағдайында едәуір шиеленіскен зор қаржы қиындықтары, зиялылардың бір бөлігінің сол кезге қарай өзінің көркемдік толысқандығымен, қазақ әдеби тілін түлетуімен, стилінің сындарлылығымен және ең бастысы-толғағы жеткен жалпы ұлттық проблемаларды қоюымен әйгілі болған “Қазақ” газеті жағына шығуы 1915 жылдың тамызында“Айқап” журналы шығуының тоқтауына себеп болды.
Ағартушылардың өздері арасында түңіліс етек жайды, олардың қатарында: революциялық әдістерді жақтаушыларға және ұстамдылық пен ымырашылдықты жақтаушыларға жіктелу тереңдей түсті. Бүкіл XX ғасыр бойында әдебиетте журналдың жабылу себептері мәселесі бойынша дау жүрді. Пікірсайысқа салынбай, ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің қайсыбірі орыс революцияларының және самодержавие күйреуінің қарсаңында ең басты ұлттық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби басылымға арналған “Қазақ” газетін құрушы (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов) бәсекелесе алуы екіталай екенін ғана ескерте кеткен жөн.
Қазақ” газеті. “Қазақ” газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. “А. Байтұрсыновтың шебер басшылығы мен жанқиярлық еңбегінің арқасында,-деп жазды М. Дулатов,-жоқтан барды жасаған деуге болатын және патшалық-полицейлік режимнің ауыр жағдайларында тіршілік еткен газеттің жабылар алдында өз баспаханасы, қағаздың үлкен қоры, шағын кітапханасы болды, таралымы 8000-нан асты”. Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстық қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондай-ақ Түркия мен Қытайдағы оқырмандар алып тұрды.

XX ғасырдың басындағы демократияшыл қазақ зиялыларының бүкіл азаттық қозғалысы сияқты, бұл газеттің де жетекші бағытын белгілеуде қазақ халқының бостандығы жолындағы аса көрнекті күрескер, саясатшы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, статистик-социолог, көсемсөзші, энциклопедиялық тұрғыдағы ғұлама Ә. Бөкейханов зор рөл атқарды.
Біртұтас болып біріккен ғажайып үштік-А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасырдың ұлттық газетін құра білд. Олар “Қазақ” газетінің төңірегіне қазақ демократиялық зиялыларының бүкіл бетке ұстарларын, соның ішінде Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ғ.Қарашев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, Б. Майлин, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов, С. Дөнентаев, М. Шоқай, М. Тынышбаев және басқа да көптеген адамдар сияқты көрнекті қайраткерлерді топтастыра алады. Дегенмен де, негізгі идеялық-теориялық салмақты А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов көтерді. Зерттеуші К. Атабаевтың деректері көрсетіп отырғандай,“Қазақ” газетінің беттерінде жарияланған, бүгінгі күні қолда бар және “Қазақ” басылымы жинағында келтірілген материалдардың жартысынан астамын солар жазған. Тек Ә. Бөкейхановтың өзі “Қазақ” үшін 200-дей мақала жазыпты.
Газетті оның негізін қалаушылар“Қазақ” деп атады. Халықтың өз атын қалпына келтіріп, олар сол арқылы отаршылар тарапынан бұратаналарға менсінбей қарауға қарсы наразылық білдірді, қазақтар арасына ұлтжандылық басылым құруды ойлады және бірлік идеясын таратты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет