1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»


Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты



бет3/42
Дата07.02.2022
өлшемі133,42 Kb.
#94181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
РК ТАРИХ

3.Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатының мақ­са­ты - орталық губерниялардағы жерсіз «артық» шар­уалардың помещиктерге қарсы наразылығын бәсеңдету үшін оларды шеткі ұлттық аймақтарға көшіру еді.

1861 жылғы реформадан кейін жерсіз қалған шаруалар жер үшін помещиктермен революциялық күрес жүргізген еді. Бұл күрес патша үкіметінің не­гізін шайқалту қаупін туғызды. Осы күресті патша үкіметі шаруаларды шеткі аймақтарға көшіру арқылы әлсіреткісі келді. Патша үкіметінің шаруаларды қоныс аудару бағыты түрлі кезеңдердегі экономикалық және тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырды.

ІІІ Мемлекеттік Думаның екінші сессиясында социал-демократиялық фракцияның атынан сөйлеген депутат Войлошников түрлі кезеңдердегі патша үкі­метінің қоныс аудару саясатына мынадай сипаттама бер­ді:

«Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты - үкіметтің бүкіл аграрлы саясатының бір буыны. Помещиктерге арзан жұмыс күші ретінде әлсіз шаруалар керек болғандықтан, үкімет шаруалардың қоныс аударуын тоқтатып, оларды барынша Ресейде қалдыруға тырысты. Бұл аз болғандай, патша үкіметі шаруалардың өз бетімен қоныс аударуын тоқтату үшін күресті. Біртіндеп тұрғындардың саны өсіп, уақыт өзгерді: наразы пролетариат пен аштыққа ұшыраған шаруалар саны көбейді. Патша үкіметі қоныс аударуды өзінің аграрлы саясатының негізіне айналдырды..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет