1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»


Сталинизмнің орнығуы.(1937-1938жж) Жазалау шараларының күшеюі



бет32/42
Дата07.02.2022
өлшемі133,42 Kb.
#94181
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
РК ТАРИХ

30.Сталинизмнің орнығуы.(1937-1938жж) Жазалау шараларының күшеюі.
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары
1937-1938 жж. Жаппай жазалау шаралары.
Қазақстандағы екінші репрессия 1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді.
Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы М.Ғатаулин ұсталды .Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ.Мүсірепов ,М.Дәулетқалиев ,Қ.Куанышев , Е.Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф.И.Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында Бесеудің хаты деген атпен белгіледі.Осы хатқа байланысты М.Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін.Сол тұста онымен бірге Н.Нұрсейітовты , М. Орддбаевты, Ж .Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрмақов , С.Сейфуллин , Т.Рысқұлов т.б. ұсталып, ату жазасына кесілді . Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген Ғ. И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж.Сәдуакасов,М.Тәтімов , Ж.Сұлтанбеков , X.Әміров,О.Беков,X.Жүсіпбеков, Т.Нұртазин,С.Талжанов,Р.Әлсенов , А . Асылбековтыңәкесі-Мүсәпір , С.Сейфулиннің әкесі - Сейфулла , Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады .Сол жылдары Федоровда , Куперман,Мрачковский , Кадаленко, Шедин , Измаиловтардың тобы деген істер ұйымадастырылды , көптеген адамдар нақақтан - нақақ жауапқа тартылды. Солардын ішінде Смирнов , Смертюк, Парамонов,Хенкин , Скрипкин , Көрпебаев сияқты жұмысшы гвардиясының көрнекті өкілдері де кетті . Бұлардан басқа Қарағанды ісі, Қарқаралы ісі деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды.
Сөйтіп,1937 ж. кезінде Қазақстанның Петропавл, Қостанай ,Семей обл ның чекистері тәрізді Қарағанды обл . Ішкі істер басқарма сынын қызметкерлері де ерекше қаталдығымен көзге түсті .Тіпті Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында Карағанды чекистерінің ұйымдастыруымен 1944 ж. қаланың Жамбыл атындағы орта мектебінің бір топ жастары- 3.Әбділдин, Б. Жақсылықов, А.Рүстемов,Ж.Өмірбеков т. б . ЕСЕП (Елін сүйгенерлер партиясы ) атты ұлтшылдық ұйым құрды деген айыппен қамауға алынып ,жауапқа тартылды.
Ал 1951-52ж. Карағанды оқытушылар институтының профессор К.Жұмашев , аға оқытушысы А.Нарешев, осы институттың түлектері Б. Ысқақов,М. Теміров, Р. Нарешев т.б. жоғарыда аталған ұйымға қатысы болған деген айыппен қамауға алынып, әрқайсысы ұзақ жаза мерзіміне сот алып кетті . Бұл репрессия нын жалғасы 1963-64ж. дейін созылып , сол жылдары ұлтшылдық ұйым құрды деген жаламен К. Жүнісов, К. Сауғабаев т.б . институттан шығарылып, түрліше жазаларға ұшырады.,
Қазақстан аумағындағы еңбекпен түзеу лагерьлері
1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК "Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы" қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, "Ги­гант" совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша "Қарлаг ОГПУ" аталған бұл мекеменің "Долинское" селосында басқармасы орна­ласып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы -- 300 км, шығыстан батысқа -- 200 км
Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен -- Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруа­шылығында 98,5%-ы, ал өнеркәсіпте -- 41,5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. -- 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. -- 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді
30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды.
1938 ж. 6 қаңтарда "Р -- 17" еңбекпен түзету лагеріне (Ақмола облысы) 1-ден -- 3 жасқа дейінгі балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түсті. Әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен жинаған. Бұлар қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасыларының өкілдері еді
Алжир (Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері) тұрғындарының арасында С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ж.Шанин, Х.Баяубаев, Т.Рысқұлов, Т.Жүргенов, С.Мең­дешев, М.Тәтімов, Ж.Садуақасов, С.Есқараев, С.Асфендияров, Н.Нұрмақов, К.Сар­молдаев, т.б. көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды
Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т.б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет