38.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: тыңайған жерлерді игерудің экономикалық, экологиялық, және әлеуметтік салдары. жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер жыртылды. Оның 6,5 миллион гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда болды. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі көп жайтты аңғартты: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 миллион гектар тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 миллион гектар, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибе бойынша жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын. Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшы келді. 1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдік жасалды. Тың игеруге келген әр адамға 150 мен 1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылығы салығынан босатылды. 1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. 1956 жылы тың игерушілер 16 миллион тонна астық жинады. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалды елге айналды. Қазақстан жерінде тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер көптеп салына бастады. Он мыңдаған шақырым жол төселді. Көптеген жыл бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Тың игерудің рухани, демографиялық және экологиялық зардаптары да зор болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 миллион адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып кету қаупі туды. Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизатор болды. Нәтижесінде тәртіпбұзушылық пен қылмыс етек алды. Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бүлінген тракторлар мен комбайндар, ауылшаруашылық техникасы жіберілді. Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. Малшаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Малшаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық руханияты ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды. Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкіліне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29%-н ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі малшаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Сол кезеңде халық үшін ең ауыр тигені Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Тың игерудің қорытындысы – Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың игерудің нәтижелері мен салдарлары: Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Қазақстанда 1954 жылв — 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. 1955 жылы жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды. Одақ бойынша барлығы 42 миллион тың жер игерілсе, соның 25 миллион гектар жер Қазақстанда игерілген болатын. 1956 жылы республика 16 млн т астық жинады тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды 1954-1959 жж- Тың игеруге -20 млрд. сом қаражат жұмсалды, 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. 1940-1950жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды Қала халқының үлесі 1939ж 28%-дан 1959 жылы 44%-ға дейін артты. 1959 жылы қазақтың саны 2млн 700 мың болды., 29%; республика тұрғындары 9 млн 295 мың адамға жетті тың игерілген кезде Қазақстанның 5 облысында 200-ден астам ауылдық және село аттары орыс тілінде қайта өзгерді. . 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игерушілерге көмек Еңбекшілерге, келіп жатқан тың игерушілерге елеулі жеңілдіктер көрсету, сондай-ақ өндірістік жоспарды орындаған совхоз жұмысшыларына және олардың еңбек сіңірген жылдары үшін елеулі сыйақылар беру арқылы тың игеруге қолдау көрсетілді. Тың игерушілер қоныстану орнына жеке мүлкімен тегін көшіп келді, отағасына бір жолғы берілетін ақшалай жәрдем келемі 500-1000, ал отбасының әр мүшесіне берілетін жәрдем келемі 150-200 сом болды, үй салуға 10 жылға 10 мың сом несие берілді (оның 35%-ын мемлекет ез мойнына алды), мал алуға 1500-2000 сом көлемінде несие берілді, 1,5 центнер астық немесе үн түріндегі азық-түлік қарызы беріліп, тың игерушілер ауыл шаруашылығы салығынан 2-5 жылға босатылды. 5. Оқушыларға тапсырма: Өзіндік жұмыс Тың игеру Тың игерудің жағымды жақтары Тың игерудің жағымсыз жақтары 5)Жетістіктер: Қала саны өсті. Халықтың өсуі артты. Халықтар ынтымағы артты. Астық өндіру жолға қойылды. Совхоздар көбейді. Қазақстан КСРО-ның астықты аймағына айналды. Қазақстан көп ұлтты республика болды. Жаңа елді мекендер көбейді. Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті. 6)Кемшіліктер: Ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді. Қазақ мектептері жабылды. Қазақ тілінде баспасөз жабылды. Демографиялық тілдік ахуал өзгерді. Жер-су аттары орысшаланды. Тың игеру экстенсивті тәсілмен жүргізілді. Экологиялық жағдай ауырлады. Мал шаруашылығы төмендеді. Қазақстан жерін бөлшектеуге тырысты. Мал шаруашылығының жайы (бағытталған оқыту) талқылау. Мал санының азаю себептерін анықтау (Мал саны-39 млн)