1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым, мәдениет және халық ағарту



бет37/42
Дата07.02.2022
өлшемі133,42 Kb.
#94181
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
РК ТАРИХ

35.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым, мәдениет және халық ағарту.
Соғыс жылдары жоғары мектеп жүйесі кеңейе түсті:Алматы шет тілдері институты, Шымкен технологиялық институты, қазақтың педагогикалық қыздар институты, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы, дене тәрбиесі институты ашылды.Қазақстандағы студенттердің саны 1941 жылғы 10,4 мыңнан 1945 ж 15,5 мыңға жетті. Бүкіл соғыстан кейінгі дәуірде жоғары мектептердің өміріндегі неғұрлым осал буын оқу-материалдық базаның нашарлығы болды. Жоғары мектептердегі материалдық-техникалық база мен кадрлар құрамындағы кемшіліктер мамандарды дайындаудың сапасына теріс әсер етті. Партиялық-мемлекеттік құрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20 жылы басталып Сталин қайтыс болғанға дейін жүргізілді.Мұнан кейін де жоғары оқу орындарының өмірі партиялық және таптық принциптер негізінде құрылды.Қазақстанның ғылыми потенциалы Ұлы Отан соғысы жылдарында едәуір өсті. Бұл ең алдымен көшіріп әкелген аса ірі ғалымдар мен ғылыми мекемелердің республикада уақытша тұруымен байланысты еді. Соғыс жылдары республика жоғары оқу орындарының 130-дай оқытушысы ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерін алды, КСРО Ғылым академиясы Қазфилиалының жеті жаңа институты құрылды. 1945 ж. Қазфилиалдың құрамында 15 институт, 7 сектор, КСРО Ғылым академиясының 6 академигі, мүше-корреспонденті, 60 ғылым докторы мен профессор, 140-тан астам ғылым кандидаты болды. Қазфилиал 350-ден астам экспедициялық топтар ұйымдастырды, олар Қазақстанның табиғи байлықтарын майдан мұқтажына жұмылдыруға лайықты үлес қосты.Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ.И. Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет