53. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.
Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы жэне мемлекеттік тэуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің жэне социалистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси пар¬тиялар қалыптасты.Жаңадан қүрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси эр алуандық, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен қүқықтарын қорғау, түрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады.1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық үйым қызмет істеп түрды.1991 жылы тамыз айында Мэскеуде мемлекеттік төңкеріс жасау эрекеті болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мүның өзі партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. Бүл жағдай Қазақстан Компартиясының жүмысына теріс эсерін тигізді. Сөйтіп, 1991 жылғы қыркүйек айында өткен республика Компартиясының төтенше съезінде оның қызметі тоқтатылды. Өзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санай- тын Қазақстан социалистік партиясы қүрылды. Оның қүрамында сол кезде 50—60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай жэне партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.
1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы қүрылды. Сондай- ақ, бірқатар коммунистер бүрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады.
Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдын- да тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бүл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек қүқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты.Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көп- партиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж.4 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж.3 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» үлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық- кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық пар¬тиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. қүрылды.Көппартиялықты қүқықтық жағынан реттеу Қазақстан Респу¬бликасы Конституциясының 5-бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) жэне «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді.
Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеу- меттік эділдік, демократиялық қүқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, үлтаралық жэне азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның түрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Ре¬спублика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде үлтымыздың мәдениетін тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО ауқымында ұлы Абайдың 150 жылдығы, ал 1997 жылы Мүхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойлары, 1996 жылы 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығы, дарынды ақын, халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойын тойлау еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Еліміздің Президенті жарлығымен 1997 жыл жалпыүлттық татулық жэне саяси қуғын- сүргін қүрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл — Халық бірлігі мен үлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы 23 ірі-ірі ғылыми форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика үлттық ғылым академиясы тарихында түңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемала- рына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, “Жібек жолы жэне Қазақстан”, “А.Байтүрсынов — ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері”, “Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дэуірі” сияқты халықаралық жэне көптеген республикалық ғылыми кон- ференциялар жоғары деңгейде үйымдастырылды. Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас аудан- дарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар аттандырылды. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи- мэдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағында археологиялық зерттеулер жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл — ¥рпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мэдени- тарихи мүраны сақтап, оны жинақтап келешек үрпақтың игілігіне айналдыру міндеті қойылды. Өйткені еліміздің аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүниежүзілік мүраларды сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген.
Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау міндеті түр. Осыған байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев “Ішкі жэне сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары” Жолдауында мәдениетті дамытудың нақты жолдарын “Мәдени- тарихи мүраны сақтау” деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған:
Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мүрасын, соның ішінде осы заманғы үлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрі мен салтын зерделеудің біртүтас жүйесін жасау;
Екіншіден, үлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени- тарихи жэне сэулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
Үшіншіден, үлттық әдебиет пен жазудың санғасырлық тәжірибесін қорыту жэне кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау;
Төртіншіден, мемлекеттік тілде элемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен эдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау.
Қорытып айтқанда, мүның барлығы елдің экономикасы оңала бастаған түста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрықша назар аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |