1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих


жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы оның негізгі тұжырымдары



бет16/52
Дата19.05.2020
өлшемі267,61 Kb.
#69549
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Байланысты:
Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50

52. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы оның негізгі тұжырымдары.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтықРеферендум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді..

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттікбасқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

Конституция құрылымы

I бөлім. Жалпы ережелер

II бөлім. Адам және азамат

III бөлім. Президент

IV бөлім. Парламент

V бөлім. Үкімет

VI бөлім. Конституциялық кеңес

VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

1995 жылдың 30 тамызында жас тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа бағытта дамуының іргесін қалауға негіз салған тарихи оқиға орын алды – республикалық референдумда тәуелсіз Қазақстанның қолданымдағы, екінші Конституциясы қабылданды. Бұл Конституцияны Қазақстан халқы демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, халқымыз үшін лайықты өмірді қамтамасыз етуді қалай отырып қабылдады. Тәуелсіз мемлекеттігіміздің тірегі болған бұл Конституцияға қоғамдық даму тарихында маңызды орын беріледі. Бұл Конституция еліміздің стратегиялық мақсаттарын анықтаған Ата Заң болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет