Кіріспе Негізгі бөлім Сот төрелігі конституциялық принциптері Сот билігінің құрылымы



Дата17.12.2019
өлшемі26,26 Kb.
#53673
Байланысты:
сот төрелігі реферат
пед
Кіріспе 
Негізгі бөлім 
1. Сот төрелігі конституциялық принциптері
2. Сот билігінің құрылымы
:
а.Қазақстан Респупликасының Жоғарғы Соты
б. Азаматтық сот өндірісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі

Кіріспе
Сот билігі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот өндірісі арқылы жүзеге асырылады. Сот билігі органдарына: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, сондай-ақ төменгі буындағы соттар жатады. Қазақстандық сот өндірісі төрелік процестің жекелеген тармағының болмауымен ерекшеленеді. Экономикалық даулар олардың субъектілеріне қарамастан азаматтық сот өндірісі аясында шешіледі. Соттар қаралып жатқан істер бойынша шешім, үкім, анықтама, қаулы және бұйрық үлгісіндегі сот актілерін қабылдайды. 
Сот билігі деп соттар жүзеге асыратын адамдардың мінез құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз. Сот билігі Қазакстан Республиқасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды. Республикя Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету. Ол осылардын негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қатысты болады. Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес Рес-публикада мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақ-тарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.

Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұруы демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу мемлекеттің құқықтың жоғарылығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсе-теді.

Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыз-дығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлға-лардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады.Сот билігі заңда белгіленген шеңберде азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға іс жүзінде өкілдіктері бар біртұтас мемлекеттік билік-тің түрі.Сот билігі деп мемлекет атынан заңның үстемдігі мен әділеттілікті қалпына келтіру, заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғушы адамдарға мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қол-дану мақсатындағы сот құзыретіндегі жауапты биліктік өкілет-тіктердің жиынтығын айтамыз, - деп тұжырымдайды заң ғылым-дарының докторы, профессор К.Х.Халиков.


1. Сот төрелігі конституциялық принциптері

Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашы-лығы олар заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыққа алуға) бағынуға тиіс.Соттардың мемлекеттік биліктің атқарушы органдары тармағынан айырмашылығы олар ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды.Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамта-масыз етудi мақсат етiп қояды. Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттары-ның негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолда-нылады.Сот билігі туралы конституциялық құқықтық нормаларға сүйене отырып сот билігінің мынадай белгілерін көрсетуге болады:

- сот билігі конституциялық бекітілген біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады;

- сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға – Конс-титуцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі болуы;

- сот билігінің тәуелсіздігі. Сот билігінің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға бағынбайтындығын білдіреді. Сонымен бірге абсолюттік, толық тәуелсіз соттар да болмайды, өйткені олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заң актілерінің талаптарына бағынуға тиіс. Соттардың заңсыз шешімдерінің күшін тек сот жоя алады, ал басқа құрылымдар ондай құқықты иеленбейді.

- сот билігі мемлекеттің атынан жүзеге асырылады: үкімдер мен соттардың өзге де шешімдері Қазақстан Республикасының атынан жария етіледі;

- сот билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқық-тық актілер, республика халықаралық шарттарының негізінде туындаған дауларға ғана қолданылады. Сот мораль, діни, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға байланысты жанжалдарды қарамайды және шешпейді;

- осы билікте оның қызметіне тән іс жүргізу жүргізіледі (талап арыз ісін жүргізу, процеске айыптауға және қорғауға қатысу);

- сот билігінің құқық қорғау сипаты болады. Оның қызме-тінде осыған байланысты екі қыры бөлініп шығады: құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

- сот билігінің шешімдері мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі.

Ал, енді сот билігінің функцияларына келер болсақ, сот қызметінің мазмұны мен бағытталған қызметіне қарай оның функцияларын негізгі үш топқа бөлеміз: Соттық функцияның бірінші тобы – адамдар мен азамат-тардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау, конституция-лық құрылысты қорғау - соттардың қызмет ету бағытын айқындау сот қызметін белгілеу. Екінші топ - әділсот, соттық бақылау, жеке өндіріспен іс жүргізу тәртібі, Конституция мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, т.б. Бұл бірін-ші топтан туынды ретінде шыққан, яғни бірінші топтағы қыз-меттердің орындалуының процедурасын анықтау болып табылады. Үшінші топ соттардың басқарушылығына байланысты ішкі функциясын құрайды. ҚР Конституциясының 75-бабында және “ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 1-бабында аталғандай, “Қазақстан Респбликасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот төрелігі –бұл адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемле-кеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.



2. Сот билігінің құрылымы:
а.Қазақстан Респупликасының Жоғарғы Соты

Аз ғана кезең ішінде мемлекетімізде конституция қағидаларына сәйкес Жоғарғы Сот басқаратын біріңғай сот жүйесі құрылды. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (1993) сот билігінде үш жоғары орган( Конституциялық Сот , Жоғарғы Сот, Жоғарғы Төрелік Сот) болған еді. Бірақ-та, мұндай құрылым алғашқы кезеңде ойлағандай нәтижелер бермеді. Ресей Федерациясы үлгісімен құрылған егемен Қазақстандағы сот билігі жоғары эшалонның жұмысы, бейнелеп айтқанда И.А.Крылов мысалының кейіпкерлері: “аққу көкке, шортан суға, шаян қырға тартқаны” сияқты болып шықты. Сот билігі жоғары құрылымындағы сәйкессіздіктің салдарынан бүкіл заң жүйесінде дағдарыс дертінің белгілері байқала бастады. Енді міне , біздер қазір Жоғарғы Сот қана азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында еліміздің Жоғарғы Сотының өкілеттіктері айқын көрсетілген.Енді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құрамын қарастырайық. Аталған заңның 18-бабына сәйкес, ол Жоғарғы Соттың Төрағасынан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы Соттың органдары:

- Қадағалау алқасы;

- Азаматтық істер жөніндегі алқа;

- Қылмыстық істер жөніндегі алқа;

- Соттың жалпы отырысы болып табылады. Сондай-ақ Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-конституциялық және баспа органы құрылады.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы - алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді . Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьялардан тұрады. Жоғарғы Соттың құрамында құрылған екі жаңа орган қадағалау алқасы жәҚадағалау алқасының өкілеттігін белгілеу үшін қолданылып жүрген азаматтық істер жүргізу және қылмыстық істер жүргізу кодестеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Ол ҚР Жоғарғы Соты төрағасының, сот алқалары төрағалардың және барлық судьялардың жиналысын білдіреді. Жалпы отырыс үнемі жұмыс істемейді, қажеттілігіне қарай жиі, бірақ кемінде бір жылда екі рет шақырылады.Соттың жалпы отырысы алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды. Сонымен қатар, жалпы отырыстың қарауына аталған заңның 22-бабында көрсетілген мәселелер жатады.Осы жерде жалпы отырыстың заңда көрсетілген өкілеттіктері тұрақтыты ма, жоқ әлде жалпы отырыс басқа да мәселелерді қарауға құқылы ма деген заңды сұрақ туындауы мүмкін.Жоғарыда келтірілген заң талаптарын талдай отырып, жалпы отырыстың іс жүргізу заңдарында көрсетілмеген, яғни процессуалдық заңнамадан тыс өкілеттіктерімен айналысатынына көз жеткіздік.

Демек, соттардың жұмыстарын ұйымдастыруға және жоспарлауға байланысты, заңның 22-бабында көрсетілмеген, басқа да мәселелер, егер олар заң талаптарына қайшы келмесе, жалпы отырыстың қарауына жатады деп түйіндеуге болады. Аталған заңның 20-бабының талаптарына сәйкес Жоғары Соттың төрағасы судья болып табылады және оның өкілеттіктері бұрын қолданылған заңның талаптарына қарағанда біршама кеңейтілгенін, бұл өзгерістер негізінен судьялардың мәртебелерін арттыруға, Республика судьяларының мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап көрсетуге болады.Жоғарғы Соттың жанынан құрылатын ғылыми-конституциялық кеңестің құрамын Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуы бойынша сайланады. Оған Жоғарғы Сот мүшелері, тәжірибелі қызметкерлер мен құқық саласындағы ғалымдар кіреді. Оның құрамына ғылыми-конституциялық кеңестің төрағасы, оның орынбасары, ғалым хатшы, екі секция: азаматтық, еңбек, неке-отбасылық және азаматтық процесс, қылмыстық, әкімшілік құқық және қылмыстық процесс кіреді. Ғылыми-конституциялық кеңес сот тәжірибесін, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының жобаларын, сот тәжірибесі шолуларының жобаларын, әдістемелік хаттар мен басқа да құжаттарды зерделеуге және жинақтауға байланысты материалдардың дайындалуын қамтамасыз етуге арналған кеңесші орган болып табылады. Жоғарғы Соттың оны ұстауға бөлінген қаражат шегінде Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша ҚР Президенті бекітетін өз аппараты, құрылымы мен штаттары болады. Бүгінде жұмыс істейтін 110 адамнан тұратын Жоғарғы Соттың аппараты ҚР Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы №3315 Жарлығымен бекітілген. Аппарат өз өкілеттіктерін жүзеге асыру, сот тәжірибесін жинақтау және сот статискасын талдау, судьялар мен процеске қатысушыларды қорғау, сондай-ақ соттың басқа да функцияларын орындау бойынша Жоғарғы Сот судьяларының қызметін қамтамасыз етеді.

Жоғарғы Соттың аппараты мынадай құрылымдық бөлімшелерден тұрады:

- Жоғарғы Соттың аппараты;

- Жоғарғы Сот төрағасының хатшылығы;

- жалпы бөлім;

- ұйымдастыру-талдау басқармасы;

- кадр жұмысы басқармасы,

- материалдық-техникалық қаматамасыз ету басқармасы;

- баспасөз қызметі;

- халықаралық байланыс және хаттама бөлімі;

- заң шығару жұмыстары жөніндегі сектор;

- редакциялық-баспа бөлімі;

- қаржы бөлімі.



б. Азаматтық сот өндірісі
Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық процеске қатысатын тараптарға өзінің ұстанымын қорғауға тең мүмкіндіктер берілген. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын өз бетінше және соттан және іске қатысатын басқа да адамдардан тәуелсіз таңдайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің  15-бабына сәйкес сот істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді. Сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, процеске басшылықты жүзеге асырады, тараптардың істің мән-жайларын толық және объективті зерттеуге арналған процестік құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды. Сот іске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, процестік әрекеттерді жасаудың немесе жасамаудың салдарлары туралы ескертеді және Азаматтық процестік кодексте көзделген жағдайларда, оларға өз құқықтарын жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді. Сот шешімді тараптардың әрқайсысы бірдей негізде зерттеуге қатысуы қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, кәмелетке толмағандардың және сот тәртібімен әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да тұлғалар қорғайды, олар сотқа өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің  62-бабына сәйкес хабарсыз кетті деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша хабарсыз кеткен азаматтың мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асыратын тұлға оның өкілі ретінде әрекет етеді. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп заңда белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса, мұрагерлік мүлік өзіне сенімгерлік басқаруға берілген тұлға мұрагердің өкілі ретінде әрекет етеді.
Заңды өкілдер өкілдік берушілерге жасау құқығы тиесілі барлық процестік әрекеттерді заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.
Кәмелетке толмағанның, сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның не сот тәртібімен хабарсыз кетті деп танылған адамның заңды өкілі қорғаншылыққа алынған адамның мүлкі олардың нысанасы болып табылатын даулар бойынша істерді қарау кезінде өзі өкілі болып отырған адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді жасайды. Кәмелетке толмағанның, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамның заңды өкілі шектелген құқықтар көлемінен туындайтын міндеттемелер нысанасы болып табылатын істерді қарау кезінде осы адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді өз бетінше жасайды. Басқа даулар бойынша әрекет қабілеті шектеулі тұлға процестік әрекеттерді жасайды және процестік міндеттерді өз бетінше атқарады. Заңды өкілдер және тапсырма бойынша өкілдер процестік әрекеттерді өз мүдделерінде немесе өздері өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қарамастан жасауға құқылы емес.

Қорытынды


  Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасымеңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Абдуллина З.К Производетво гражданских дел в суде первой инстанции. Алматы , КазГУ им. Аль-Фараби. Издат:. 1998 ж.
2. Абдуллина З.К Подготовка гражданских дел к судебному разбирательству. Алматы: АТиСО ,1998 г.
3. Абдуллина З.К Окончание гражданского дела без вынесения судебного решения . //Вестник КазГУ им. Аль-Фараби №9 1998 г.
4. Граждански процесс . М. 1993 г. Под ред. Шакарян С.Ш 
5. www.supcourt.kz
6. Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет