Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпарат Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»



Дата09.06.2020
өлшемі15,14 Kb.
#63303


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-б. сәйкес «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылы 23 мамырдан бастап 25 мамыр аралығында ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, талданатын кезең - 2017 жыл және 2018 жылдың І тоқсаны.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 4 ұсыныстан алынған талдамалық анықтама дайындалды.

1 тармақ бойынша

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттеріне өзгерістер енгізу және уақытылы әзірленуіне бақылау күшейтілді. Апта сайынғы негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының өзектілігі тексеріледі, салалық орталық мемлекеттік органмен байланыс сақталады.



2 тармақ бойынша

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығын ие болу үшiн лицензия беру» және «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу бойынша беделін түсіретін нормаларды жою және көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысты жою бөлігінде Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникация министрлігіне 2018 жылы 14 маусымда №03-22/1126 хат жолданды.

Қазіргі уақытта мәселе қарастырылуда.

3 тармақ бойынша

2018 жылы 5 наурызда Басқарманың интернет-ресурсында http://upt.akmo.gov.kz, «Жаңалықтар» бөлімінде «Автобустармен және шағын автобустармен жолаушыларды тасымалдауға арналған лицензияны қалай алуға болады» мақаласы жарияланған, сондай-ақ «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тұжырымдамалық тәсілдер» атты басқарма басшысы А.Мұратұлының авторлық мақаласы «Бурабай» газетінде (2018 жылы 4 қазанда №40) жарияланған.

4 тармақ бойынша



Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында апта сайын басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп нормаларын сақтау бойынша әңгіме өткізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет