3-4 дәріс Тақырыбы



Дата22.04.2022
өлшемі15,54 Kb.
#140360
Байланысты:
3-4 (2)


3-4 дәріс
Тақырыбы: Дүние жүзілік мұхит. Дүние жүзілік мұхит суы.
1.Дүние жүзілік мұхит суының физикалық қасиеті, тұздылығы.
2.Дүние жүзілік мұхит су балансы.
3.Судың термикалық режимі.
4. Мұхиттағы тіршілік.
1.Мұхит суының орташа тұздылығы 35 ‰( яғни 1 литр суда 35 г тұз кездеседі). Ыстық белдеуде мұхит суының тұздылығы жоғары. Экватор бойында-34 ‰; тропикте 36‰ ; қоңыржай белдеуде 33‰ . Тереңде тұздылық орташа мұхиттық деңгейге тең. Картада судың тұздылығы бірдей нүктелерді қосатын сызық изогалин.
2.Жердің су балансы- жер бетіне жауын-шашын түрінде түсетін судың мөлшерін құрлық беті мен Дүние жүзілік мұхитынан белгілі уақыт ішінде буланатын су мөлшерімен байланыстырылытын арақатынас. Көп жылдық орта көрсеткіш бойынша жылдық түсетін жауын шашаын мөлшері 1020 мм болса, Дүние жүзілік мұхит бетінен булану мөлшері 880 мм, ал құрлықтан 140 мм су буланады.
3. Дүние жүзілік мұхитта су қабатының жылдық орташа температура солтүстік жарты шарда:
90º с.е.-1,7 º Оңтүстік жарты шарда;
60 º с.е.+4,8 º 30 º о.е.+ -19,0 º
30 º с.е.+21,0 º 60 º о.е.- 0 º
0 º с.е.+27,0 º 70 º о.е.- 1,3 º
Бұдан көретініміз мұхиттың ең жылы суы 30° с.е. пен 30º о.е. аралығында, яғни экваторлық –тропиктік зонада орналасқан.
4.Мұхиттағы тіршілік жағдайлары оның ендігі мен тереңдігіне қарай өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы ұқсас облыстарды- биохоры деп аталады. Дүние жүзілік мұхитта осындай екі облыс бөлінеді., олар пелагиаль-организмдер тіршілік ететін жоғары қабаты және бенталь- түбі. Осыған сәйкес мұхит органикалық дүниесі үш топтан тұрады: бентос, планктон, нектон. Планктон- бір жасушалы балдырлар мен жәндіктер болса, нектон- балықтар, теңіз сүтқоректілер т.б. Балықтар мен басқа да жануарларлардың көптеген түрлерінің кәсіптік маңызы бар.1. Атлант мұхиты- көлемі жөнінен мұхиттар ішінде екінші орын алады. Оның шығыс шекарасын құрайтын Европа мен Африканың жиектері және Игольный мүйісінің меридианы, батысы- екі Американың жиектері және Горн мүйісінің меридианы, ал оңтүстігі Антарктида жағалаулары. Ауданы 93,3 ш.ш. Орташа тереңдігі 3600 ш.
2. Жағалық шельфтің көп бөлігі солтүстік жарты шарда Европа мен Солтүстік Америка жағалауларында. Төрттік дәуірдегі мұз басуға ұшыраған жоғары ендіктерде жер бедерінің реликті мұздық формалары кең тараған. Геологиялық мәліметтер су астындағы материк шеті мен іргелес жатқан құрлықтың геологиялық құрылысының біртектлігін көрсетеді. Орталық Атлантикалық жота мұхит түбін тең екіге бөледі. Жалпы Атлант мұхитында 2500 жеке су асты таулары бар, оның 600-ге жуығы мұхит түбінде орналасқан.
3. Атлант мұхиты планетамыздағы барлық дерлік климаттық белдеулерді кесіп өтеді. Соның ішінде қоңыржай ендіктер жиі теңіз дауылы болатыy ( шторм) оның қуаты 9 балл шамасында, жылдамдығы 20 м/сек асатын, салқын судың сулы аймақ. Су беті орташа жылды ң температурасы, тұздылығы, тығыздығы бірігіп судың құрылымын жасап, оның су массасын қалыптастырады.
Атлантикада мұзтаулар Гренландия жағасынан шығып, 40° с.е. –ке деін жетеді. Ньюфаундленд аралының ендігін жыл сайын 400-ге жуық мұзтау кесіп өтеді. Европа мен Азия арасындағы қызу теңіз жолы осы ендікпен өтеді. 1912 жылы «Титаник»жолаушылар лайнерінің мұзтауымен соқтығысуынан болған апаттан кейін Халықаралық мұз күзеті құрылды. Мұхиттағы таза қабаты күн сәулесін бойына жұта жинап оны шашыратуы нәтижесінде көгілдір не көк түсті болады. Судың бұл түсі «мұхит шөлінің түсі деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет