4-тақырып. Кәсіпорынның еңбек ресурстары Бақылау сұрақтары



бет1/13
Дата16.02.2022
өлшемі28,46 Kb.
#131980
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Адильбай Сункар 18-24
Disser, Лимская декларация, мәдениеттану қазақша

4-тақырып. Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбек ресурстары түсінігі, еңбек ресурстарының құрамы

Еңбек ресурстары – бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына байланысты ерлер 16-63, жас аралығында, әйелдер – 16-58 жас аралығында еңбекке қабілетті, І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы, адамдарды айтамыз. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) де кіреді.


2. Еңбек нарығының мәні

Еңбек нарығы бұл жұмыс күшін пайдалану мен жалға алу шарттары бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік-еңбектік қатынастардың жиынтығы. «Еңбек нарығы» ұғымы жұмыс күшін пайдалану құқығын белгілі бір уақытқа жұмыс берушіге берумен, еңбекақы көлемін, жұмыс күнінің ұзақтығын, еңбек жағдайын, төленетін демалыс ұзақтығын, ауру немесе мүгедектік алу жағдайында өтелім көлемін анықтаумен, өндірісті белгілі бір уақытқа тоқтатумен байланысты әлеуметті-еңбектік қатынастарды көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет