85)ҚазақстанныңОБСЕ-дегі төрағалық етуі. “ОБСЕ-нің кілті — Қазақстанның қолында!”. “Қазақ елінің азаматтары бөркін аспанға атар жайы бар. Қазақстан ОБСЕ Төрағалығы тізгініне ие болды! Афиныда өткен ОБСЕ-нің министрлер кездесуінде мынадай мазмұндағы декларация қабылданды: “Біз ОБСЕ-ге қатысушы мемлекеттер арасында Орталық Азияда бірінші болып Қазақстанның 2010 жылы ОБСЕ Төрағасы болуын құп көреміз. Біз Қазақстанның 2010 жылы ОБСЕ саммитін өткізу туралы ұсынысын оңынан қабылдаймыз.Біз мұндай мәртебелі жиынның маңызы мен мазмұнына сай тиісті дайындық жасаудың қажеттілігіне назар ау¬дарамыз. Біз өз шешімімізді негіздеу үшін ОБСЕ-нің күн тәртібіне прогресс дәрежесін анықтау мақсатында Тұрақты Кеңеске консультациялар өткізуді тапсырамыз”.
Сөз жоқ, бұл - Қазақстанның жеңісі! Сөз жоқ, бұл - Қазақстанның осынау Халықаралық ұйымға жетекшілік жасау тізгінін өз қолына алғанын айғақтайды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВтың халықаралық дәрежедегі беделі орасан зор екеніне, біз тағы да көз жеткіздік...
Достарыңызбен бөлісу: |