83)Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы мен географиялық жағдайы.Ұлттық топонимиканы жаңғырту мақсатында, ежелгі тарихи-географиялық атаулардың әкімшілік-аумақтық бірлігі қалпына келтірілді. Сонымен қоса, орыс тіліндегі қазақ топонимикалық атауларын ретке келтіру арқылы көптеген облыстардың, қалалардың, аудандардың және басқа елді мекендердің атаулары өзгертілді. Атаулардың атын өзгерту жергілікті халық депутаттары кеңесінің ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан Республикасы жеке әкімшілік-аумақтық бірлігінің жеке атауларының қайта өзгертілуі және орыс тіліндегі қазақ топонимикаларын ретке келтіру туралы» 1993 жылғы 4 мамырдағы қаулысына сәйкес бірқатар облыстар, қалалар, аудандар, ауылдар және басқа да елді мекендердің атаулары қайта өзгертілді
Бірқатар облыстардың аумақтық кұрылымы қайта қаралып біріктірілді және соған сәйкес олардың шекарасы да өзгерді. Әкімшілік-аумақтык реформаның барысында Жезқазған облысы Қарағанды об-лысымен, Көкшетау Солтүстік Қазақстан облысымен, Семей Шығыс Қазақстан облысымен біріктірілді. Ал Талдықорған облысы Алматы облысына қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы «Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыс-тарының әкімшілік-аумақтық құрылымдарының өзгеруі туралы» (аудан-дарды біріктіру арқылы) Жарлығы бойынша бұл облыстардың ішкі кұрылымында өзгерістер болды. Президенттің жарлығын орындау мақ-сатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 23 мамырдағы қаулысының нәтижесінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралары өзгерді. 1997 жылғы реформаның негізгі мақсаты әкімшілік құрылымды оңтайландыру және облыстардың қаржылық санын қысқарту еді. Кейіннен бұрынғы екі облыстың орталығы — Көкшетауға 1999 жылы және Талдықорғанға 2001 жылы облыс орталығының мәртебесі, сонымен бірге Алматы және Ақмола облыстарына облыс орталығының мәртебесі қайта қайтарылды. Қайта өзгертілген әкімшілік-аумақтық реформалардың салдары әртүрлі болды. Торғай облысының қысқаруы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатты әсер етті. Жезқазған облысы ірі кор-порация «Қазақмыстың» болуының арқасында бұл үдерістен жеңіл шықты. Семей облысының Шығыс Қазақстанға қосылуы Шығыс Қазақстан облысын дотациялық өңірге айналдырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы «Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының 2006—2008 жылдарғы қаланы дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы қабылданғаннан кейін жағдай жақсы жағына қарай өзгере бастады. Бағдарламаны жүзеге асыру өндіріс тауарлары мен қызмет көрсету көлемінің ұлғаюына, инвестиция құйылуының артуына, азаматтардың материалдык және пәтер-үй жағдайларының жақсаруына, өндірістік және әлеуметтік инфраструктураның материалдық қор нысанының нығаюына септігін тигізді. Әкімшілік-аумақтық реформаның ішкі ғана емес, геосаяси маңызы бар. Өйткені, сол облыстардың алғашқы кезекте мемлекеттік шекара-сымен бірге сыртқы шекарасы да бір мезгілде жаңаша құрылды. Шека-рамен шектес аймақтарды ірілендіру болашақта олардың жағдайларын тұрақтандырды. Тәуелсіз Қазақстанның біртұтас жалпы геосаяси кеңістікте ішкі бірігуіне жағдай жасады. Ірілендірілген шеткі облыстардын маңыздылығы шекараға шектес қаланың атымен емес, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары сияқты Қазақстанның маңызды аймақтарымен аталды.
Достарыңызбен бөлісу: |