Тақырыбы: Жер ресурстарын басқару



бет1/8
Дата21.02.2023
өлшемі75,15 Kb.
#169684
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жер ресурстары
Қарым-қатынас түсінігі, түрлері, формалары

Тақырыбы: Жер ресурстарын басқару
Елде жер ресурстарын басқарудың белгілі жүйесі қалыптасты.Ол жердің меммлекеттік меншігіне негізделген біртұтас мемлекеттік жер қорын қорғау мен нығайтуға бағытталуымен ерекшеленеді. Мұндай орталықтандыру жер ресурстарын басқару қызметтерін орындау үшін мамандандырылған басқару органдарын қажет етпейді. Сондықтан бұл қызметтерді КСРО Ауыл шаруашылық министірлігінің басқармалары, ал інің сәйкес министірліктері орындады. Облыстар мен аудандарда бұл қызметтерді ауыл р орындады. Негізгі міндеттері – жерді тіркеуді жүргізу мен жер балансын беру және облыстағы немесе аудандағы жер жағдайы туралы жылдық есеп беру болды.
Жер қатынастарының түбегейлі өзгерулері, жаңа заңнамалық нормативтік актілердің қабылдануы , республикада жер реформаларын жүргізу бойынша міндеттері кеңес уақытындағы жер ресурстарын басқару жүйесінің өзгеруін қажет етеді. «Қазақ КСРО – да жер реформасы туралы ә заңның 5- бабының 2-тармағында Қазақ СРО Министірлер Кабинетінің құрамында жер қатынастары мен жерге орналастыру бойынша Мемлекеттік комитетті ұйымдастыру қарастырылған , жергілікті жерлерде оның органдарымен жер ресурстарын басқару және жер реформасы бойынша жұмыстарды тікелей орындауды ұйымдастыру аясында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу бұырылды. Республикалық мәндегі облыстарда, аудандар мен қалаларда жер қатынастары мен жерге орналастыру бойынша комитеттер ұйымдастырылды.
ЖерМем ҒӨО құрамына кірген және өзгертілген жерге орналастыру бойынша мемлекеттік жобалау институтының жүйесі де үлкен өзгерістерді басынан өткерді. Сонан соң гипрожерлердің облыстық филиалдары ЖерМемҒӨО-на қарасты кәсіпорындар болып , сондай-ақ бұрын тексеру және зерттеу жұмыстарын жүргізген жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдар да оған қарасты кәсіпорындар болып құрылды.
Соңғы жылдары жерге орналастыру және зерттеу жұмыстарының қаржыландырудың негіздері мен қайнар көздері өзгерді . Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жер туралы» жарлығында белгіленгендей , атқарушы органдардың шешімімен жүргізілген жерге орналастыру негізінен бюджеттік қаржы бөлу республикалық бюджет есебінен жүргізілуі мүмкін. Тапсырыс берушілер қаржысы есебінен бір мезгілде үлкен , көлемді жұмыстар жүргізілді .
Жер реформасы жылдары жерге орналастыру жұмыстарының құрылымы да түбегейлі өзгерді, жобалау және зерттеу жұмыстарының көлемі бірден қысқарды, ішкі шаруашылықтық жерге орналастыру бойынша жұмыс көлемі 11,6%-дан 2,7%-ға дейін, топырақ және геобатаникалық тексерулер 27,8%-дан 8,6%-ға дейін қысқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет