Климаттың өзгерулері



Дата07.02.2022
өлшемі16,23 Kb.
#90901
Байланысты:
Экология(2) 9-апта
Экология(2) 9-апта, 1326857514265, 1326857514265, 1326857514265, 1326857514265, 1326857514265

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

ЭССЕ

Тақырыбы: Климаттың өзгеруі

Орындаған: Мұхат Зарина


Тобы: ЕП-19-13к2
Қабылдаған: Изтлеуова А

Климаттың өзгерулері


Климаттың өзгерулері- түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді.
Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, сондай-ақ дендрохронологиялық және т.б. әдістермен анықталатын қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар да бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.
Ауа-райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:

  • Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.

  • Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м. жоғарылауы мүмкін,

  • Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері [[]]Гольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.

  • Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.

  • Ормандарғакөлдергеқала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.

  • Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.

  • Азық-түлікпен қамтамасыз ету нашарлайды.[2]

Климаттың антропогендік өзгеруі


Климаттың антропогендік өзгеруі — табиғи ортаға антропогендік өсердің (негізінен оның ластануы) артуынан климаттың көрсеткіштердің (ауа температурасы, оның қозғалысының заңдылықтары және т.б.) ұзақ уақыт (10 жылдан артық) өзгеруі. Дәлірек айтқанда, климаттық жүйені салыстырмалы тұрақты күйден шығару кезінде пайда болатынгеофизикалық процестердің (Жерге ғарыштық өсерлерді қосқанда) табиғи жүру барысында теориялық мүмкін шегінен шығып кететін климаттық ауытқу. Мысалы, 1977-1981 жылдары Солтүстік Америкадағы суық қыстар 10 мың жылда бір рет болатын жағдай деп есептеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет