1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих


) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол жолдауы



бет49/52
Дата19.05.2020
өлшемі267,61 Kb.
#69549
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50

87) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол жолдауы.Осы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бағдарлама хаб қағидаты бойынша елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған.

Макроөңірлерді дамыту және ықпалдастыру көліктік, индустриялық, тұрғын үй, әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдарды тиімді дамыту негізінде қамтамасыз етілетін болады.

Осыған байланысты Бағдарламада инфрақұрылымды дамыту және іскерлік белсенділікті қолдау саласында айқын басым бағыттар мен нақты жобалар көзделген.

Автожол, теміржол салаларында және энергетикада елдің ішкі нарығын кеңейтуге, транзиттік және экспорттық әлеуетті, туризмді ұлғайтуға, сондай-ақ ел макроөңірлерінің тұрақты, теңгерімді энергиямен қамтамасыз етілуін құруға бағытталған басым жобалар іске асырылатын болады.

Көлік-коммуникациялық, энергетикалық, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық салаларды дамыту құрылыс материалдарына, өнеркәсіп өніміне және жабдықтарға айтарлықтай сұраныс туындатады, бұл дамыған индустриялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін талап етеді.

Макроөңірлерді қалыптастыру шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту инвестициялардың өсуі мен экономиканы әртараптандыру, жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлік белсенділікті қамтамасыз ету үшін қосымша түрткі болады.

Макроөңірлерде хабтарды қалыптастыру халықтың біршама көшіп-қонуымен ұласатын болады, бұл еңбек нарығына және қалалардың инфрақұрылымына, оның ішінде тұрғын үй қорына жүк түсіреді. Сондықтан тұрғын үй инфрақұрылымы нығайтылады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту қамтамасыз етіледі.

Макроөңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын (мектептер, балабақшалар, ЖОО) дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені адами капиталға инвестициялар экономика мен тұтас елдің орнықты дамуының түйінді факторы болып табылады.

Осыған байланысты Бағдарлама білім беру саласындағы – авариялық мектептер, үш ауысымдық оқыту, балабақшалардың тапшылығы сияқты неғұрлым өткір проблемаларды, сондай-ақ ЖОО-лардың материалдық-техникалық базасының проблемаларын шешуге бағытталған.

Іскерлік белсенділікті арттыру мақсатында өңдеуші өнеркәсіп саласында шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті қаржыландырудың қолжетімділігін ұлғайту бойынша қолдау жалғастырылатын болады.

Тұтастай алғанда, инфрақұрылым мен отандық бизнесті дамытуға мемлекеттік инвестицияларды ұлғайту арқылы Бағдарламаны іске асыру қысқа мерзімді перспективада ғана экономикалық өсуге ықпал етіп қоймай, ұзақ мерзімді перспективада орнықты өсу үшін алғышарт жасайды, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы конъюнктура нашарлаған жағдайда, қазіргі жұмыс орындарын сақтап, жаңаларын құруды қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудан кешенді, синергетикалық нәтиже алу үшін ілеспе іс-шаралар қолданыстағы бағдарламалық құжаттар (Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, Индустриялық-инновациялық дамудың 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ), Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, Бизнестің жол картасы – 2020, Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы, Отын-энергетикалық кешен тұжырымдамасы, Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы) шеңберінде жүзеге асырылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет