1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих



бет1/52
Дата19.05.2020
өлшемі267,61 Kb.
#69549
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50


1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих. Қазақстандағы коммунист кеңестік жүйенің қалыптасуын, құрылуын, дағдарысын, құлауын және тәуелсіз Қазақстан Республикасының нығаюымен оның әлемдік қауымдастықтағы орнын зерттеу. ■XYIII ғ. —XX ғғ. екінші жартысындағы оқиғаларды жаңа теориялық - методологиялық көзқарас тұрғысынан; Кеңестік саяси жүйенің қалыптасу процесін; ЖЭС-тің мәнін талдау;Қазақ қоғамын большевиктік модернизациялаудың мазмұны мен салдарын; Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысу мәселелерін көрсету;Коммунисттік партияның саяси және экономикалық, реформалаудың негізгі, большевиктердің ұлттық; саясатының мәнін анықтау;Әміршіл-әкімшіл жүйенің күштеу үрдісін.

2.Қазақ мемлекеттілігінің тарихи эволюциясы :бастауы мен кезендері. Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда 82 Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті. Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің “әскери үкіметі” және революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды. Құрылған облыстық әскери үкімет көп ұзамай жергілікті кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда және Орал қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үш “әскери үкімет” Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші болып табылды. Олар ақгвардиялық офицерлерге, ауыл-село шаруаларына сүйенді және меньшевиктер мен “Алаш” партиясының жетекшілерінен қолдау тапты.

3.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы. XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал болды. . Қазақ хандығының нығаюы.Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге Сырдарияның орта ағысы өңіріне, Түркістанға қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді. 1470 жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.Осы кезден бастап Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету XV ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет XV ғасырдың соңы және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар-тын.Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін аткарып келді. Ал Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе, кеміген емес-тін. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа калыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі Отырар, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын.Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханы Мұхаммед Шайбани арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес XV ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Аркұк, Үзгенттен басқа Сығанақ, Созақ және Аққорғанды (1446 жылы) Әбілхайыр ханның иемденгені болмаса, өзге қалаларды атасынан қалған мұра санауға Мұхаммед Шайбанидың ешқандай да негізі жоқ еді. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде моғол ханы Сұлтан Махмұд билік кұрды.Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдың төменгі ағысын, Арал жағалауын иемденді.XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде, бұл күрес қазіргі Орталық және Оңтүстік Қазақстанның далалы аймақтарын мекендеген халықтарды өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары осы аймақтарға жаткан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса, бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан әрі ұзап шыға алған жоқ. XV ғасырдың соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысты маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілхайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы көлемінде қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен бұл мезгіл Қазақ хандығының нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. XVI ғасырдың бас кезінде Мәуереннахрды Әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде, Шығыс Түркістанды (Қашқария) билеген моғол хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларында орнықкан Бұрындық хан Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі тайпаларды хандық билік төңірегіне жұмылдыра білді.XVI ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани ханның тегеурінді шабуылына тойтарыс беру жағдайында өтті. Мәуереннахр билеушісінің 1503—1510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза табады. 1511 жылы хандық тақтан кеткен Бұрындық ханның орнына келген Қасым хан осы сәтті пайдаланып, 1513 жылы Сайрамды өзіне қаратып, Ташкентті алуға әрекет жасады. Сонымен, бұл тарихи кезең Сыр өңірі қазақтарға өтуімен аяқталады.

4.Қазақсан аумағындағы эдникалық үрдістер және қазақ халқының қалыптасу кезеңдері Қазақ этнонимінің мағынасы. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасу көздерін іздестіру өте қиын, мұның өзі Қазақстанның ежелгі тарихын, сонымен қатар онымен шектелген аумақты мекендеген, Еуразияның кең этно генетикалық үрдістеріне қатысқан тұрғындардың тарихын зерттеуімен тығыз байланысты. Еуразия - Солтүстік жартышарда орналасқан жердің ең ірі құрлығы. Еуразияға Еуропа мен Азияның бөліктері енеді.

Қазақ халқының шығу тегінің көптеген аспектілері ішінде келесі екеуі маңызды болып табылады: лингвистикалық және антропологиялық. Әрине, көне замандарда осы аймақты мекендеген жергілікті тұрғындар ортақ лингвистикалық және антропологиялық негіздерге ие болған. Қазіргі ұрпақтардағы генетикалық классификациялау негізінен лингвистикалық аспектіге сай келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді-еуропалық және түркілік деп үлкен екі кезеңге бөлуге болады.

Лингвистикалық жағынан алғанда, бүл кезеңдегі Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ кең байтақ Еуразия аймағын мекен еткен адамдар үнді еуропалық тілдер тобының көне ирандық бұтағына енетін. Хронологиялық жағынан қарастырылушы кезең біздің эрамызға дейінгі III—I мың жылдықтарды қамтиды.

Палеоантропологиялық зерттеулер. (Антропологияның палеоантропология саласы қазбалы адамдар питекантроп, неандертальдықтардың дене типін зерттейді). Бүл зерттеулер қола дәуіріндегі Қазақстан аумағын мекен еткен ежелгі адамдардың сыртқы келбетін сипаттауға мүмкіндік берді. Бүл кезеңде кең байтақ территорияда ежелгі еуропеоидтердің түрлі нұсқалары кең таралды, бірақ олардың ішінде Андроновтық деп аталатын археологиялық мәдениеттің дала типтері басым болды. Сонымен қатар, шығыс-оңтүстік (Жетісу) және Батыс Қазақстан бөліктерінде шығыс Жерорта теңізі нәсіліне ұқсас тайпалар да мекен етті.

Ерте темір ғасырындағы Қазақстанның палеоантропологиясын зерттеу көрсеткендей, бүкіл аймақ тұрғындары бұрынғыдай қола дәуірінде белгілі болған европеоидтік нәсіл қасиеттерімен сипатталды.

Көне Қазақстанда монғолоидтік бет-бейне элементтері тым мардымсыз болды. Жалпы, скиф сақтары дәуіріндегі жергілікті тайпалардың дене бітімі осы аумақта осы кезеңнен алғаш байқалған шығыстық өкілдерге жатады.

Ерте темір ғасырында Батыс Қазақстан бөлігінде басқаша этномәдени бейне байқалады, мұнда скиф-савромат тайпаларының көшпелі бірлестігі мекендеді. Осы қауымның мәдени ошағы қазіргі Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан табылды. Археологиялық деректер бойынша, Қазақстан сақтары мен савроматтар арасында материалдық мәдениет пен өмір салты бойынша тарихи жақындық байқалады.

Б.э.д. I мыңжылдықтың соңында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде сақ дәуіріндегі тайпалардың этникалық бірлестігін үйсіндердің жаңа тайпалық одағы ауыстырды, зерттеушілер мұны сақ мәдениетінің дамуындағы соңғы саты деп түсіндіреді. Сондықтан тайпалардың, сақ пен үйсіндердің бөлінісі біртұтас этникалық қауымның түрлі эволюциялық кезеңдерін бейнелейтін шарт болып табылады. Мұны палеоантропология деректері де дәлелдейді.

Б.э.д. екі мың жылдан аса уақытта Қазақстанды мекендеушілер антропологиялық жағынан алғанда, біртұтас морфо - физиологиялық ерекшеліктер негізіне ие болған. Бұл ерекшелік тұрақты болды және қазіргі қазақтардың ата-бабалық компоненттерінің генетикалық бейнесінде сақталып қалды. Осы бейнелі ерекшелік Қазақстанның қола және ерте темір ғасырындағы тұрғындарға тән болатын.

Қазақстанның палеоантропологиялық материалдарының көрсетуінше, қазіргі қазақтарға тэн бет-бейне екі үлкен нәсіл - автохонды еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің өзара күрделі әрекетінен, ХІҮ-ХҮ ғасырлардан кешіктірілмей түпкілікті түрде қалыптасып біткен. Мұның барлығы енді қазақ халқының антропологиялық құрамының бірыңғай болуын көрсетеді.

Қазіргі қазақтардың моңғолоидтік бет-бейнесі 70% үлесті құрайды. Қазіргі қазақтарды көлемді түрде кешенді антропологиялық жүргізілген зерттеулер танымдық ақпараттардан құралады. Мұның өзі этногенез мәселесін әзірлеудегі пәнаралық зерттеу деректеріне жатқызылады. Сөйтіп, мұның өзі Қазақстанның ежелгі және казіргі тұрғындарының генетикалық үрдісі мен этномәдени негіздерінің қалыптасу жолдарының ортақтығын, ежелгі қалыптасу көздерінің қалыптасу жолдарының ортақтығын көрсетеді.

Ғылыми әдебиетте этнос ұғымы (яғни халық - тайпа, ұлыс, ұлт) ортақ сыртқы бет-бейнеге, тұрақты мәдениет ерекшелігіне және психикаға (тілді де қоса) ие тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы деп түсіндіріледі.

ХҮ-ХҮІ ғасырларда қалыптасқан қазақ халқы мен Орталық Азияның басқа да түркі халықтары негізін түрлі тілде сөйлейтін сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ тайпа және халықтарынан бастап, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат және Қазақстан аумағын сол кездері мекендеген басқа да тайпалар құрды. Олардың кейбіреулерінің түрлі кезеңде де өз мемлекеттері болды. Қазіргі қазақтарда бұрынғы көптеген тайпалар мен рулардың көне түркі атаулары сақталмай қалған.

Қазақстан аумағындағы этногенетикалық үрдістердің дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Антропологиялық деректер бойынша, этникалық даму үрдісінде ұзақ уақыт бойы еуропеоидтік тұрғындар типі сақталып қалды, ол кейіннен түрлі аймақтарда азды-көпті монғолоидтік жаққа қарай өзгеріске түсті. Тілдік жағдай өзгеріссіз қалған жоқ, көне тайпалар түрлі тілде сөйлегенімен, кейіннен олардың тілі осы аумақты ертеден мекен еткен түркі тілдес халықтар тіліне қарай ауысты.

Қазақстанда және Еуразияның далалы аумағында этникалық үрдістердің шешуші кезеңі б.д. I мыңжылдығының ортасынан бастап түркілердің батыс бағытында қоныстануымен байланысты. Қазақстан аумағында түркілер, әсіресе, бұғы, байрақты, бекті, қыбыр, түркеш, бұлақ, қарлұқ тайпалары оның бұрынғы мекендеушілері сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпақтарымен араласып кетті.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Түркеш қағанаты (ҮІІ-УІІІ ғ.ғ.) Шу - Іле өзендері аралығындағы үлкен аумақтың тайпаларын біріктірді. Орталықтары Талас пен Суябта болды. Түркілер отырықшы - диқаншылық және қала өміріне көшті (бұған дейін бұл мәдениетті негізінен соғдылар ұстанған еді).Батыс Алтай және Тарбағатайдан Жетісу аумағына қоныс аударған қарлұқ тайпалары федерациясы құрамына (УІІІ-Х ғ.ғ.) қарлұқтардан басқа көшпелі және жартылай көшпелі түркі тайпалары енді. Олардың ортақ атауы «қарлұқ» болды, атап айтсақ, тухси, шігіл, азкісі, дулу, халаджи, чаруқ, арғу, барысхан тайпалары кірді. Қарлұқ этносаяси қауымдастығында аздап моңғолдық белгілері бар еуропеоидтік нәсіл басым болды.

Оңтүстік Қазақстан аумағында оғыздар мемлекеті (ІХ-ХІ ғ.ғ.) қаңлы және қаңғар-печенек тайпаларын Сырдария алқабының этникалық тобына біріктірді. Оғыздардың антропологиялық бейнесі көбіне монғолоидтік түрде болды.

ҮІІІ-ІХ ғасырларда Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарын қимақ және қыпшақ тайпалары мекендеді. Қимақ саяси бірлестігіне көшпелі және жартылай көшпелі қыпшақ, эймур, қимақ, татар, баяндар тайпалары енді.XIIIғ. басында Шыңғысхан монғолдарының қысымынан өзінің мемлекеттік - саяси бірлестігіне ие болған, ерте таптың этникалық қауымдастық деңгейіне жеткен түркі тілдес наймандар мен керейіттер Моңғолия мен Алтайда Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстанға қоныс аударды. Этникалық консолидацияның ары қарай біртіндеп дамуына монғол шапқыншылығы кедергі жасады. Тұрғындардың маңызды бөлігі қырып жойылды, құлдыққа әкетілді, Шыңғысидтердің жаулап алу жорықтарына тартылды. Қазақстанның қалған түркі тайпалары жаңа саяси бірлестіктер - Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары құрамына енді.

Жаңа этникалық компонент - Қазақстан аумағына жылжыған монғол рулары мен тайпалары - жалайыр, қоңырат, маңғыт, барлас, баариндер қалыптаса бастады. Монғол жаулаушылары жергілікті халықты жайылымдардан ығыстырды. Феодалдық соғыстар мен өзара кырқыстар, ұлыстардың саяси ұсақталуы түркі рулары мен тайпаларының бөліну, қоныс аударуын күшейте түсті. Қазақстан аумағын моңғолдардың жаулап алуы жергілікті түркі тұрғындарының моңғолдық бет-бейнесінің күшеюіне әкелді. Алайда, моңғолдардың өзі кейіннен алып территория ішінде жұтылып, түркілерге сіңісіп кетті.

Монғол қысымынан зәбір көрген қыпшақтардың бір бөлігі басқа аудандарға, Солтүстік Қазақстан, Батыс Сібірге қарай көшті. Мұның өзі жергілікті халықтың өз жерінде аз болуына әкелді. шаруашылық әлсіреді. Әсіресе, Жетісудағы қалыптасқан этносаяси құрылым монғол шапқыншылығынан қатты зәбір шегеді. Жергілікті тұрғындар ығыстырылды. Монғол ақсүйектері жаулап алған жерлерін ұлыстарға бөлді.Жергілікті тұрғындарды «мыңдық» және «түменге» бөліп, көшпелі тайпаларды ұлыстарға ажыратып, монғолдар тұрғындарды араластырып жіберді. Жақын туыстық қатынастардың территориялық байланыстарға алмастырылуы көшпелі тұрғындардың халыққа бірігуін күшейтті.


5.Шығыстың ортағасырлық ойшыл-ғалымдарының еңбектері және маңызы (әл-Фараби,М.Қашқари, Ж.Баласұғын, А.Иассауи). Әл-Фараби. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, аристотельден кейінгі «екінші ұстаз»атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.Ұлы жерлесіміз әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде «тархан» деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзенінің Сырға барып құятын жеріңдегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі ұзлағ, арғы атасы тархан. Туған жері —қазақтын ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны — қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында. Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғ. тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырарға орта ғасыр ғалымдарының көп назар аударғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Ғалымдардың айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпелілер мен қала тұрғындары жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап отырған.Өзінің «Фусул ал-мадани» (мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: адам ғылымға өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби өмірін Александрияалық (Мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Дамаскіде өзкізеді. Мұнда ол солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд Ад-дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 ж. 80 жасында кайтыс болды. Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалар ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың Одан кейінгі дамуына тигізген әсері орасан зор. Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі», «Ізгі қала түрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», т.б. сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымының философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты.Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған,әртүрлі

аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Ат қасқасы ай болмас.Төрт түлік мал туралы: Су татырмасқа - сүт бер."Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы": Ер жігітті қорлама. Үлкенмен керіспес болар. Бар - бақыр, жоқ - алтын."Байлық-кедейлік туралы": Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер. Көсеу ұзын болса - қол күймес. Жүсіп Баласағұни ХІ ғ. «Құтты білік» дастанын дайындауға 30 жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан (1069ж.). Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізгі –білім деп түйіндейді.



6.19ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы Қазақ қоғамына жәдидтік ағымның әсері. ХХ ғасырдың 20-30-жылдары Орталық Азиядағы тарих ғылымы, сонымен қатар, маркстік-лениндік методологияға негізделген кеңестік тарихнаманың қалыптасу кезеңінде жарық көрген С. Айнидің, Е. Федоровтың, С. Муравейскийдің, Ф. Қожаевтің, П. Галузоның, С. Аспендияровтың еңбектерінен жәдидшілдікке қатысты мәліметтер алуға болады. Орта Азиядағы жәдидшілдік жетекшілерінің бірі болған С. Айни жәдидшілдікті ХХ ғасыр басындағы Бұқара әмірлігіндегі бастапқыда мәдени- ағартушылық мақсаттарды көздеген демократиялық қозғалыс ретінде сипаттайды. 20-жылдардың соңынан бастап С. Айнидің көзқарастары түп- тамырымен өзгеріске ұшырап, ол жәдидшілдіктің әлеуметтік мазмұнын маркстік-лениндік концепцияға салып басқаша бағалайды. Жәдидшілдіктің таптық табиғатын тек қана Бұқара әмірлігінің қоғамдық-саяси құрылысын жақсартуға бағытталған ұлттық буржуазияның қозғалысы тұрғысынан қарастырады. С. Аспендияровтың пікіріне келсек, ХІХ ғасырдың аяғынан бастап татар буржуазиясының арасында пантүркизм және жәдидизм қозғалысы басталды. Татар буржуазиясы мен интеллигенттері Ресей құрамындағы бір діндес барлық түрік елдерін біріктіріп, патша өкіметіне қарсы ұйымдастыруға басшылық етпек болып газет, жұрналдар шығара бастады. Пантүркизмнің ең ірі кісісі Смағұлбек Ғаспыранский еді. Ғаспыранский патша өкіметінің Ильминский, Остроумов сияқты миссионерлеріне қарсы шығып, барлық түрік елдерінің басын қоспақ болып жұртты мәдениетке үгіттеді. Патша өкіметімен заң жолымен ғана тартысып, пантүркистерінің ешбір революциялық ұйымдары болмады. Олардың тартысы мәдениеттік тартыс қана болды. Мәселен, газет, журналдар шығару, қоғамдар ұйымдастыру, ұлт театрын ашу жағы осы сияқтылар. Өте-мөте олар дін мектептерінің орнына жаңа тәртіпті мектептер ашу үшін ескі мұсылман дін басшыларымен көп тартысты. Сонымен, олардың патша өкіметімен саяси тартысы аса көрнекті болмады. Пантүркистердің 3 иеленген «жәдит» деген аты көпшілікке белгілі болды. Жәдит қозғалысы бұқара халықтың қозғалысы емес, көбінесе татарлардың сауда буржуазиясының қозғалысы болды. Мұны ұлт қозғалысының бастама түрі деп түсіну керек. Бұл қозғалыстың Қазақстанда да белгілі әсері болды. Жәдидшілдікке қатысты жоғарыда қарастырылған авторлардың тұжырымдарына сүйене отырып және оларға қосымша бүгінгі күн көзімен өз ой-пікірімізді білдіреміз: жәдидшілдік – бұл бүгін жаңа реформалар арқылы демократия жолында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени- рухани жаңару, өрлеу, гүлдену үшін қоғамдық қозғалыс. Жәдидшілдік – бұл бүгін Орталық Азия тәуелсіз мемлекеттерін саяси одақтастыққа, экономикалық интеграцияға, рухани туыстыққа шақыратын және осы өңірді әлемдік жаhандану үдерісіне төтеп беруге итермелейтін қозғаушы күш. Демек, жәдидшілдік – бүгінгі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауындағы Орталық Азия елдері Одағын құру ұсынысын тарихи негіздейтін демеуші идея.

7.Кіші жүз және Орта жүздің Ресей империясының бодандығын қабылдауы ,қазақ даласын әскери-қазақтардың отарлауы және оның салдары. Орта жəне Ұлы жүздер Ресейге кейінірек қосылғанымен, Əбілқайыр хан патша өкіметіне өтініш білдіргенде бүкіл қазақ халқы атынан сөз салған-ды.Мұның өзі жоңғарларды сөзсіз абайлаттырды жəне оларды орыс-қазақ қатынастарының онан əрі дамып бара жатқанына секеммен қарауға мəжбүр етті.Ресей императрицасының жарлығында сол кезде-ақ ресми түрде азаматтығын алған қазақтарды мазасыз көршілерінің жауластық əрекеттерінен сақтайтындығына кепілдік беретін пункттер болды: ”егер Сіздерге, қайсақтарға (қазақтарға) жаулар шабуылдайтын болса, онда Сіздер олардан біздің күшімізбен қорғаласыздар”.Кіші жүздің Ресей азаматтығын алуының оң негізін теріске шығармасақта,Əбілқайырдың Ресей əкімшілігіне сүйеніп, өзінің саяси қарсыластарының позициясын əлсіретуге, жеке билік жүргізу үшін күресте өзінің негізгі бақталастарынан асып түсуге үміт артқан пайдакүнемдік мүддесін назардан тыс қалдырмаған жөн. Өз миссиясын сəтті аяқтаған А.Тевкелев Найзатескен алқабынан қайтар жолға аттанды. 1733 жылы 2 қаңтарда ол Əбілқайырдың Петербургке жіберген жауап елшілігімен Уфаға жетті. Бұл миссияны ханның екінші ұлы Ералы сұлтан басқарды. Келіссөздер нəтижесінде Кіші жүздің Ресей бодандығына кіруі түпкілікті ресімделді.Алайда, Кіші жүз Ресейдіің азаматтығын қабылдағаннан кейін де Қазақстандағы жағдай күрделі күйінде қала берді. Орта жəне Ұлы жүз шектеріне жоңғарлардың тұтқиылдан басып кіру қатері сақталып қалды.30-жылдардың екінші жартысында Ғалдан-Церен Орта жүздің шекарасына əскер төге бастады. Осыған байланысты Ресей императрицасының 1734 жылғы маусымда Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлығы саяси жағынан ақталды. Осы жылы Ұлы жүздің Жолбарыс хан бастаған бір топ билері мен сұлтандары да Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді. Дегенмен бұл аумақтардың көп бөлігі іс жүзінде Х1Х ғасырдың ортасына дейін дербес күйінде қалып келді. Қосып алған жерлеріндегі шептерін нығайту үшін 1734 жылы арнайы Орынбор комиссиясы құрылды. Оны Сенаттың обер-хатшысы И.К.Кириллов басқарды. 1735 жылы отаршылдық саясаттың тірегіне айналған бекініс, қазіргі Орынбор қаласының іргесі қаланды.1737 жылы И.К.Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор өлкесінің губернаторы болып белгілі тарихшы, қабілетті əкім Н.Татищев тағайындалды. Кіші жүз бен Орта жүздегі ықпалды шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту оның ең басты саяси мақсаты болып қала берді.Ресей империясы мен қазақ жүздері арасындағы келісім-шарттарда көптеген маңызды мəселелер мүлде қарастырылмай, орағытылып өтіп отырды. Осы жағдай əртүрлі түсінбеушіліктер тудырды. Əбілқайыр ханның Ресей əскери күшінің көмегімен өз ықпалын нығайтпақ болған үміті де ақталмады. Орынбор губернаторлығына И.И.Неплюев тағайындалғаннан кейін ол Əбілқайырдың өзінің жеке билігін əлсіретуге тырысты. И.И. Неплюев өз мақсатына жету үшін күрестің ең жымысқы əдістерін қолдануды тартынбай жүргізді. Ұлтаралық араздықты ұшықтыруға тырысты.Орта жүз.Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. 1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М. М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары» туралы жарғы, 1824 жылы «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы» — деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде (соңғы хан Шерғазы Айшуақов) хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік-саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болысқа бөлудің негізіне рулық емес, территориялық бөліну принципі алынды. Сондықтан жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберден екінші әкімшіліктін жеріне ауысуы шектеліп, бұрынғы көшіп-қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар тарайындалып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды.
8.Ресей империясының отарлау саясаты;мәні мен салдары. Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылгы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдын 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды.

Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Патша өкіметі Қазақстанды жаулап алуды кезең-кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы — 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жүйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт иелігін жасады, яғни қазақ елін өзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте тұра, қазақ жұртының арасына өз білімдар адамдарын қаптатып, ғылымды бет перде етіп алға ұстап, соның тасасында тұрып, елдің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал тұстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар мен сұлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі. Солардың ішінде шенге құмар, атаққұмарлары ерекше бағаланып, бұлардан патша өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары қазақ жұртшылығының арасына алауыздық ұрығын осылайша енгізе бастады.Патша үкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа ұшыратқан орыс босқындарын әкеп орналастырды.Отарлаудың осы әскери-әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бұл бекіністер Орал, Ертіс сияқты өзен-арналарына орналасты. Ал кейінірек патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазакстанның батыс, солтүстік-шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі экспансиясы бұрынғысынан неғұрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарым бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телецк көліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. 1764 жылы Кузнецк-Колыван шебінің бір бөлігі Өскеменнен Тигерец форцостына дейін көшірілді. Сөйтіп, Қазақстандағы шекаралық шептің шығыс қанаты XVII ғасырдың 60-жылдары Ресей әскери қамалдарының бірнеше шебінен тұратын күшті бекіністі ауданға айналдырылды.

9.Ресейдің қазақстандағы отарлау саясатының аяқталуы мен оның салдары (ХІХ ғасырдың 60 жылдары). ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінің Ресейге қантөгіспен қосылуы бүкіл қазақ жерінің қосылуының аяқталған кезі болды. 1867 жылы шілдеде Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы ,,Уақытша ереже’’, ал 1868 жылы 21 қазанда Орынбор және Батыс Сібір генерал – губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы ,,Уақытша ереже’’ қабылданды. Реформа бойынша Қазақстан аумағы: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал – губернаторлығы болып үшке бөлінді.Әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал – губернатордың қолына берілді. Ал әрбір генерал – губернаторлық облыстардан құралды. Орынбор генерал –губернаторлығына Орал, Торғай облыстары: Батыс – Сібір генерал – губернаторлығына Жетісу және Сырдария облыстары енді. Облысты әскери және азаматтық өкімет билігі берілген әскери губернатор басқарды. Облыстар уездерге бөлінді. 1867 – 68 жж. реформалар бойынша әскери сот комиссиялары уездік соттар құрылды.Сонымен 1867 – 68 жылдары ,,Ережелерде’’орталық өкімет органдары күшейтіліп, жоғарғы топтар мен байлардың құқықтары нығайтылды. Халықты бағынышты етіп ұстаудың мықты төрешіл ақпараты орнатылды.

1886 жылы 12 маусымда ''Түркістан өлкесін басқару туралы ереже'', 1891 жылы 25 наурызда ,,Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және торғай облыстарын басқару туралы Ереже’’қабылданды. Дала генерал – губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу облыстары кіреді. Ереже бойынша, отырықшы халықтар мен көшпелі халықтар әкімшілік құрылымы жағынан теңестіріледі. Сот құрылымы 1886 – 1891 жылдары ,,Ереже’’ бойынша Түркістан мен дала өкілдерін басқарудың жаңа түрлері енгізілді. ''Ережеде'' аса бір ерекше көңіл бөлгендері – патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізудегі мақсаттары мен мүдделері жақсы ескерілді. Жалпы патша өкіметініңреформалары патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізуге сәйкес жасалған. Олар белгілі мерзім өткен сайын өзгеріп, отарлық жердегі жергілікті халықтарды қанаудың жолдарын күшейтті. Қазақ жерінде жүргізілген бұл реформалардың зардаптары орасан зор болды.

Патша өкіметінің шет аймақтарға қоныстандыру саясаты 1861 жылы ақпандағы ,,Басыбайлық құқықты жою’’ Ережелерінен кейін – ақ басталған. Патша өкіметі бұл мәселені тездетуде алдына үш мақсат қойған:Біріншіден, Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуларды әлсірету; екіншіден, жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу; үшіншіден, шет аймақтарда қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының ортасында Қазақстанға орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудару басталды. Қазақ жеріне орыс, украин, белорусь шаруаларының жаппай қоныс аударуы ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан басталды. Оларға қазақтардан 251779 десятина ең жақсы жерлер тартылып алынып берген. Жетісу облысының әскери губернаторы генерал Колпаковскийдің басшылығымен 1868 жылы Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы ,,Уақытша ережелер’’ жасалып, ал 1883 жылға дейін күшін сақтаған. Қазақ жеріне қоныс аударудың жаңа кезеңі Сібір темір жолының аяқталуына орай бұрынғыдан да тез қарқынмен жүрген. Қоныс аударудың қазақ халқына зардабы адам айтқысыз зор болды. Қазақтардан тартып алынған жердің мөлшері 40 млн – нан артық болған.

Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақтарды тек жерінен және оның байлығынан айырып қоймай, сонымен қатар халықты рухани мәдениетінен айырып орыстандыру саясатын да жүргізген. Әкімшілік тарапынан қазақтарға әр түрлі жеңіл – желпі жеңілдіктер беру жолымен оларды христиан дініне тартып отырды. Соның нәтижесінде тұрмысы нашарлары аздап болса да жеңілдіктер алғандар шоқынуға мәжбүр болды. Қазақстанда мешіт салуға, қазақтардың арасында татар, башқұрт, Орталық Азиядан молдарлар келуіне шектеу салынды. Орыстандыру саясаты оқу – ағарту саласында да ерекше қолға алынды. Осы мақсатта аралас мектептер ашылды. Мектептерде орыс тілінің сағаттары басқаларынан әлдеқайда артық оқытылды. Дәрістен кейін провославиелік дұғалар оқылып, шіркеу әндері үйретілді. Орынбор әкімшілігінің құжаттарында қазақ балалары оқитын мектептерде оқыту ақыл – ойды дамытуға емес, тек олардың сауатын ашуға ғана бағытталуы тиіс деп көрсетілген. Мектептердің осындай қарапайым орыстандыру бағыттарын түсінген қазақтар балаларын орыс – қазақ мектептеріне беруге тырысты.



10.Ресейдегі 1905-1907жылдарындағы Бірінші орыс революсиясы және оның Қазақстанға әсері. Бірінші орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күрескен ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді.Қазақстан қалаларында өткен жүмысшылар мен қызметкерлердің жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жүмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда аткылауға наразылық білдірді. Ереуіл кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшті қаржы жиналды. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері мен ставкалары, өсірмесе теміржол қатынасы орындарында неғұрлым кен, қанат жайды. Революция жылдарында өлкенің темір жол тораптарында поездары жүрісі талай рет тоқтатылды, теміржолшылар өз еркімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. 1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінін экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. Павлодар мен Перонскіде қала еңбекшілері, Петропавлда темір жол депосының, Жосалы стадиясында құрылыс жүмысшылары ереуіл ұйымдастырды. Ал 1905 жылы қазан - желтоқсан айларындағы революцияның өрлеген кезеңінде құрылған Перовскінін, Петропавлдың, Оралдың және басқа станциялардың теміржол комитеттері өлкедегі жүмысшылар депутаттары Кеңестерімен бірдей іс жүзінде жаңа революциялық өкіметінің бастамасы болды. 1904 жылы пайда болған Сібір социал-демократиялық одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті. Олар қалаларда, ауылдар мен әскер кұрамаларында шаруаларды пролетариатпен одақтастыра отырып, патша өкіметі мен оңын жергілікті орғандарына қарсы күреске шақырған листовкалар таратты.1905 жылы Қазан айындағы Бүкіл ресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалаларында шерулер, митингілер мен жиналыстар болып өтті. Патша өкіметі 1905 жылы 17 қазанда елдегі революциялық қозғалысты басу мақсатында арнайы манифест қабылдады. Бірақ бұл жоғары мәртебелі манифест жұмысшы қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, кайта кейбір жерлерде күшейте түсті. Әсіресе, темір жол жұмысшыларының ереуілі өрістеді. Мәселен, Орынбор - Ташкент темір жолындағы поездардың жүрісі: солтүстік бөлігінде 1905 жылғы 14 қазаннан 20 қазанға дейінгі, ал оңтүстік бөлігінде 15 қазаннан 2 қарашаға дейін тоқтатылды. Мұнда жұмысшылар ереуілдерін Перовск революциялық комитеті басқарды. Комитеттің өкімімен Түркістан станциясынан Қазалы станциясына дейін поездардың. жүрісі тоқтатылды. Теміржолдарды басып-жаншу үшін Ташкентке патша әскерлері жеткізіліп, олар станция мен депоны басып алды. Бірақ жолдың оңтүстік бөлігіндегі қараша айындағы бас көтеру Перовск комитетінің табандылығы аркасында 16 қарашадан 9 желтоқсанға дейін созылды. Осындай тегеурінді ереуіл Орал станциясында да жүрді. 14 желтоқсанда Орал станциясы мен депосын патша әскерлері басып алды, осыған қарамастан жұмысшылар ереуілі 1905 жылдың 22-ші желтоқсанына дейін жалғасты.Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды. Баянауыл және Кереку уездерінен шаруалары ірі феодал Шормановтардың жерін тәркілеуді және оны жері бөліп беруді талап етті. Мұндай бой көтерулер Алтай округінде, Семей облысының - Қарқаралы, Торғай облысының - Ырғыз, Сырдария облысының - Шымкент, Әулиеата, Жетісудың - Жаркент уездерінде кең өріс алды. Патша өкімшілігі бүл аудандарға әскери отрядтар жіберіп басты.Мәсекеудегі желтоқсан қарулы көтерілісінің әсерімен 1905 жылы 11 желтоқсанда Успен руднигінде жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері Петр Топорнин мен қазақ жүмысшысы Әлімжан Байшағыров басқарған «Орыс-кырғыз одағы» құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын петиция» ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде-бір пункті қабылдан бағандықтан «Орыс-кырғыз одағының» шақыруымен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Бұл ереуілді Қарағанды көмір кені орындарының жүмысшылары қолдады. Патша өкімшілігі бұл жерлерге әскери отрядтар жіберіп, ереуілшілерді жазалады. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі 1905-1907 жылдары Қазақстанда болған революциялық қозғалыс тарихында көрнекті орын алады. 1906 жылы 6 қаңтарда патшаның арнаулы жарлығымен Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Меллер-Закомельскийдің жазалау экспедициясы әкелінді. Алайда, осыған қарамастан 1906 жылдың маусымында Семей қаласының барлық кәсіпорындарының жүмысшылары бас көтеру жасады. 1907 жылдың наурызында Семей қаласындағы Мусиннің зауыты мен диірмені жұмысшыларының, Орал қаласындағы полиграфистерінің қысқа мерзімді бас кетеулері мен толқулары болып, олар 8 сағаттық жұмыс күнін, жалақыны арттыруды және т. б. талап қойды. Бүл жылдары өлкенің темір жол станцияларында да жекелеген саяси акциялар өткізілді. 1906 жылғы 14-16-ші шілдеде Қазалы станциясында, 7-ші тамызда - Петропавл станциясында, 20- тамызда Ақтөбе станциясында митингілер жүрді. Сөйтіп, мұның бәрі бүкіл Ресейдегі сияқты, Қазақстанда да 1906-1907 жылдарда революциялық, күштердің, өсірмесе жүмысшы қозғалысының патша өкіметіне қарсыласа отырып шегінгенін көрсетті. 1905-1907 жж. болған революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстанда жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылардың кәсіподағы 1905 жылы карашада құрылды, оған Н. Смуров, Н. А. Покатилов және Н. И. Ульянов басшылық жасады. Оралда басқа да бірқатар кәсіподақ ұйымдары кызмет етті. 1906 ж. Орынбор - Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы ен ірі ұйым болып саналды. Оның 6 мың мүшесі болған. Жалпы Қазақстан бойынша бірінші орыс революциясы жылдарында теміржолшыларды қоспағанда, жүмысшылар мен қызметкерлердің 20-25 кәсіподағы жұмыс істеді, олар жүмысшылар мен кызмет-керлердін жалпы санының шамамен 3,5 пайызын біріктірді.Патша өкіметі халықты революциялық қозғалыстан бөліп шығару үшін, олардың өкілдері катысатын Мемлекеттік Дума шақыру жөнінде өзінің шешімін қабылдады. 1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 казак сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Күлманов. I Думаның көптеген депутаттарының патша үкіметінің саясатына қарсы шығуымен байланысты 1906 ж. 8 шілдеде ол қуып таратылды. Сол жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оңын алатауы қазақ халқының өкілдері болды. Олар: Ш. Кыршығұлов - Ақмола облысынан, X. Нұрекенов - Семей облысынан, Б. Қаратаев - Орал облысынан, А. Бірімжанов - Торғай облысынан, Т. Алдабергенов - Сырдария облысынан, М. Тынышбаев - Жетісу облысынан. Екінші мемлекеттік Думада өлкенің социал-демократиялық ұйымынан барған депутаттар қазақ кедейленінін мүдделерін қорғап сөз сөйледі. Олар еңбекшілерден ауыр жағдайының себептерін, жер мәселесін шет аймақтарды отарлау саясатымен шешуге болмайтынын айтты және Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды талап етті. 1905 ж. қазанда ұлттық интеллигенция өкілдері Оралда бес облыстағы қазақтардың делегаттарының съезін өткізіп, онда олардың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы сәуір-мамыр айларында Семейде казактардың екінші съезі болып өтетті. Ол съезд қадет тердікі не жақын бағдарламаны мақұлдады. Оған өлкеге орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, мектептер ашу және тағы басқа да талаптар енгізді. Олар ездерінің дін түту еркіншілігін алу, ұлттық мәдениетін дамыту, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен теңестіре жүргізу жөнінде мәселелер көтерді. Қазақ еңбекші бұрасынын 1905-1907 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті.

11.1905жылғы Қарқаралы петициясы. Халық қозғалысының кең түрде таралуына түрткі болған жағдай 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы еді. Бұл жерде айта кететін бір жай, халықтың шашыранды көтерілістерін туындап келе жатқан ұлттық интеллигенция біріктіруге ұмтылды. Өзінің саны жағынан аздығы мен әртектілігіне қарамастан өлкедегі ұлт-азаттық қозғалысты басқарды.

Семей облысының ұлттық интеллигенциясының идеялық-саяси іс әрекетінің тоғысқан жері Қарқаралы уезі болды. Семей губернаторының Дала генерал – губернаторына жазған хатына XX ғасыр басындағы Қарқаралы жағдайында Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, А.Байтұрсыновтың қызметі өкіметке қарсы саяси сипатта болды деп жазуы кездейсоқ емес. Ол бұл үшеуін бір топқа біріктіріп, «…айқын залалды мақсат тұтқан, оның негізінде қазақ бұқарасына үкіметке қарсы наразылық сеуіп, әкімшілікке деген дұшпандылыққа бейімдеуге ұмтылған» бірыңғай пікірдегі ұйым деп те көрсетуге тырысты. Осы жерде билеуші жүйе ұлттық интеллигенцияға қарсы жазалау шаралары арқылы халықтың бас көтеруін болдырғысы келмесе, екінші жағынан, оларды іс жүзінде пәрменді саяси күш деп мойындауға мәжбүр болды.

Ұлттық шеткі аймақ халықтарының күресінің бір түрі петициялық қозғалыс болды, сол арқылы өкіметке экономикалық, саяси, діни сипаттағы талаптар қойылатын. Петициядағы маңызды орын қазақ халқына сайлау құқығын беру туралы мәселелерге беріледі.

Ресейде 1905 жылы бірінші орыс революциясы басталып, жұмысшы- шаруалардың бас көтеруі қызып жатқан кездерде қазақ халқы да елдің тұрмыс-тіршілігіне, ауыр жағдайына, жүргізіліп отырған қоныстандыру саясатының озбырлығына, жердің талан-таражға салынып бара жатқандығына ашық наразылықтарын білдіріп, патша өкіметіне бірнеше арыз, шағым жазған еді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Семей облысындағы Қарқаралы, Семей, Павлодар уезі қазақтарының Петербургке жіберген петициясы. Шындығында бұл жалғыз ғана петиция емес. Белгілі ғалым З.Тайшыбайдың анықтауы бойынша өзінше бөлек, дербес мазмұндағы бірнеше құжат. Олар жеке-жеке: Ресей Императорына, Министрлер Кеңесінің төрағасына, ішкі істер министріне жолданған. Петицияны дайындап, халық өкілдеріне қол қойғызғандарының ішінде Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, К.Тоғысов, А.Аяғанов болған.

Ресей Министрлер кеңесіне, атқарушы билік төрағасына қойылған талаптар кеңірек әрі мейлінше нақты. Патшаның атына жазылған тілек-арызда жалпы саяси тұрғыда, жоғары билік құрамына, қазақтарды қатыстыру сияқты заңдық мәні бар мәселелердің болғанын көрдік.

Енді Ресей үкіметіне жазылған құжатқа қысқаша тоқталайық. Онда ар бостандығын беру, халықтың өз тілінде білім алуын ұйымдастыру, келімсектерді қоныстандыру саясатынан бас тарту, жер қорынын жергілікті халыққа тиесілі екендігі туралы арнайы заң актісін қабылдау, «Далалық ережені» және өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды бекіту, отарлаушы аппарат чиновниктерінің санын қысқарту, генерал-губернаторды орталықтан тағайындаудан бас тарту, жоғары билік органдарынан отарланушы өлке депутаттары үшін үлес беру талаптары қойылды Министрлер Кеңесінің төрағасына жолданған петицияға 12767 адам қол қойған.

Белгілі саяси қайраткерлер – Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев,А.Байтұрсыновтардың бірлесе отырып жасаған петициялары саяси партияның қайнар көзі деп алуға болады. Кейін талап-арыздарда жазылғандардың бәрі Алаш партиясы күресінің негізгі арнасы, Алашорда үкіметі іс қағаздарының нақты бағдары ретінде көптеген құжаттарға арқау болды.

1905 жылы қазан айының соңында Ә.Бөкейхановтың бастамасы бойынша Омбыда 17 қазан Манифесі қазақ тіліне аударылды және вице-губернатордың рұқсатымен облыстық баспаханада басылып, 10 мың данасы қазақ ауылдарына таратылды. Ә.Бөкейханов былай деп жазды: «қазақтардың жүріп-тұруының арқасында манифест қысқа уақытта бүкіл даланың қолына тиді. Жер-жерде қазақтар үлкенді-кішілі съездерге жиналды. Манифесті оқыды, оны түсіндірді, болашақтағы мемлекеттік Дума сайлауы туралы мәселелерді талқылады

Қазақстанның барлық қалалаларында 17 қазандағы Манифеске арналған саяси шерулер, митингілер мен жиналыстар толқыны жайылды. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы т.б. манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан да, қазақтардан да шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Бұл күндерде Оралда Б.Қаратаев пен Ж.Сейдалин, Қарқаралыда А.Байтұрсынов, Бекметов пен Ж.Ақбаев және т.б. ерекше белсенділік көрсетті. 1905 жылдың күзінде Ж.Ақбаев Павлодар – Қарқаралы бағыты бойынша үгіт жүргізу сапарына шықты. Осы сапар барысында ол қарашаның жетісінде Павлодарда болған митингіде бостандық идеясын уағыздаған және жергілікті әкімшілікті қайта сайлауды талап етіп сөз сөйледі.

Кейіннен Қарқаралы оқиғаларының басшылары қуғынға ұшырады, кейбір шенеуніктер жұмыстан босатылды немесе басқа жерлерге ауыстырылды, қалғандары қашып кетті, ал Ж.Ақбаев Якутияға жер аударылды.Сонымен, 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы саяси оқиғалар, әсіресе, жұмысшылардың, шаруалардың және зиялылардың бой көрсетулері, ұлт-азаттық қозғалыс және т.б. олардың әлсіздігіне және бытыраңқылығына қарамастан жергілікті еңбекшілер үшін үлкен саяси мектеп болды, бұл тәжірибені олар ұлттық және әлеуметтік азаттық жолындағы бұдан кейінгі күресінде пайдаланады.



12.Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы және олардың мәдениет пен қоғамдық ой –санасының дамудағы рөлі.(20ғ басы). Революцияға дейінгі тарихнамада интеллигенцияға қатысты үш бағыт көрсетілетін: халықшылдық, либералдық, маркстік-лениндік. Бұл бағыттағы зерттеушілер Ресей зиялыларының қоғамдағы орнын айқындауға тырысты. Ондай еңбектерде көбінесе мұғалімдер, дәрігерлер, темір жол қызметкерлері, студенттердің және тағы басқалардың өмірі мен қызметіне сипаттама берілетін. Халықшылдық тәсілде зиялыларға қатысты белгілер нақты көрсетілді. Мұндай белгілерге халықтың мүддесі үшін олар өзін-өзі құрбан етуге дейін барады деген пікір негіз болды. Мұндай тәсілде зиялылардың әлеуметтік-кәсіби белгілері жоққа шығарылып, зиялы қауымның бүкіл қызметі саяси қызметте делінді.Сол жылдары бұл пікірлерге қарсы жинақтар да шығады. Зиялылардың мемлекетке, революциялық қозғалыстарға қатынасы туралы мәселені талдауға түрлі саяи топтардың өкілдері белсене араласты.Пікірталастарда орыс зиялыларының дүниетанымы, оның қоғамдағы орны мен рөлі мәселесі қозғалды. Бұл мәселе әсіресе Н. Бердяевтің «Философская истина и интеллигентская правда» мақаласында өткір қойылды. Либералды тұжырымдаманың өкілдері «Вехи» жинағында «интеллигенция» ұғымын саясаттандырғаны үшін халықшыларды сынады. Зиялылықты анықтаудағы халықшылдық тәсіл оларды әлеуметтік-саяси сапа қалыптастырды деп санаушы еді. Н.А. Бердяев «интеллигенция» ұғымын адамгершіліктің өзі интеллектуалдылықтан жоғары болды деген ресейлік ойдың өзіндік сипатымен байланыстырады. Яғни, өз сөзімімізбен түсініктеме берер болсақ интеллигент дегеніміз ақыл ой, білімділік деңгейімен ғана емес адамгершілік, ар ожданымен айқындалады. Зиялылар тапқа, әлеуметтік топқа жатпайтын ерекше қоғамдық топ ретінде сипатталды. Мұндай пайымдаманы ұстайтындардың көзқарасы бойынша интеллигенция этикалық жағынан тоғышарлыққа қарсы, әлеуметтік жағынан топқа, тапқа жатпайтын адамдардың сабақтастық тобы, олар толығымен идеямен айналысып, сол идеяға қызмет етуге дайын болады. Олар білімді, сонымен қатар бар нәрсеге сыни көзқараспен қарайды. Әсіресе олар өз халқы үшін күйіне біледі, өз отанының тағдыры үшін алаңдайды.ХХ ғ. басындағы зерттеушілер интеллигенцияны әлеуметтік-этикалық категория деп түсінді. Мысалы, интеллигенция деп нақты әлеуметтік дүниетанымы, адамгершілік келбеті бар адамдары таныды. Интеллигент деген сыни ойлай алатын адамдар, ескіге қарсы күресе алатын, жалпы теңдік пен бақыт мұраты үшін күреске бастайтын, тоқыраушылықтың жауы, революционер, әділдікті іздейтіндер. Осындай рухани-әлеуметтік тұрғыдан қарағанда зиялылар тарихы идеялар мен қоғамдық ойлар жыйынтығының тарихы. Оны нақты тапқа жатқызу мүмкін емес. Осындай тәсілмен анықтаған кезде интеллигенция феномені ұлттық санамен пара-пар келеді. Ұлттық сипат ұлтқа да өз ізін қалдырады. Интеллигенция орыстықтың шынайы белгілерін көрсетті, сондықтан бірқатар авторлар бұл ұғымды тек орыс интеллигенциясына ғана қолдану керек деген пікірде.Адам тиімділікті ғана ойлап қоймай, жеке өзі метафизикалы да ойлайды. Ойлау принципіне сай адамдар ғылыми және көркемдік мектептерге, бағыттар мен қозғалыстарға бөліне алады. Н.П. Гордеевтің пікірінше, мұндай жағдайда тұлғалар тобының таптан, әлеуметтен тыс тобын айтудың қажеті жоқ, өйткені әңгіме рухани тарих, ой тарихы туралы болып отыр. Ал оны осы ұрпақтың кез келгені қайталай алады.М.А. Славинский интеллигентті интелектуалды зертхана деп атап, онда таза мәдени құндылықтардан басқа, ұлт азаттықтың және саяси құрылымның түрлері мен кейпі жасалады деген пікір айтады . Бұл автордың ұлтты дамытудағы интеллигенцияның рөлі туралы мәселені көтергенін құптауға болады. Автордың ойынша, интеллигенция өз халқының ұлттық санасының барлық құрамдарын қорғайтыны анық. Оның мәдени дамуы сол халықтың мәдени даму деңгейімен анықталады, оның көңіл-күйі де сол ұлттыкіндей, психикасы халықтық санамен ұлттық психологияның ақырғы формасын береді.

13.Қазақ ұлттық зиялыларының Ресей Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы. Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан—Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан —Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан— Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес. Шәймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.

14.Бірінші дүниежүзлік соғыс жылдарындағы Қазақстан(1914-1918жж). Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды.Ал одан кейін егіс көлемі бірте-бірте қысқарды. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Оған сан және сапа жағынан үлкен зардап келтірді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Маңғыстау уезінде, Сырдария мен Жетісу облыстарында да осындай көріністер байқалды. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті. 1913-1917 жылға дейін қазақ халқынан жалпы көлемі 764,4 мың десятина жайылымдық алқаптың жылқы - ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартылып алынды және жалға алуға даярланды. Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялау және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізуге кері әсер етті. Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін мол мөлшерде азық-түлік даярлау, мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде анағұрлым арзан ет беретін сала -шошқа шаруашылығы жедел дами бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Түсті металлдарға деген қажеттіліктердің артуы және олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе, Риддер және Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды. Түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 25,3 есе өсе түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын негізінен “Спасск мыс рудалары” акционерлік қоғамы мен “Атбасар мыс кендері” акционерлік қоғамы өндірді. Бірақта, мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Өңдеуші өнеркәсіп соғыс мұқтаждығына ет-сүт өнімдерін, былғары тауарлар және басқа да тұтыну заттарын беріп отырды.Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың, қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады. Кәсіпорындарда жас балалардың, жасөспірімдердің, әйелдер мен соғыс тұтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Жұмысшылар тәулігіне 10-12 сағат, ал кейде 16 сағаттан жұмыс істеді. Жұмысшылардың нақты жалақысы үнемі.Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, және Транссібір теміржолдары жұмысшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Тіпті, соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көтеруінің бірі “әйелдер бүлігі” дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсылық деп қарады. Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. Мәселен, 1916 жылы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ селосында 30 адам болатын солдат әйелдерінің тобыры көпестер - Незвановтың, Пряткиннің дүкендерін қиратады. Халық бұқарасының мұндай бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа да аймақтарында орын алды. 1916 жылдың орта шеніне қарай жұмысшылардың үкіметке ашынуы үдей түсті. Нәтижесінде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына зор ықпал жасады. 1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.

15.Торғай облысындағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс. Дәл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Бұл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаюы барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланса, Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланады. Кейіннен 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында халық арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады. Құрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады. Орталық Ресейден келген және көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы жерлерде туып-өскен Әліби Жангелдин көтерілісшілердің “рухани көсемі” болды. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов және олардың ең жақын серіктері ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды. Әрбір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Сардарбек жанында әскери кеңес жұмыс істеді.22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалаға қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасайды. Көтерілістің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Батпаққара ауданына шоғырланады. Осы жерден 1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет және басқаларды әкеп төкті. Осыған қарамастан, Торғай облысында көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодалдық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті әкімшіліктің белгілі бөлегі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангелин, С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты либерал-демократиялық зиялылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді. Осынау алмағайып кезеңде «Алаш» қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да олар қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жарлығын орындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бұдан сырт қалуға болмайды, - деп есептеді. Екіншіден, іс жүзінде қарусыз қазақтардың тұрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды. Қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия құрылатынына үміт артты. Империямен ақылға қонымды келісім тактикасын ұстанып, халқының аман болуын бірінші кезекке қойған «Алаш» көсемдері тыл жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыра тұрып, тиісті әзірлік жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Көтеріліс барысында орын алған қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.Жеке-жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен жанышталып, жұмысшыларды реквизициялаумен майданға жөнелту басталды1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады.К.Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды.Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.

16.Жетісу облысындағы 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс. Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.М.Тынышбаевтың мәліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан бұрын, 2 және 3 шілдеде келіп түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс және оңтүстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Аққоз Қосанұлы және басқалар басшылық етті. Соғыс ошағы ұлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды ұйғарды. Нәтижесінде 17 шілдеде Жетісуда және Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мұнда ірі әскери күштер алып келді. Әскери гарнизондарды нығайтып, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстар болады.Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға қашуға мәжбүр болды.

17.1917жылғы Ақпан революсиясы және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабар жер-жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару органдарын құруды қолға ала бастайды. Қоғамдық негіздегі құрылған мұндай жергілікті басқару органдары: азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық құрама атқару комитеті деген сияқты атауларға ие болды. 1917 жылдың 5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару комитеттері құрыла бастады. Бұл ұйымдарға түрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды. Бұл халықтың демократиялық басқару дәстүріне құлшына араласқанын аңғартады.Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола бастайды. Наурыз және сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары қалыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті және басқа осы сияқты басқару орындары құрылады.Батыс майдан штабы жанынан земскі және қалалық одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. Қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің империяның әкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіпті уезд бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мәлім. Империяның басқару жүйесінде қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын..1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Съезде ұлттық-территориялық федеративті негіздегі демократиялық республика ұлттық автономия құру мәселелері қаралды.Қазақстанда алғашқы Кеңестер 1917 жылы наурызда пайда бола бастады. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді.

18. XX ғасыр басындағы мұсылмандық ұйымдар және олардың қызыметі (Шура-и-Ислами,Иттифок-и-муслими) ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды.Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен жергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды.Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде тарихи дамуының негізгі ерекшелігі, оның жергілікті халқының түркі тілдес халықтардан құралуы еді. Мұсылмандар ынтымақтастығы идеясы мен олардың санасындағы ұлт—азаттық қозғалыстағы " дін бірлігі" түрік халықтарының бір туғандығы туралы, олардың тарихи тағдырының ортақтығы туралы ұғымдар тығыз байланысты болып табылады. ХХ ғасыр басында панисламизм және пантүркішілдік ұлт—азаттық қозғалыстардың идеясына айналып, тегі мен тағдыры бір түрік халықтарын жақындата түсті. ХХ ғасыр басында түрік халықтарының ұлт—азаттық күресіндегі негізгі бағытын таңдау бірігу негізіне — олардың исламға (исламшылдыққа) немесе олардың түрік қауымдастығына (түрікшілдікке) бет бұруымен тікелей байланысты болды. Пантүркішілдік, панисламизм Ресейде ХІХ ғ. 80—шы жылдарында татар интеллигенциясының мәдени—либералдық қозғалысы ретінде өмірге келді. Оның теориясының қалыптасуы мен таратылуы қырым—татар ағартушыларының қоғамдық және ғылыми қызметтерімен тығыз байланысты. Пантүркішілдіктен шыққан " жадидшілік" екі идеяның — ағартушылық пен діннің бірігуін білдіреді. Жадидшілдіктің негізін салған Исмаил Гаспаринский (1851–1914). 1883 жылы Ресейдегі мұсылмандар " тіл, идея, әрекет жағында да бірігу керек" деп атап көрсетті. Оның ізбасары Жүсіп Ақшора түркi тілінде сөйлейтін ұлттар бірігіп, бірлікке келген " ұлт одағы" болып құрылуы керек дегенді ортаға салды. 1917 жылы қазан төңкерісінен кейін түркiшiлдiктi жақтаушылар Ресейде қуғынға ұшырап, көпшілігі Түркияға кетті. Сөйтіп, бұл идея түрік зиялыларының қолына өтіп, жаңа Түркияны қайта гүлдендірудің рухани тірегіне айналды. Қазақстанға панисламизм мен пантүркішілдік идеясы ХІХ ғ. соңында келді. Бұл идеяның жақтастары дін басылар, буржуазия және интеллигенция өкілдері болды. Қазақстандағы жадидшілер жаңа әдісті мектептер ашып, онда жаратылыстану, тіл, әдебиет сияқты зайырлы пәндер басым жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырды. Ресейдегі панисламизм қозғалысының жақтастары жалпыресейлік мұсылман съездерін ұйымдастырып өткізіп отырды. Оған қазақтардан да депутаттар қатысты: І мұсылман съезі — 1905 ж., ІІ мұсылман съезі — 1906 ж., ІІІ мұсылман съезі — 1907 ж. өтті. 1905 жылы «Бүкілресейлік мұсылман одағы» (Иттифак муслимин) құрылып, оған қазақ дін басылары да мүшелікке кірді. Ақпан революциясынан кейін 1917 жылы осы идеялар негізінде біраз саяси партиялар сахнаға шықты. Мысалы; "Шура—ислами«(Ислам кеңесі), «Шура—улема» (Діни қауым кеңесі). ХХ ғ. басында әлемнің күшті империялардың түркі халықтарының бірігуінен немесе ислам дініндегілердің бір ұранның астына жиналуынан алаңдағаны сонша, ендігі жерде бұл идеялар мүлдем жат атаулар қатарына қосылды. Сол үшін де түрікшілдікті " пантүркизм" , исламшылдықты " панисламизм" деп атады. Халықтың ауыр жағдайын шешу үшін өлкеде бірнеше съездер өткен болатын. 1917 жылғы мамыр айында өткен Ташкенттен өткен эсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезд іс жүзінде Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халқына ұлттық автономия беруге қарсы шықты. Осыған мазмұндас сәуір айында Омбы қаласында өткен Батыс Сібір эсерлерінің конференциясында да қабылданды. Сонымен қатар қазақ өлкесінде діни сипаттағы партиялар құрылды. 1917 жылғы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде, кейін сол жылдың 17–20 қыркүйегінде өткен Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінен кейін Иттифок—муслимин (мұсылмандар одағы) партиясының құрылғанын жариялады. Бұл парттия тұңғыш мұсылман партиясы Түркістан федералистердің партиясы болды. Сол сияқты 1917 жылы 14 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде Шура—ислами ұйымы құрылды.ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ өлкесінде Кадет, Эсер, Алаш, Үш жүз, Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок, Ерік саяси партиялар құрылған еді. Кадет, Эсер партиялары ұлттық мәселелерді көтерген жоқ, ұлттық идеяларға қарсы болған, тек билік жолына ұмтылған, жалпы халықтық мәселелерді жамылып алған, қазақ өлкесінде үлкен нәтижелерге жете алмаған көз бояушы партия қатарына жатқызуға болады. Ұлттық мүддені көтере білген қалған партиялардың ішінде Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок негізгі басым бағыты діни ұстанымдарға, соның нәтижесінде мұсылмандық, діни мүддені көтеруге кетіп қалған партиялар. Ұлттық мүддені көтерген Алаш, Үш жүз партиясы болды. Бірақ, Үш жүз партиясы ұлттық мүддені көтерсе де, билік жолындағы талас—тартыста бұзылып, күштері басым жаққа ауысқан партия деуге болады. Ал Алаш сол кезде нағыз ұлт мәселесін көтеріп, ұлт алдында адал қызмет атқарған партия болды. Сонымен, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында түрлі саяси ағымдар, көзқарастар өрістеді. Түркішілдік, исламшылдық, ұлттық—демократиялық, социал—демократиялық қозғалыстар қалыптасып, дамыды. Бұл ағымдардың саяси өзегін интеллигенция өкілдері, соның ішінде ұлттық интеллигенция өкілдері құрады. Интеллигенция өкілдерінің қоғамдық—саяси қызметінің негізгі түрлері: саяси баспасөзді дамыту, петициялық қозғалыстарды жетілдіру, бүкілқазақ съездерін шақыру, мұсылман съездеріне қатысу, думалық қызметтерге араласу, ең маңыздысы қазақ халқының мүддесін барлық жерде қорғау болды. 19.Алаш партиясы және оның бағдарламасы. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды». «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б. «Алаш» партиясының бағдарламасы:

-Басқару.түрі;

-Автономия;

-Азаматтың негізгі құқықтары;

-Дін ұстану туралы мәселе;

-Соттар.туралы;

-Қорғаныс;

-Салық;


-Жұмысшы.мәселесі;

-Халық.ағарту;



- Жер мәселесі. Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазак жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс.1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазак комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазак елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Ә-Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет