2.Бекірелердің биологиясы, таралуы және тиімді пайдалану жолдары мен қорғау шараларына сипаттама беріңіз. Бекірелер- Қазақстанда бұл отрядтың 7 өкілі бар: қартпа, сүйрік балық, бекіре, сібір бекіресі, шоқыр, мекіре, тасбекіре тіршілік етеді. Бекірелер сүйекті –шеміршекті балықтар, басқа балықтардан сыртқы пішіні және құрлысымен ерекшеленеді. Денесі ұзынша ұршық тәрізді, бес қатар сүйекті өсінділермен жабылған ( бір қатары арқасында, екеуі екі бүйірінде және екеуі құрсағында), осы қатарлардың ортасында ұсақ сүйекті түйіршіктер мен тақтайшалар бар. Басы конус тәрізді созылған және тұмсығы күрек тәрізді. Төменгі жақта тісі жоқ. Бекірелер ұзақ өмір сүретін, кеш жетілетін балықтар, әр түрлі түрінің аталықтары 5- 13-тен 8-18 жаста, ал аналықтары 8- 12-ден 16-21 жаста жынысты жетіледі. Сонымен қатар, дене пішіндері өте үлкенг болады. Мысалы, қортпаның салмағы 1 тоннаға дейін, ұзындығы 4- 4,5 метрге дейін жетеді, 2 тонналық балықты ұстаған жағдайлар да белгілі. Тасбекіре 40 см- ден артық өспейді. Олар уақытының көбін теңізде өткізеді (Каспий және Арал теңіздері) , ал ұрығын шашу үшін өзенге көтеріледі. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін әрқашанда көп ауланған. ХХ ғасырдың аяғында саны азайып кетті, сондықтан бұл кәсіптің уақытын реттеуге тура келді. Қазіргі кезде бекіре балығын ұстау үшін арнайы рұхсат керек, кей түрлері Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді (тасбекіре мен мекіре ) және ұстауға тыйым салынады. Қазақстанда қортпа, бекіре , шоқыр – Каспий теңізі мен Жайықта; Сібір бекіресі- Бұқтырма су қоймасы мен Ертісте ; сүйрік бекіре- Жайық, Ертіс, Тобыл өзендерінде; мекіре- Каспий теңізі мен Жайықта, ертеректк ол Арал теңізінде кездесетін, Қазір Балқаш су қоймасында жерсіндірілген, ал тасбекіре – Сырдария өзені мен оның суармалы каналдарында таралған.
№
Салыстыру белгілері
Фотофилдер
Фотофобтар
Эврифоттылар
Стенофоттылар
1
сипаты
Жарық сүйгіштер немесе гелиофильдер (фотофильдер) -
бүлар бүлтсыз ашық күндерде белсенді тіршілік етеді, жазық далада,
тайыз судың беткі қабатында мекендейді
Көлеңке сүйгіштер немесе гелиофобтар (фотофобтар) —
бұлтты, тұманды күндерде белсенді тіршілік етеді, ну орманның,
бітік шөптің арасында немесе су түбінде тіршілік етеді. (Рһоіоз -
жарық, һеііоз - күн)
Әсіресе аз түрлі жануарлармен қоректенетін, ягни қоректік шеңбері тар (стенофаг) жануарлар жемтіктерін ұстауга жақсы бейімделген. Себебі аз гана түрлі жануарлармен қоректенетіндіктен 93 сол жануардың сезгіштігін, жылдамдығын, қашу, тығылып жасырыну әдістерін толық біледі жэне соған сәйкес аулап ұстау әдістері дамыға
Ал, көп түрлі жануарлармен қоректенетін (эврифаг)
жыртқыштар қорегін аулауға эр түрлі жолмен эр жакты бейімделеді.
Оларды «әмбебап» жыртқыштар деуге болады
2
ерекшеліктері
Жарық жануарлар тіршілігі үшін маңызды рөл атқарады. Әр түрлі жануарлар жарықтың әр түрлі спектр құрамына, интенсивтігіне және оның әсер ету ұзақтығына жауап береді. Сондықтан да ,жануарлардың жарыққа бкейімделуәне байланысты әр түрге бөлеміз: жарық сүйгіш фотофильді, қараңғы сүйгіш фотофобты, эврифотты –жарықтың әсер ету диапазоны кең түрде қабылдайтын жануарлар, стенофотты –жарық күшімен әсеріне көп төзбейтін организмдер.
Жануарлар өзінің көру мүшелері арқылы сыртқы ортада өзінің жауларынан қорғанды,қоректік тамғын іздеп тауып жейді және әр түрлі заттардың сыртқы пішінін,оның түсін,түрін айыра біледі.Мысалы,көптеген омыртқасыз ағзалардың көздері қарапайым тек жарық сезгіш клеткалардан тұрды,олардың барлығы пигмент қоршап тұрады.Заттың бейнесін толық көріп қабылдау үшін көру оргнының құрылысы күрделі болуы қажет.Мысалы,өрмекшілер 1см қашықтықтағы қозғалып бара жатқан заттың тек контурын ғана ажырыта алады. Омыртқалы жануарлардың көру мүшелері жақсы дамыған.Жарық күшінің мезгілдік өзгеруі жануарлардың географиялық таралуына көп әсерін тигізеді.Мысалы,көптеген құстар мен сүтқоректілер полярлық ұзақ күндерде жоғарғы белдеулерде тіршілік етеді,ал күз болғаннан бастап,күн қысқара бастысымен олар оңтустікке ауысады.
Көртышқандар жәндік жеушілердің отрядына, соқырлар, цокорлар кемірушілердің отрядына, қалталы көртышқан көп тістілер отрядына жатады. Бұлардың бәрі де жер астында тіршілік етуге бейімделген, өмір бойы жер қыртысының астыңғы қабатында мекендейтін организмдер. Сүтқоректілердің бұл түрлері жердің әр түрлі бөліктеріне тараған, мысалы көртышқандар, цокорлар, соқырлар Евразияда, көртышқандар Солтүстік Америкада, қалталы көртышқандар Австралияда тараған. Бұлар жер астында тіршілік етуге маманданғанымен де, олар жеке топ құра алмайды, өйткені сүтқоректілердің ішінде де жер бетінде тіршілік етуге көшкендерін табуға болады. Мысалы, саршұнақтардың іні — тұратын мекені ғана, ал қоректік затын жер бетінен табады. Көптеген тышқандар, дала тышқандары жерден күрделі ін қазып, бірсыпыра қорегін сол жерден алады. Қыстақ маңында мекендейтін кішкентай сұр тышқан (Місrоtus sосіаlіs) тереңдігі 10—20 см және әрбір 10 м² жерде 40-қа жететін ауызы бар иректелген күрделі індер қазып, соған азығын жинап тұрақты түрде мекендейді. Орта Азияның оңтүстігінде тараған жалпақ тісті егеуқұйрықтар (Nesokia indica) тіршілігінің көпшілігін жер астында өткізеді және олар өсімдіктің тамырларымен қоректенеді. Жалпақ тістілер кейде түрлі кезеңде жер бетіне шығып, тамақтық зат іздейді. Жоғарыда келтірілген түрлердің барлығының да інінде сыртқа ашылатын тұрақты аузы болады. Жер астында тіршілік етуге толық көшкен — көртышқандар цокорлар және соқырлар болып есептеледі. Олар күндіз ешқашанда жер бетіне шықпайды. Іні тұрақты мекені емес, жер астымен жүріп өткенде қалған ізі сияқты. Көртышқан бос топырақты жерді қазбай, оныӊ ішінде топырақты жан-жаққа ысырып, жүзіп бара жатқан сияқты болады. Сондықтан жер астын мекендейтін аңдар індерінің біраз ғана бөлігін (0,01%) мекен етіп, дем алады және балалайды. Нағыз жер астын мекендейтін жануарлардың құрылысында — ерекше белгілері болады. Денесі жұмыр, мойын айқын бөлінбеген. Аяғы қысқа, бірақ күшті. Түгі барқыт сияқты қысқа болады. Көздері кішкентай, кейде соқырлардікі тері қатпарлармен жабылып, құлақ қалқаны болмайды. Кейбіреулерінің құйрығының жұрнағы ғана болады. Осындай ерекшеліктердің барлығы олардың жер астындағы інінде де жүруге бейімделушілігі болып саналады. Әр түрлі жануарлардың жерді қазып, ін жасау тәсілдері түрліше болады, мысалы, көртышқандар — өзініӊ қалақша тәрізді алдыңғы аяқтарының мықты тырнағымен топырақты қазып босаған топырақты жан-жақка және артқа қарай ысырып отырады. Вертикаль індерде топырақты денесінің алдыңғы жағымен итеріп шығарады. Цокорларда алдыңғы аяқтарының табандарымен қазады. Соқырлардың алдыңғы аяқтарының табандары мен тырнақтары нашар жетілген, сондықтан олар жерді өте жақсы жетілген күрек тістерімен қазады. Босаған топырақты көртышқандар мен цокорлар сияқты иығымен сыртқа ысырып шығарады.