Билет-10
1.Қазақстанның шөлдала аймақтарда өсетін өсімдік түрлерін сипаттаңыз
Қазақстан шөлдерінде аты айтып тұрғандай ыстыққа, құрғақшылыққа өте төзімді өсімдіктер өседі. Солардың кейбіреуімен таныстырамыз.
Ақ сексеуілдің ұшар басы ақшылдау болып келеді. Сексеуілдің ағашы өте мықты әрі ауыр болғандықтан, суға батып кетеді. Бұл таскөмір беретіндей жылу бөле алатын бағалы отын. Тамырының ұзындығы 10 метрден асып жығылатын сексеуілдің жер бетіндегі діңі бес метрден асады. Оның ұзын әрі кеңінен тармақталған тамырлары сусымалы құмды торлап алып, оның қозғалысын тежейді. Осы себепті сексеуіл құмды тоқтатуға таптырмайтын өсімдік болып табылады. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді.
Өзіне тән өте күшті иісі бар көпжылдық өсімдік ақшыл сары немесе ақшыл түсті гүл атады. Оның түтіні адамды тыныштандырады, денені босаңсытып, дезинфекциялайды. Мөлшеріне қарай адыраспан емдеп, уландыра алады. Уы сабы мен гүлінде. Өсімдік талай рет адам баласын обадан, жұқпалы аурулардан сақтап қалған. Мың жыл бұрын Ибн Сина өзінің Ережелерінде адыраспанның масайтатын қасиеті бар екенін жазған. Адыраспанның есірткіге тәуелділікке қарсы тұра алатын қабілеті бар. Сондықтан бұл өсімдік алкоголь мен никотинге тәуелділіктен емдеу үшін қолданылады. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышымасын емдейді. Тіс ауырғанда, ұмытшақтыққа шалдыққанда, тері бөрткенде т.б. аурулардан емдеу үшін адыраспанды пайдаланған.
Қисық қанатты шырыш Қарақұм, Қызылқұм, Балқаш маңы және Іле маңы шөлдерінде ылғалды, тығыздалған, кейде сусымалы құмда өседі. Құмды шөлде орналасқан қалаларды көгалдандыруға ыңғайлы. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Түрін қараңызшы?! Өте әдемі емес пе? "Шөл даланың ханшайымы" деп атауға болатындай.
Баттауықтың көпжылдық бұтасының өркендері сәуірдің ортасында немесе аяғында өсе бастайды. Баттауық Қазақстанда, Түрікменияда, Өзбекстанда, Қырғызстанның кейбір ауданында, Солтүстік Кавказдың шығыс аудандары мен Әзірбайжанда кездеседі. Ол шөл және шөлейт жазықтар мен аласа беткейлерде, тығыз, саздақты немесе құмды жыныстарда өседі. Тауға қарай теңіз деңгейінен 400 метр биіктікке көтерілмейді.
Жусан көп жылдық, кейде бір-екі жыл өсетін шөптесін өсімдік. Қазақстан жерінде 100-ден аса түрі бар. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жусанды мал жейді, тұрмыста дәрілік өсімдік ретінде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |